Polaris PHB 0798L CordLess Инструкция по эксплуатации онлайн [17/48] 537022

Polaris PHB 0798L CordLess Инструкция по эксплуатации онлайн [17/48] 537022
17
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
Бұл тұрмыстық электрлік блендер құрылғы электр энергетикасы саласындағы
заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуы тиіс, яғни құрылғының
пайдалануы «Тұтынушылардың электрлі қондырғыларын техникалық пайдалану
қағидалары» бойынша тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық
пайдалану тәртібін айқындайтын ережелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы
тиіс.
Бұл электрлік блендер құрылғы тек үй тұрмыс жағдайында ғана пайдалануға арналған.
Бұл құрылғыны пайдалануды бастамас бұрын, осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
міндетті түрде, толығымен мұқият оқып шығыңыз және анықтамалық материал ретінде
қолдану үшін оны сақтап қойыңыз.
Құрылғы осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес тек мақсаты
бойынша пайдаланылуы тиіс.
Құрылғы және оның зарядтау құрылғысы (бұдан әрі мәтін бойынша адаптері) ыстық
ауаның тікелей күн көзіне, жоғары температураның әсеріне, тікелей күннің жарық
сәулесінің және де жауын-шашындардың түсуіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп,
яғни құрылғылардың бұзылу қаупін туғызатын себептерін болдырмайтындай етіп,
сақталуы керек.
Әр жолы блендер құрылғыны іске қоспас бұрын, блендермен оның зарядтау
құрылғысын-адаптерін және адаптердің электр желілік баусымын, сондай-ақ, блендер
құрылғының бөлшектері мен керек-жарақтарын мұқият түрде қарап шығыңыз, олардың
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Блендер құрылғының және оның зарядтау
құрылғысының (адаптердің) немесе құрылғыдағы бөлшектерінің және керек-
жарақтарының қандай да бір ақаулығы анықталған жағдайда, сонымен қатар блендер
құрылғының және оның бөлшектері мен керек-жарақтарының немесе адаптердің
ақаулары және бұл бұйымдардың байқалған зақымдалу себептері мен қателіктердің
түрлері жойылмағанша блендермен қолданбаңыз, бұл жағдайда оның зарядтау
құрылғысын, яғни адаптердің ашасын электр желіге, ашалы розеткаға қосуға мүлдем
болмайды.
Блендердің зарядтау құрылғысын, яғни оның адаптерін тек ауыспалы тоқ көзіне ғана
(~) қосыңыз. Адаптердің ашасын тоқ көзіне қоспас бұрын, желідегі қолданылатын
электрлік параметрлерін тексеріңіз, бұл адаптердің техникалық сипаттамаларында
көрсетілген кернеудің параметрлері Сіздің үйіңіздегі электрлік желісінде
қолданылатын кернеуіне, яғни электрлік желінің параметрлеріне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
Адаптер тек құрылғының ішіне орнатылған аккумуляторлық батареясын қуаттандыру
үшін арнайы арналған. Құрылғыдағы аккумуляторлық батареясының қуаттандыруы
аяқталған соң, адаптердің ашасын әрдайым электр желісінен ажыратып тастаңыз және
адаптердің істікшесін құрылғының корпусында орналасқан істікшелі ағытпасынан
(зарядтау ұяшығынан) ажыратыңыз. Құрылғыны оның адаптері оған жалғанған болса
пайдалануға болмайды. Құрылғыдағы аккумуляторлық батареясы қуатталып
болғаннан кейін адаптерді электр желіге қосулы күйінде қалдырмаңыз.
Техникалық стандартқа сай келмейтін қуат беру және электрлік қоректендіру көздері
мен ұзартқыш не жалғастырғыш құрылғыны және үшжақты жалғаулық секілді үшайыр
бiрiктiргіш қосу құрылғыларын пайдаланбаңыз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету
құқығынан айырады.
Скачать