Polaris PUH 6080 TFD Инструкция по эксплуатации онлайн [13/23] 451182

Polaris PUH 6080 TFD Инструкция по эксплуатации онлайн [13/23] 451182
13
УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ АУА ЫЛҒАЛДАҒЫШЫ
POLARIS
Моделі PUH 6080 TFD
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
POLARIS сауда белгісімен шығатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Біздің
бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес жасалған.
Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Ауаның ылғалдылығы адам денсаулығын сақтаудың өмірлік маңызды көрсеткіштерінің бірі
болып табылады. Ауада қашанда су буы болады, оның қаншалықты мөлшерде екені қоршаған
ортаның температурасына байланысты. Температура неғұрлым жоғары болса, ауадағы су буы да
соғұрлым жоғары болмақ. Қазіргі кездегі темірбетон және кірпіштен салынған ғимараттарда,
әсіресе қыс кезінде, ылғалдылық тым төмен мөлшерде болады, бұл адам денсаулығына теріс әсерін
тигізеді.
Құралды пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз, онда Сіздің
қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құралды дұрыс пайдалану мен күтуге
қатысты кеңестер берілген.
Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон қорапта
және орама материалымен бірге сақтаңыз.
1. Жалпы мәлімет
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, құралдың үлгісі PUH 6080 TFD POLARIS, ауаны
ылғалдандырып тазарту үшін пайдаланатын ультрадыбыстық ультрадыбыстық ауа
ылғалдандырғышы (бұдан әрі мәтін бойынша құрал, ауаны тазартып ылғалдандыратын аспап)
жөніндегі техникалық ақпаратпен, құрылғымен, құралды сақтау мен пайдалану бойынша
ережелермен танысуға арналған
2. Ауа ылғалдандырғыш құрылғының функциялары және оның функционалдық
мүмкіншіліктері:
1. Құрылғының суға арналған сыйымдылығында (резервуарында/бөшкесінде) су азайып, судың
мөлшері жеткіліксіз болса немесе су таусылып қалған жағайда ауа дымқылдандырғыш
құрылғы автоматты түрде сөнеді. Ауа дымқылдандырғыш құрылғыдағы суға арналған
сыйымдылығының (резервуарының/бөшкесінің) көлемі ауа дымқылдандырғыш құрылғының
ұзақ мерзім бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Егер Сіз құрылғыдағы суға арналған
түпқойма сыйымдылығында судың азайып, біткенін байқамай қалсаңыз, онда ауа
дымқылдандырғыш құрылғы автоматты түрде жұмысын тоқтатып, сөнеді.
2. Бөлмежайдағы орнатылған ауа ылғалдылығының деңгейін автоматты түрде сақтап ұстау
функциясы.
3. Құрылғыда бөлмежайдағы ауаның ағымдағы ылғалдылығының деңгейін көрсететін
индикациясы.
4. Ауа ылғалдандырғыш құрылғы кіріктірілген түнгі шаммен жабдықталған.
5. Таймер» функциясы. Бұл функциясы таймерді 12 сағатқа дейін орнатуға мүмкіндік береді.
6. «Түнгі режим» функциясы. Аталған режимінде түн кезінде ұйқыңыз жайлы болуы үшін
құрылғыдағы көмескі жарығының жарықтандыру шамы сөнеді, сонымен қатар будың түзілу
қарқындылығы, яғни бу жіберудің жылдамдығымен бірге оның түнгі жұмыс барысындағы
шу деңгейі төмендейді.
7. Хош иісті майларды пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.