Polaris PWK 1743C Blue Инструкция по эксплуатации онлайн [26/34] 377158

Polaris PWK 1743C Blue Инструкция по эксплуатации онлайн [26/34] 377158
26
Бірінші рет қайнатып алған суды ішпеңіз, шәйнектің ішін тазарту үшін оның ішіне су
құйып, оны 2 немесе 3 рет су қайнатып алуға, содан кейін сол екі -үш мәрте қайнатып
алған суды төгіп тастауға кеңес беріледі.
Сүзгіні орнату
Шәйнектің қақпағын ашыңыз да, шүмек жағында сүзгінің орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Сүзгінің дұрыс орнатылып, мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Егер сүзгіш орнатылмаған болса, оны шәйнектің шүмегіне қарама қарсы, құралдың
сыртқы бөлігінің шығыңқы жеріне кіргізіп, оның жоғарғы жиегінен ұстанқырап, төменгі
бөлігімен орнатыңыз, содан кейін оның жоғарғы дөңес бөлігін орнатылатын орынға
мықтап, сарт еткізіп, яғни сырт еткен дыбыс естілмейінше бекіту үшін сүзгіні басыңыз.
Құралдың қақпағын жабыңыз.
Сүзгі әрдайым бекітулі қалпында болуы қажет әрі шүмекке қарама-қарсы орнатылуы
тиіс. Сізге бұл жағдайды қадағалап отыру қажет.
6. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
1. Шәйнекке су толтыру
Шәйнекке су толтырмас бұрын, оны түпқоярдан алыңыз.
Салқын суды шәйнекке шүмек арқылы немесе шәйнектің аузы арқылы құйыңыз, судың
деңгейі max 1.7L. белгісінен асыра және min 0,5L. белгісінен төмен болмау қажет.
2. Шәйнекті іске қосу
Шәйнекті оның электрмен қоректендіретін түпқоярына орнатыңыз.
Қоректендіру түпқоярының электр жалғауына және электр қосылысына судың тамып
кетпеуін әрдайым қадағалаңыз.
Құралдың желілік сымның ашасын розеткаға жалғастырып қосыңыз.
Шәйнектің ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ ауыстырып-қосатын тетіктің басу клавишасының
көмегімен, яғни тетіктің пернесіне басып, шәйнекті іске қосыңыз. Содан кейін тетіктің
(клавиш) пернесіндегі индекаторлық шамы жанады.
Суды қайнату үдерісі басталады.
Назар аударыңыз!
Суы жоқ шәйнекті іске қосуға мүлдем болмайды.
Егер Сіз кездейсоқ түрде суы жоқ шәйнекті байқамай қосқан жағдайда, оның күйіп
кетуден сақтандыру жүйесі іске қосылады: сонымен шәйнектің қызу үдерісі тоқтатылады,
содан кейін құралдың ішінен жарықтандыратын ішкі көмескі жарығы сөнеді, сонымен
ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ ауыстырып қосатын тетігі СӨНДІРУ (жоғары қарай) қалпына
ауысып орнатылады. Шәйнекті одан әрі пайдалану үшін, оны түпқоярдан алыңыз, содан
кейін оны суық сумен толтырмас бұрын, 30 минут бойы, ол суығанша күте тұрыңыз,
содан кейін оны суық сумен толтырыңыз.
Шәйнекті желіге жалғастырмас бұрын, алдымен сіздің электр желідегі
қолданылатын кернеудің электрлік параметрлері бұйымдағы (шәйнектің және
тұпқоярдың түбі жағында орналасқан) арнайы техникалық тақтайшада
көрсетілген электр параметрлеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
1
1

Похожие устройства

Скачать