Polaris PEA 1237A Инструкция по эксплуатации онлайн [18/35] 378552

Polaris PEA 1237A Инструкция по эксплуатации онлайн [18/35] 378552
18
қайта тазалап тұрыңыз. Сұйық заттарды айналдыра өткізіп шығаратын түтіктің ішінде
жұмсақтың тұрып қалмауын, яғни түтіктің бітеліп қалмауын қадағалаңыз!
Шырынсыққыштың жұмыс істейтін аймақтарын күнжараның жұмсақ қалдықтарынан
ұқыпты тазартылмаған болса, онда бұл құралдың бұзылуына әкеліп соғады!
Ескертпе: Шырын сығу барысындағы шырынның бөліну мөлшері олардың түрі мен
қаншалықты балғын екендігіне байланысты. Шырын сығып алу үшін жеуге жарамды,
яғни тағамға пайдалануға жарамды өнімдерді ғана қолданыңыз; киви шырынын
әзірлеуден бұрын, жемісті аршып, тазартып алу қажет.
Тек қана балғын көкөністер мен жемістерді пайдалануға кеңес беріледі.
Қабығы жұқа көкөністер мен жемістерді тазартудың қажеті жоқ. Тек қалың қабығы бар
өнімдерді ғана аршу керек, мысалы, ананастың немесе шикі қызылшаның қабықтарын.
Алма шырынын әзірлеген кезде, оның қоюлығы мен қанықтылығы алманың сұрыпына
байланысты екенін ескеріңіз. Алманың шырындылығы неғұрлым көп болса, соғұрлым
шырын сұйық және оның түсі мөлдір болып шығады. Сондықтан, шырынды Өзіңіз
ұнататын алма сұрыпынан әзірлеңіз.
Алма шырынының тез қарайып, түсі өзгеріп қоңырқай бастайды, бұл оның құрамында
болатын заттарға байланысты, бірнеше тамшысы осы үрдісті біраз тежейтін лимон
шырынын қолдануға кеңес береміз.
Шырынды әзірленгеннен кейін бірден ішуге кеңес береміз, өйткені, сақтау кезінде
немесе ауамен жанасқанда ол өзінің дәмділік қасиеттерін және тағамдық құндлығын
жоғалтады.
Шырынның максималды мөлшерін алу үшін, итергішке сәл баяу басынқырау қажет.
Шырынсыққыш қант құрағы сияқты қатаң, талшықты өсімдіктерді өңдеуге арналмаған.
7. ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Құралды тазарту тек қана қолданып болғаннан кейін ғана емес, сонымен қатар,
шырынсыққышпен жеміс-жидектерді өңдеу процесі кезінде мезгіл сайын тазартып тұру қажет.
Құрылғының үстінгі алынбалы корпусын және шырын жинап алуға арналған сыйымдылықты
күнжараның қалдық жұмсақтарынан қайта-қайта тазартып тұру қажет, сонымен қатар шырын
жинауға арналған резервуарына шырынды айналдыра өткізіп шығаратын түтіктің бітеліп
қалмауын қадағалаңыз, түтік арқылы шығатын шырын еркін шығуы керек, бұл үдерісті
қадағалап тұрыңыз. Тазарту үдерісін жеңілдету үшін және де, шырынсыққыштың
бөлшектерінің қарайып қалмас үшін, яғни олардың тотықтандыру реакциясының болуына жол
бермеу үшін, құралды жұмыс аяқталған соң бірден тазартып, жуу қажет.
Құрылғыны бөлшектемес бұрын, оны сөндіріп, электр желісінен ажыратыңыз және
құралдың электр қозғалтқышы толықтай тоқтағанша күте тұрыңыз.
1. Шырынсыққышты тазартпас бұрын, оны әрдайым ток көзінен ажыратыңыз.
2. Шырынсыққыштың барлық алынбалы бөлшектерін келесі тәртіпте бөлшектеп алыңыз:
Сығындыларды жинап алуға арналған контейнерді ажыратып, шешіп алыңыз;
Итергішті шығарып алыңыз;
Қпсырма- бекіткішті ашыңыз;
Құрылғының қақпағын шешіп алыңыз.
3. Шырын жинап алуға арналған жұмыстық сыйымдылықты сүзгі-үккішпен бірге
шығарып алыңыз.
4. Бұл бөлшектерді жұмсақ ысқышпен жылу ағын судың астында, ыдыс жууға арналған
құралдарды пайдалана отырып, тазартыңыз, содан кейін салқын ағын судың астында
жуып, шайыңыз. Сүзгі-үккішті тазарту үшін тіс щетканы немесе қыл жаққыш тәрізді
қылшақты қолдануға ынғайлы болады.

Похожие устройства

Скачать