Polaris PEA 1237A Инструкция по эксплуатации онлайн [15/35] 378552

Polaris PEA 1237A Инструкция по эксплуатации онлайн [15/35] 378552
15
5. ҚҰРАЛДЫ ІСКЕ ҚОСПАС БҰРЫН ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
1. Құралдың орама қорабын ашыңыз және құралдың барлық жинақталатын құрастырма
бірліктерінің ақаулы еместігіне көз жеткізіңіз.
2. Құралмен бірге жеткізілетін, яғни құралдың жиынтығына кіретін бөлшектерін және
оның керек-жарактарының бар екендігіне көз жеткізіңіз (осы нұсқалықтың «Құралдың
жиынтығы» 4 тарауын қарап шығыңыз).
3. Алғаш рет пайдаланар алдында, құралдың тағамдық өнімдермен жанасатын барлық
бөлшектерін жылы сумен жақсылап жуыңыз.
6. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
1. Шырынсыққыштың барлық бөлшектерін құрастырыңыз:
Құрылғының ішкі корпусына (9), үккіш-сүзгіштен шырын ағатын, шырын жинауға
арналған жұмыстық сыйымдылығын (5) орналастырыңыз.
Шырын жинауға арналған жұмыстық сыйымдылықтың (5) үстіне үккіш-сүзгішті (4)
орнатып, бекітіңіз.
Құрылғының сыртқы бетін мөлдір қақпақпен (3) жабыңыз, қақпақты қапсырма-
бекіткіштердің (8) көмегімен бекітіңіз, итергішті (1) көкөніс-жемістерді қабылайтын
саңылаудың ішіне орнатыңыз.
Сығындыларды жинауға арналған контейнерді (7), құрылғының сол жағында
орналасқан, саңылаудың астына орнатыңыз. Шырын жинауға арналған резервуарын
(6), құрылғының оң жағында орналасқан, саңылаудың астына орнатыңыз.
Ескертпе! Егер құралдың қандай да бір бөлшегі дұрыс орнатылмаса немесе жақсылап
бекітілмеген болса, құралдың қауіпсіздік жүйесі шырынсыққышты іске қосуға мүмкіндік
бермейді, бірақ, сонда да, осы нұсқаулық бойынша қарастырылған қауіпсіздік сақтау жөніндегі
ережелерінің талаптары сақталуға тиіс.
2. Шырынсыққыш құрылғыны тегіс, берік, таза қабатқа орналастырыңыз.
3. Шырын сығып алуға арналған өсімдік текті тағамдық өнімдерді дайындаңыз.
Жеміс-жидектерді және көкөністерді жақсылап жуыңыз.

Похожие устройства

Скачать