Polaris PMG 1861 Magic Time Инструкция по эксплуатации онлайн [22/28] 451056

Polaris PMG 1861 Magic Time Инструкция по эксплуатации онлайн [22/28] 451056
22
1. Еттартқышты құрастырыңыз.
Жұмыс бөлімінің батырма-бекіткішіне (8) баса және еттартқыштың корпусын (10) ұстай
алынбалы жұмыс бөлімін (3) корпустағы (9) саңылауға кіргізіңіз.
Сыртыл дыбысы естілгенше жұмыс блогын сол жаққа, сағат тіліне қарсы бағытта бұру
арқылы оны бекітіңіз.
Бұранданы (4) алынбалы жұмыс блогына (3) орнатыңыз және ол орнына келмейінше оны
бұраңыз. Егер бұранда дұрыс орнатылмаса, ол бұралмайды.
Бұрандаға (4) сыртқа қарай кесуші жиегі бар крест пішінді пышақты (6) кигізіңіз, әйтпесе
еттартқыш жұмыс жасамайды.
Пышақтан (6) соң бұрандаға (4) қажетті өлшемді (5) торды кигізу қажет. Камерадағы
шығыңқы жерлер тордағы саңылауларға сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Айналмалы сомынды (7) орнатыңыз және бұраңыз, қатты тартудың қажеті жоқ.
Алынбалы жұмыс блогының өнімдерді жүктеуге арналған ауызға (2) алынбалы ыдысты (3)
орнатыңыз және бекітіңіз.
Еттартқышты тегіс, берік, таза қабатқа орналастырыңыз.
2. Кесуді қажет ететін етті дайындаңыз. Етті сүйектен, сіңірден, қатты шеміршектен
тазартыңыз. Еттің жұмыс блогының аузына (3) оңай түрде өтуі үшін оны кішкене
бөліктерге (шамамен 2х2 см) кесіңіз.
Назар аударыңыз!
Мұздатылған етті толығымен мұздан еріту қажет.
3. Ет бөліктерін ыдысқа (2) салыңыз.
4. Еттартқыштың астына тартылған етке арналған ыдысты қойыңыз.
5. Еттартқышты электр желісіне қосыңыз және «Іске қосу/Сөнд/Реверс» ауыстырғышын (11)
ON қалпына ауыстыру арқылы құралды іске қосыңыз.
6. Етті бірте-бірте итеру арқылы етті еттартқыштан өткізіңіз. Кейбір тағамдарды әзірлеу үшін
етті бірнеше рет тарту қажет.
7. Етті итеру үшін тек итеру құрылғысын (1) пайдаланыңыз.
Назар аударыңыз!
Етті қолмен немесе өзге де заттармен итеруге тыйым салынады.
8. Жанжабіл және қатты талшығы бар өзге де өнімдерді құралдан өткізуге болмайды. Бұл
өнімдер еттартқыштың ішінде ұнтақталмайды. Кепкен жемістер мен тамыр сабақтарын
алдын алу суға жібіту қажет.
Жұмыс барысында құралдың корпусындағы ауа тазартқыш саңылауларын
жаппаңыз және құралды жұмсақ қабатқа орналастыруға тыйым салынады,
бұл мотордың қызып кетуіне алып келуі мүмкін.
9. Құрал жұмыс жасауды тоқтатқаннан кейін оны сөндіріңіз, ол үшін «Іске
қосу/Сөнд/Реверс» ауыстырғышын (11) «O» қалпына ауыстыру қажет, содан соң құралды
электр желісінен ажыратыңыз.
Назар аударыңыз!
Құралдың үздіксіз жұмыс жасау уақыты 3 минуттан аспауы қажет. Әрбір 3 минуттан кейін
электр қозғалтқышының сууы үшін 10 минут үзіліс жасау қажет.
Назар аударыңыз!
Егер еттартқыш жұмыс жасамаса, оның желіге дұрыс қосылғандығын тексеріңіз.
Егер еттартқыштың ішінде ет тұрып қалса
1. Егер еттартқыштың жұмысы барысында құралда ет тұрып қалса, оны тездете сөндіріңіз,
құралды электр желісінен ажыратпай кері қайтару функциясын қосыңыз, ол үшін «Іске
қосу/Сөнд/Реверс» ауыстырғышын (11) R («Реверс») қалпына ауыстыру қажет.
Назар аударыңыз!
Скачать