Thermex Galaxy 15 O Инструкция по эксплуатации онлайн [16/28] 526037

Thermex Galaxy 15 O Инструкция по эксплуатации онлайн [16/28] 526037
14
Сужылытқышты алғаш рет қолдану алдында берілген пайдалану
бойынша нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз және «назар ауда-
рыңыз» белгісімен белгіленген тармақтарға ерекше назар ауда-
рыңыз
Құрметті сатып алушы! Сізді «THERMEX» электр сужылытқышын сатып
алуыңызбен құттықтаймыз! Біздің электр сужылытқыштарымыздың мол ассорти-
менті Сіздің кез келген қажеттілігіңізді қанағаттандырады деп сенім білдіреміз.
Аспаптарды жасау кезінде заманауи технологиялар мен жоғары сапалы материал-
дарды қолдану THERMEX сауда маркасына деген сенім мен оның танымалды-
лығын арттырды.
THERMEX электр сужылытқыштары пайдалану сенімділігі мен қауіпсіздігіне
кепілдік беретін отандық және халықаралық стандарттарға қатаң сәйкестікте әзір-
ленген және жасалған.
Берілген нұсқаулық көлемі 15 литр Galaxy сериясының THERMEX үлгілеріне
қолданылады.
Cіз сатып алған сужылытқыштың үлгісінің толық атауы «Дайындаушының
кепілдемесі» бөлімінде («Сату туралы белгі» тармақшасында) және сужылытқы-
штың корпусындағы сәйкестендіру тақташасында көрсетілген.
1. АРНАЛУЫ
Электр сужылытқыш (ары қарай мәтін бойынша - ЭСЖ) қажетті параметр-
лерімен суық сумен жабдықтау магистралі бар тұрмыстық және өнеркәсіп объ-
ектілерін ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған.
ЭСЖ жабық жылытылатын жайларда пайдаланылуы тиіс және үздіксіз ағын
режімінде жұмыс істеуге арналмаған.
2. НЕГІЗГІ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Суық су магистраліндегі ең жоғарғы қысым - 0,7 МПа
Суық су магистраліндегі ең төменгі қысым - 0,05 МПа
Қорек беруші электр желісінің параметрлері
бір фазалы желі, 230 В±10% кернеуімен және 50Гц+1% жиілігімен
Түтікті электр сужылытқыштың қуаты сатылы түрде реттеледі:
1,5 кВт – жылытудың үнемді режімі
2,5 кВт – жылытудың толық режімі («TURBO» режімі)
Суық және ыстық суды қосу келте құбырларының бұрандасының диа-
метрі - G 1/2
Сужылытқыштың қорғаныс класы– ІРX4
ы
KZ

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Электрошнур
2 года назад

Ответы 0

Как собрать электросхему
2 года назад