Era СННТ-5000-Ц Руководство по эксплуатации онлайн [9/16] 435788

Era СННТ-5000-Ц Руководство по эксплуатации онлайн [9/16] 435788
ажырату және/немесе термоажыратқы функциясы бар ажыратқыштың арқасында тұрақтандырғыш өшеді.
Артық жүктемені болдырмаған жөн, өйткені қорғаудың жиі іске қосылуы қорғау элементтерінің ресурсын
төмендетеді, мұның өзі тұрақтандырғыштың істен шығуына әкеледі.
Кіріс кернеуі рұқсат етілген максимумнан жоғары болған жағдайда, тұрақтандырғышты желіден ажырату
керек. Кері жағдайда пайдаланушы ықтимал салдарлар үшін жауапкершілікті өзіне алады.
Тұрақтандырғыш жұмыс істеп тұрған кезде кіріс кернеуі ауытқығанда, сырт еткен шу пайда болуы мүмкін.
Бұл қалыпты құбылыс.
5. Тасымалдау, сақтау және кәдеге жарату
Тұрақтандырғышты тасымалдау және сақтау механикалық зақымдар мен атмосфералық жауын-
шашындардан сақтау шараларын сақтай отырып, зауыттық қаптамасында жүргізіледі. Тұрақтандырғышты
ашық аспан астында немесе ылғалдылығы жоғары бөлмелерде сақтауға тыйым салынады.
Тұрақтандырғыш қызмет атқару мерзімі аяқталған соң, адамдардың өміріне, денсаулығына және
қоршаған ортаға қауіп төндірмейді. Тұрақтандырғышты кәдеге жарату өткізу аумағының заңнамасына
сәйкес жүргізіледі.
6. Бұйым туралы мәліметтер.
7.Кепілдік міндеттемелер
Тұрақтандырғышты пайдаланудың кепілді мерзімі сатылған күнінен бастап 12 ай. Кепілдік талонында
сатылған күні мен дүкеннің мөртаңбасы, сондай-ақ сатып алуды растайтын құжаттар (тауарлық
немесе тауарлық-кассалық чек немесе тауарлық жүкқұжат) жоқ болған жағдайда, кепілдік мерзімі
тұрақтандырғыштың шығарылған айының бірінші күнінен бастап есептеледі (өндірілген жылы мен
айы бұйымдағы сериялық нөмірі бойынша анықталады, өндірілген күні айдың бірінші күнінен бастап
анықталады). Тұрақтандырғыштың қызмет атқаруының жылпы мерзімі осы нұсқаулықта анықталған
пайдалану шарттары сақталған жағдайда, 7 жылды құрайды. Кепілді пайдалану мерзімі ішінде
тұрақтандырғышты пайдалану, сақтау және тасымалдау шарттары сақталған жағдайда, сатып алушы тегін
жөндетуге құқылы. Кепілді жөндеу толтырылған кепілдік талонының, бұйымда зақымдалмаған пломбаның
және сатып алуды растайтын құжаттардың болған жағдайында жүзеге асырылады. Сатып алушы
кепілдік талонының дұрыс толтырылуын қадағалауы тиіс (аспаптың моделі, сериялық нөмірі, сатылған
күні (тауарлық немесе тауарлық-кассалық чекпен немесе тауарлық жүкқұжатпен расталуы тиіс), сіздің
жеке қолтаңбаңыз, саудаласушы ұйымның мөртаңбасы көрсетілуі тиіс). НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші
денсаулық пен меншікке келтірілген залал осы нұсқаулықта көзделген орнату және пайдалану нормаларын
сақтамаудан туындаса, ол үшін жауап бермейді.
Кепілді жөндеу келесі жағдайларда жүргізілмейді:
- осы нұсқауықта белгіленген сақтау, тасымалдау, орнату және пайдалану ережелерін сақтамау;
- кепілдік талонының бұзылуы;
- кепілдік тлонының болмауы немесе ішінара толтырылуы;
- сатып алуды растайтын құжаттың болмауы: тауарлық немесе тауарлық-кассалық чек немесе тауарлық жүкқұжат ;
- механикалық зақымдардың, химиялық белсенді заттардың болуы және ішіне бөгде заттардың,
сұйықтықтардың, ылғалдың және т.б. түсуі;
- егер бұйымды дайындаушы сертификаттамаған адамдар немесе ұйымдар ашқан немесе жөндеген болса;
- еңсерілмейтін күштің мән-жайларынан туындаған залал (стихия, өрт, найзағау, жазатайым жағайлар және т.б.);
- тұрақтандырғышты тағайындалуы бойынша пайдаланбау: осы нұсқаулықта көрсетілгеннен ерекшеленетін
желіге қосу, тұрақтандырғыштың осы нұсқаулықта көрсетілген параметрлеріне сәйкес келмейтін
жүктемелерді қосу.
Бұйымның атауы:
АВТОМАТТЫ БІР ФАЗАЛЫҚ КЕРНЕУ ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШЫ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ «ЭРА»: СНПТ-500-Ц(РЦ),
СНПТ-1000-Ц(РЦ), СНПТ-1500-Ц(РЦ), СНПТ-2000-Ц(РЦ), СНПТ-3000-
Ц(РЦ), СНПТ-5000-Ц(РЦ), СНПТ-8000-Ц(РЦ), СНПТ-10000-Ц(РЦ),
СННТ-500-Ц(РЦ), СННТ-1000-Ц(РЦ), СННТ-1500-Ц(РЦ), СННТ-2000-
Ц(РЦ), СННТ-3000-Ц(РЦ), СННТ-5000-Ц(РЦ), СННТ-8000-Ц(РЦ), СННТ-
10000-Ц(РЦ)
Дайындаушы ел КНР
Дайындаушының атауы АТЛ Бизнес (Шэньчжэнь) ко., ЛТД
Дайындаушымен
хабарласуға арналған
ақпарат
atl_company@163.com
Дайындаушының мекенжайы
КНР, 518054, Шэньчжэнь, Наньшань Дистрикт, Чуанъе стрит, Нос
БаоличэнБилдинг, рум 901
Импорттаушы
Импорттаушы туралы ақпарат жеке қаптамасында орналасқан
заттаңбада көрсетілген.
Тұтынушылармен жұмыс
істеу қызметі
121467, Ресей, Мәскеу қ., а/ж 43.
Нормативтік құжаттарға
сәйкестігі
Тұрақтандырғыш КО ТР 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі
туралы», КО ТР 020/2011 “Техникалық құралдардың электрмагниттік
үйлесімділігі” талаптарына сәйкес келеді
Дайындалған күні Сериялық нөмірдің алғашқы төрт саны
KZ

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Неисправность L
4 года назад