Polaris PHB 1380 Silent Инструкция по эксплуатации онлайн [23/32] 537017

Polaris PHB 1380 Silent Инструкция по эксплуатации онлайн [23/32] 537017
23
Пайдаланып болған соң, қондырмаларды орнату немесе алу кезінде, құралды
тазалағанда немесе сынған кезде оны үнемі желіден ажыратыңыз.
Іске қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз. Құралды балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
Құралды желілік сымынан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан
ұстап құралды желіден ажыратуға тыйым салынады. Құралды желіден ажырату
кезінде штепсель ашадан ұстаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра
орауға болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.
Қашанда сақтау үшін сымды жақсылап тарқатыңыз.
Сымды тек қана білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана
ауыстыра алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны
қауiп-қатерге ұшыратуы мүмкін.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының
білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылады.
Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін құрылғыны басқа да тұрмыстық қалдықтармен
бірге тастамай, жоятын ресми орынға өткізіңіз.
Сөйтіп, Сіз қоршаған ортаны сақтауға көмектесесіз.
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
Құралмен жұмыс жұмыс жасау барысында оны қараусыз қалдырмаңыз.
Керек-жарақтарын немесе қондырмаларды ауыстырар алдында құралды сөндіріңіз.
Қондырмалардың барлығы, блендердің білігі мен ішкі бөлшектерінің мұқият жуылып,
кептірілгенін ұдайы қадағалаңыз.
Жарақат алмас үшін, саусақтарды, шашыңызды, киімді блендердің қозғалатын
бөлшектерінен қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз.
Балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың бақылаусыз құралды пайдалануына
рұқсат етпеңіз.
Ақауы бар құралды немесе қондырманы ешқашан пайдаланбаңыз.
Құралдың пышағын алу, орнату және тазарту барысында абай болыңыз.
Пышақтар толығымен тоқтағанша құралдың қақпағын ешқашан ашпаңыз.
Бұл электрлік блендер ұзақ уақыттай созылмалы үздіксіз жұмыс істеу үшін
арналмаған, сондықтан, құрылғы қызып кетпес үшін, үздіксіз жұмыстың әрбір 30
секундтан кейін, оны келесі қолданар алдында 5 минут уақытқа үзіліс жасап тұрыңыз,
мотордың сууына мүмкіндік беріңіз. Блендерді бір рет пайдаланғанда, оның өндеу
кезеңдерінің саны – 4 өндеу кезенінен аспауы тиіс, яғни блендерді 4 (төрт) мәрте
қосқаннан кейін, оны келесі қолданар алдында, ол суығанша 45 минутқа үзіліс жасап,
күте тұрыңыз.
Блендер бұғатталған кезде (құрылғы электр желісіне қосылып тұрғанда, оның іске
қосу батырмасы басылған күйінде болған жағдайда, блендердегі қондырмалары
бұралып айналмайды, бірақ аздап дірілдеген дыбыс естілуі мүмкін) сондықтан сол
сәтте құрылғыны бұғаттан босату үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет:
Блендердің арнайы блендерлік қондырмасын қолданған кезде:
- құрылғыға түсетін қысымды босаңсыту керек.
- егер бұл шара құрылғының жұмысын қалыпты күйге келтіруге аз да болса
көмегін тигізбесе, құрылғыны сөндіріңіз де, оның электр желілік баусымның
айырын электр желідегі ашалы розеткасынан ажыратып алыңыз, содан кейін
Скачать