Polaris PMC 0573AD Инструкция по эксплуатации онлайн [47/66] 536947

47
5. Тостақты алдын-ала сабынды жылы сумен жуыңыз, жуу барысында агрессивті және абразивті жуғыш құралдарын пайдаланбаңыз. Содан кейін оны жақсылап
сүртіп, кептіріңіз.
5. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
5.1. Жұмыс тәртібі
Құралды пайдалануды бастамас бұрын Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, сондағы нұсқауларды басшылыққа алыңыз.
Бөгде иістерді болдырмас үшін, пайдалану алдында мультипісіргіш тостағының ¼ бөлігін сумен толтырып, 30 минут бойы қайнау температуралық режимінде
(«Бумен пісіру») суды қайнатқан жөн. Өңдеу аяқталғаннан кейін құралды желіден ажыратып, құрал сууы үшін қақпағын ашып қойыңыз, тостақтан суды төгіп,
құралды құрғатып сүртіңіз және кебуі үшін оның қақпағын ашық күйінде қалдырыңыз. Қақпақтың тығыздағыш сақинасын өсімдік майына батырылған сулықпен,
содан кейін лимон шырынына батырылған сулықпен екі жағынан сүртіңіз. Назар аударыңыз: тығыздағыш сақина шешіп алынбайды.
1. Батырмаға басып, құралдың қақпағын ашыңыз.
2. Әзірлеуді бастамас бұрын құралдың ішкі және сыртқы бөліктерінің орамадан босағанына және лас еместігіне көз жеткізіңіз. Сонымен қатар ішкі
кастрөл мен қыздыратын қабат арасында бөгде заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
Мультипісіргіш тостағын алып шығыңыз.
Назар аударыңыз: осы модельдің, ішке майысқан жерлері және деформациялары жоқ, тек түпнұсқалық тостақты пайдаланыңыз. Оны басқа
мультипісіргіш тостағымен немесе басқа ыдыспен алмастырмаңыз, ол құралдың жарамсыздығына алып келуі мүмкін.
3. Қажетті азық-түліктерді тостаққа салыңыз, тостақты мультипісіргішке орнатыңыз («Қуыру» бағдарламасын пайдалану барысында бос тостақты
орнатыңыз, ал азық түліктерді жылыту туралы дыбыстық сигналдан кейін және уақытының кері есебі басталғанда салыңыз). Орнатылған температураға
дейін жылыту ұзақ уақытқа созылуы мүмкін (20 минутқа дейін).
4. Тостақтың қыздыратын элементке дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Тостақ қыздыратын қабатта қажетті орынға қондырылғанша, ішкі тостақты
жан жаққа айналдырып бұрап, орнатыңыз.
5. Құралды бірінші рет іске қосқанда түтін шығуы мүмкін, бұл өндірісте қолданылатын май қалдықтарының қызуымен байланысты.
6. Құрал жұмыс істеп тұрғанда реленің жұмысымен байланысты «сыртыл» дыбыс шығуы мүмкін. Мұндай әсердің болуы құралдың қалыпты жұмыс істеуі
болып саналады және істен шыққандығын білдірмейді.
7. Әзірлеу бағдарламасына байланысты құралдың қақпағы ашық немесе жабық күйінде бола алады. Қақпақтың дұрыс орналасуына байланысты кеңестер
әзірлеу бағдарламасының әрбір сипаттамасында келтірілген. Құрал «Қуыру» режимінде жұмыс істегенде мультипісіргішті қақпағын қыздыру кезінде
жабық күйінде, қыздырғаннан кейін ашық күйінді қалдыруға кеңес беріледі, жылу өнделуінің сапасын қадағалап, өнімді қуырған кезде, ол күйіп
кетпес үшін арасында оны араластырып отыру қажет.
8. Мультипісіргішті розеткаға қосыңыз. Жоғарыда аталған нұсқаулар орындалмағанда, құралды розеткаға қосуға болмайды.
9. Әзірлеудің қажетті бағдарламасын таңдап алыңыз, қажет жағдайда температура мен уақытын орнатыңыз.
10. “СТАРТ” батырмаға басыңыз.
5.2. Әзірлеу бағдарламалары
Мультипісіргіштің 0573AD 12 автоматты бағдарламасы және “МЕНІҢ РЕЦЕПТІМ” көп функционалды режимі бар.
Әзірлеу уақыты аяқталғаннан кейін құрал автоматты түрде (ЖЫЛЫТУ) температураны қолдау режиміне ауысады, егер бұл режим бұрыннан жойылмаған болса.
Бұл кезде “ЖЫЛЫТУ” батырмасының жарық индикаторы жанады және дисплейде тағамды әзірлеу уақытының кері санауы басталады.

Содержание