Polaris PTB 0822G Инструкция по эксплуатации онлайн [15/32] 537015

Polaris PTB 0822G Инструкция по эксплуатации онлайн [15/32] 537015
15
2.1. ҚҰРАЛДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
1. Толығымен құрастырылған блендер құрылғысы – 1 дана.
2. Пайдалану бойынша нұсқаулық 1 дана.
3. Кепілдік талоны 1 дана.
4. Құралдың орамасы (полиэтилен пакеті + қорабы) 1 дана.
3. ҚҰРАЛДЫ ІСКЕ ҚОСПАС БҰРЫН ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ
1. Құралдың орамасын ашып, жинақталатын бірліктерінің ақаулы еместігіне көз
жеткізіңіз.
2. Алғаш рет пайдаланар алдында тағаммен жанасатын құралдың барлық бөлшектерін
мұқият жуыңыз.
Назар аударыңыз! Құралдың пышақтарының жүзі өте өткір.
4. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Құралды құрастырмас бұрын оның сөніп тұрғанына және электр желіден
ажыратылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Желілік шнурын толықтай тарқатыңыз.
Құралдың корпусын (6) тұрақты бетке орнатыңыз.
Блендердің құмырасын (3) аударыңыз да, оны түбіне дейін сағат тіліне қарсы бұрай
отырып, алынбалы түпті аяқтарымен (5) орнатыңыз, сосын құмыраны тегіс, тұрақты
бетке түбімен төмен қаратып орнатыңыз.
Назар аударыңыз! Аятары бар блокта силиконды төсем-бекіткіштің (4 ) бар болуын
тексеріңіз.
Сұйықтықты құйыңыз да, тағамдық ингредиенттерді құмыраға салыңыз және оны
қақпағымен (2) жабыңыз.
Назар аударыңыз! Блендерде өңдемес бұрын өнімдерді алдын ала ұнтақтаңыз. Өңделетін
өнімдердің өлшемі 1,5х1,5х1,5 см аспауы тиіс.
Назар аударыңыз! Құмырада сұйықтығы жоқ құралды пайдалануға тыйым
салынған!
Назар аударыңыз! Блендер құмырасын толтыру деңгейі 1500 мл белгісінен аспауы тиіс.
Қақпақтағы (2) тесікке өлшегіш стакан-бітеішті (1) қойыңыз.
Блендер корпусына құмыраны (3) қойыңыз да, өзіне тән дыбыс шыққанға дейін сағат
тіліне қарсы аздаған бұрышқа бұыңыз. Сынуының алдын алу үшін күш салмаңыз.
Назар аударыңыз! Құмыра дұрыс орнатылмаған кезде құрал жұмысын тоқтатады.
Құралды желіге қосыңыз да, жылдамдық режимін ауыстырып-қосқыш (7) көмегімен
жылдамдықты таңдаңыз.
Назар аударыңыз! Құралдың қақпағын ашып пайдалануға тыйым салынады!
Жылдамдық режимдерін ауыстырып қосқыш
Скачать