Scarlett SL-1558 Инструкция по эксплуатации онлайн [30/34] 53909

Scarlett SL-1558 Инструкция по эксплуатации онлайн [30/34] 53909
IM010
www.scarlett-europe.com SL-1558
31
Диагностикалық таразыны пайдаланған кезде алынған мəндердің нақты медициналық талдау
нəтижелерімен салыстырғанда тек жуықтатылған, дəл емес деректер болып табылатынын есте ұстаған
жөн. Тек маман дəрігер ғана медициналық əдістердің көмегімен (мысалы, компьютерлік томография
арқылы) майлы тіннің, судың, бұлшық ет массасы мен қаңқаның пайыздық құрамын дəл айқындай
алады.
Егер майдың, бұлшық
ет тінінің, сүйек массасының жəне судың пайыздық арақатынасын өлшеген кезде,
барлық құрамдастардың сомасы 100%-дан артық болып шықса, бұл таразының ақаулығы емес. Бұл
құбылысты физиологиялық тұрғыдан түсіндіруге болады. Диагностикалық таразының жұмысы
биоимпеданстық талдауға негізделген, ол бұлшық ет пен сүйек тіндерінің өздерінің де құрамында
болатын май мен судың мөлшерін анықтайды. Сондықтан, алынған нəтижелерді
қоспастан, түрлі
көрсеткіштердің өзгеру динамикасын əр көрсеткіш бойынша бөлек қарастырған дұрыс.
ЖҰМЫСЫ
ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ
Таразының астыңғы панеліндегі батареяларға арналған арнайы бөлімшені ашыңыз да, қорғаныс
таспаны алып шығыңыз. Бөлімшені жабыңыз. Таразы жұмысқа дайын.
Таразы əдіпкі бойынша «килограмм» өлшем бірлігіне бапталған. Таразының артқы қабырғасында
ажыратқыш бар, оның көмегімен Сіз өлшем
бірлігі ретінде «фунт» мəнін таңдай аласыз.
Таразыны қатты жазық беткі қабатқа орнатыңыз. Таразыны жұмсақ кілемдердің үстіне қоймаңыз.
Таразыны іске қосу үшін ON түймешігін басыңыз.
Бейнебетте «0.0 kg» жанғанша бірнеше секунд күтіңіз.
Егер таразының үстіне нөлдер пайда болмай тұрып шықсаңыз, бейнебетте «Err» хабары көрінеді.
Мұндай жағдайда таразыдан түсіп, ол сөнгенше күтіңіз, содан
кейін оны қайтадан іске қосыңыз.
ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ЕНГІЗУ
SET түймешігін басыңыз. Бейнебетте бос жады өрісіпайдаланушының нөмірі, мысалы USER 01
жарықтанады. Таңдауыңызды SET түймешігін басу арқылы растаңыз немесе UP/DOWN түймешіктерін
басу арқылы келесі бос пайдаланушының бос нөмірін, мысалы, USER 02 таңдаңыз. Одан кейінгі
параметрлерге өту үшін SET түймешігін басыңыз.
Одан кейін «ер адам» немесе «əйел» белгішесі
жарықтанады. Таңдауыңызды SET түймешігін басу
арқылы растаңыз немесе UP/DOWN түймешіктерін басу арқылы өз жынысыңызды таңдаңыз. Келесі
параметрлерге өту үшін SET түймешігін басыңыз.
Жасыңыз бен бойыңыздың параметрлерін де осылайша орнатыңыз.
Растау үшін бейнебетте орнатылған барлық параметрлер жарықтанады.
Бейнебетте 0.0 кг мəні жарықтанған кезде, сіз төмендегіні іске асыра аласыз:
Параметрлерді қайтадан енгізу үшін
SET түймешігін басу.
Бос жадының қалған өрістерін толтыру. Барлығы 10 өріс бар – 10 пайдаланушыға
арналған.
Орнатылған параметрлерді өзгерту үшін SET түймешігін басу.
Өлшенуді бастау.
ДИСПЛЕЙДЕГІ КӨРСЕТКІШТЕР
Бейнебеттегі индикатор Мəні
kg (lb)
Салмақ өлшеу бірлігі
USER 01
Пайдаланушы нөмірі
Ер адам
Əйел адам
Age
Жасы
cm
Бойы
Майдың %-ын өлшеу
Судың %-ын өлшеу
Бұлшық ет массасының %-ын өлшеу
Сүйек массасының %-ын өлшеу
%
Пайыздық құрамы
ӨЛШЕНУ
Нəтижелердің дəлдігін қамтамасыз ету үшін таразының үстіне шықпай тұрып аяқкиіміңіз бен
ұйығыңызды шешіңіз.
Таразының үстіне шығыңыз. Ештеңеге сүйенбей, тік тұрыңыз.
Ескерту: өлшенген кезде екі аяқтың, балтырдың, сирақтың жəне санның арасы бір біріне тиіп тұрмауы
керек. Олай болмаған жағдайда өлшеуді тиісті түрде іске асыру мүмкін емес.
Өлшенген
кезде көрсеткіш тұрақтануы үшін қимылсыз тұрыңыз.
САЛМАҚТЫ, МАЙ МАССАСЫН, СУДЫҢ ПАЙЫЗДЫҚ ҚҰРАМЫН АЙҚЫНДАУ
UP/DOWN түймешіктерін басу арқылы өзіңіздің деректеріңіз бар жады өрісін таңдаңыз.