Polaris Megapolis Collection PHC 0914 Инструкция по эксплуатации онлайн [22/30] 377264

22
Әр жолы құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік
сымның ақауы болса, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Құрал мен желілік сым ыстық ауаның тікелей күн көзіне және ылғалға
ұшырамайтындай етіп, сақталуы керек.
Жұмыс істеп тұрған құралды бақылаусыз қалдырмаңыз! Егер Сіз құралды
пайдалануды жалғастырмасаңыз, онда оны әрдайым сөндіріп қойыңыз.
Аталмыш құрал, құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін
тұлғаның нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке
алмағанда, білімі мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық,
физикалық ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына
арналмаған. Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап
отырыңыз.
Назар аударыңыз! Құралды ванна, шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа
ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа салуға мүлдем болмайды. Ылғал қолмен
құралды ұстауға болмайды. Құрал дымқылданса, бірден желіден ажыратыңыз.
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз. Және бұл кезде
қолды суға малуға болмайды. Құралды екінші мәрте пайдаланудың алдында оны
білікті маман тексеріп шығуы керек.
Құралды ванна бөлмесінде пайдалану барысында қолданып болғасын құралды бірден
желіден ажыратыңыз, өйткені, судың жақын болуы құрал сөніп тұрса да, қауіп
төндіреді.
Қосымша қорғаныс үшін ванна бөлмесінің электрмен қоректендіру тізбегіне 30 Ам
аспайтын номиналды қосылу тоғы бар қорғанысты сөндіру құрылғысын (ҚСҚ) орнату
қажет. Кеңесті білікті маманнан алыңыз
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың
желіде қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Қоректендірудің стандартты емес көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға
болмайды.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету
құқығынан айырады.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның сөніп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды сүйiр бұрыштарға
соғылуынан сақтаңыз. Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып
қалса әрдайым желіден ажыратыңыз.
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан
ұстап желіден ажыратуға тиым салынады. Құралды желіден ажыратқанда штепсельді
ашадан ұстаңыз.
Жинағына кірмейтін қосымша аксессуарларды пайдалану Сізді кепілдікті қызмет
көрсету құқығынан айырады.
Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра
орауға болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.
Қашанда сақтау үшін сымды жақсылап тарқатыңыз.
Сымды тек қана білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана
ауыстыра алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны
қауiп-қатерге ұшыратуы мүмкін.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының
білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылады.

Похожие устройства

Скачать