Polaris PUH 0564 TF Инструкция по эксплуатации онлайн [21/24] 451179

Polaris PUH 0564 TF Инструкция по эксплуатации онлайн [21/24] 451179
21
Құралды күту және қызмет көрсету
Қатты су көпіршіктер мен құрал жанындағы және өзге де интерьер заттарында ақ өңездің пайда
болуына әкеледі. Мұндай жағдайды болдырмау үшін:
Қайнатылған және тазартылған суды қолданыңыз.
Әр 1 апта сайын суға арналған сауытты тазалаңыз.
Сауыттағы суды жиі ауыстырыңыз.
Суға арналған сауытты тазалау.
Көпіршіктер пайда болған жағдайда суға арналған сауытты сірке қышқылы қосылған сумен
жуыңыз, жұмсақ сулықпен сүртіңіз.
Автоматты түрде өшу жүйесінің құрылғысында өңез пайда болса, сірке қышқылының бірнеше
тамшысын оған тамызыңыз, қылшақты пайдаланып, құрылғы бетінен өңезді жойыңыз.
Сірке қышқылын пайдаланған соң құрылғыларды таза сумен шайыңыз.
Құралды тазалау барысында абразивті тазартқыш заттарды, химиялық еріткіш, бензин және керосинді
қолдануға болмайды.
Ылғалдатқышты тазалау барысында құралдың ішкі бөлігіне су тигізбеңіз.
Сүзгіні тазалау:
Керамикалық сүзгінің жұмыс ресурсы 1000 л. тең, сол себепте бұл сізгідегі керамикалық
доңғалақшаларын осы жоғарыда көрсетілген судың мөлшерін тұтынып болған соң ғана тазалауға кеңес
беріледі. Бұл керамикалық сүзгінің жұмысын белсендіруге, яғни оның тазарту сапасын жоғарылатуға
мүмкіншілік береді. Керамикалық сүзгіні тазарту үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
1. Сүзгіні суға арналған резервуарынан ажыратып алыңыз.
2. Керамикалық доңғалақшалары бар контейнерін таза 6% асханалық ақ сірке су құйылған ыдысқа
салыңыз да, оны осы күйде 10 минутқа қалдырыңыз.
3. Он минут өткен соң, керамикалық доңғалақшалары бар сүзгіні сірке су құйылған ыдыстан алыңыз
да, бірнеше рет сәл сілкіп жіберіңіз, содан кейін сүзгіні таза судың астында жуып, шайып алыңыз
да, жақсылап құрғатыңыз.
4. Керамикалық доңғалақшалары бар сүзгімен әрі қарай пайдалана беруге болады.
Ауа дымқылдандырғыш құрылғыны ұзақ уақытқа сақтауға жинамас бұрын, оның керамикалық
доңғалақшалары бар сүзгісін жуып тазалаған соң, оны жақсылап құрғатуға үмытпаңыз, оны тек қана
құрғақ күйінде құрылғыға орнатып, сақтауға болады.
Құралды сақтап қою үшін ылғалдатқышты тазартып қойыңыз. Құралдың барлық бөліктері құрғақ
екендігіне көз жеткізіңіз.
Сақтау жөніндегі шарт
Электрлі құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын, салыстырмалы ылғалдығы
70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар материалдарына теріс әсер ететін өзге де
будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда сақталуы тиіс.
Тасымалдау жөніндегі шарт
Электрлі құралдарды нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес
жабық көлік құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды. Құралды тасымалдау барысында
түпнұсқалық зауыттық ораманы пайдаланыңыз.
Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен, агрессивті
ортадан сақтау қажет.

Содержание