Polaris PUH 6080 TFD Инструкция по эксплуатации онлайн [18/23] 451182

Polaris PUH 6080 TFD Инструкция по эксплуатации онлайн [18/23] 451182
18
Бу түзілудің қарқындылығын, яғни бу жіберудің жылдамдылығын таңдау үшін басқару
панеліндегі (MAX/MIN) МАКС/МИН белгісі бар батырмасын басыңыз. Құрылғы бу
жіберудің 3 жұмыс жылдамдылығында жұмыс істей алады. Басқару панеліндегі мына
белгісі бар батырмасын қолдана отырып, оны қайта-қайта біртіндеп басу арқылы бу
жіберудің қалаған жылдамдығын таңдаңыз, дисплейде бу жіберудің жылдамдылығына
сәйкес сандық көрсеткіші көрсетіледі:
1 Бу түзілудің төменгі қарқындылығы, яғни бу жіберудің ең төменгі жылдамдылығы;
2 Бу түзілудің орташа қарқындылығы, яғни бу жіберудің орташа жылдамдылығы;
3 Бу түзілудің жоғарғы қарқындылығы, яғни бу жіберудің ең жоғарғы жылдамдылығы;
Ауа ылғалдандырғыш құрылғының басқару панеліндегі (HUMIDITY) ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ
белгісі бар батырмасын баспай тұрып, дисплейде бөлмежайдағы ағымдағы ылғалдылық
деңгейінің көрсеткіші көрініс табады немесе оның басқару пультіндегі дисплей
бөлмежайдағы ағымдағы ылғалдылық деңгейінің мәнін көрсетеді. Басқару панеліндегі
жоғарыда аталған батырмасын қолдана отырып, бөлмежайдағы ауаның салыстырмалы
ылғалдылығын 30% -дан 90% -ға дейінгі диапазонында орнатуға болады. Бұл батырмасын
басқан сайын бөлмежайдағы ылғалдылық деңгейі 5% -ға көтеріледі. Ылғалдылықты
орнатуды тоқтату үшін, 90% ылғалдылық мәніне жетіп, бұл батырмасын қайтадан тағы бір
рет басыңыз. Қажетті ылғалдандыру деңгейінің мәнін таңдап, орнатқаннан кейін 5 секунд
өткен соң, дисплейдің бетінде қайтадан ауаның ағымдағы ылғалдандыру деңгейінің мәні
көрініс табады және бұл ылғалдандыру деңгейінің белгіленген мәні құрылғының
жадысында сақталып қалады. Егер де, бөлмежайдағы ауаның ағымдағы ылғалдандыру
деңгейінің мәні жанадан белгіленген ылғалдандыру мәнінен жоғары болса, құрылғы «ұйқы»
режиміне ауысады. Бірақ, егер де, бөлмежайдағы ауаның ағымдағы ылғалдандыру
деңгейінің мәні жанадан белгіленген ылғалдандыру мәнінен төмен болса, ууа
ылғалдандырғыш құрылғы жұмыс істей бастайды, яғни құрылғының ылғандыру функциясы
іске қосылады.
«Таймер» функциясы құрылғы автоматты түрде сөнгенге дейін қалаған уақытыңызды (1
сағаттан 12 сағатқа дейін 1 сағат қадаммен) орнатуға мүмкіндік береді. Таймерді іске қосу
үшін құрылғыдағы басқару панеліндегі мына (TIMER) белгісі бар батырмасын қайта-
қайта біртіндеп басу арқылы құрылғының автоматты түрде сөнуіне дейінгі қалаған
уақытыңызды 1-ден - 12-ге дейін таңдап, белгілеңіз, осылайша Сіз құрылғының қажетті
жұмыс уақытын орната аласыз. Дисплейдің бетінде құрылғының автоматты түрде сөнуіне
дейін қалған уақыт көрініс табады. Таймер функциясын өшіру үшін, мына --:--” белгісі бар
мәнін таңдап, (бұл басқару панеліндегі 12 сағ мәннен кейін келесі мәні болып табылады)
яғни осы аталған мәнін басу қажет.
Ауа ылғалдандырғыш құрылғы кіріктірілген шаммен жабдықталған. Ауа ылғалдандырғыш
құрылғы іске қосылған кезде, оның шамы автоматты түрде жанады.
Түнгі режимі: ауа ылғалдандырғыш құрылғының түнгі режимін іске қосу үшін, басқару
панеліндегі мына белгісі бар батырмасын ұзақ уақыт бойы басып, ұстап тұрыңыз. Түнгі
режим іске қосылған соң, құрылғының дисплейімен,оның кіріктірілген шамы сөнеді, содан
кейін ауа ылғалдандырғыш құрылғы автоматты түрде бу жіберудің 2-ші (орташа)
жылдамдығына ауысып, жұмыс істей бастайды. Ауа ылғалдандырғыш құрылғының түнгі