Polaris PHB 0798L CordLess Инструкция по эксплуатации онлайн [19/48] 537022
![Polaris PHB 0798L CordLess Инструкция по эксплуатации онлайн [19/48] 537022](/views2/1686029/page19/bg13.png)
19
(зарядтау ұяшығына) кіргізіп жалғастырыңыз, содан кейін ғана – адаптердің ашасын
электр розеткаға жалғастырып қосыңыз.
Адаптердің электр желілік баусымның істікшесін блендердің жалғағыш істікшелі
ағытпасына (зарядтау ұяшығына) кіргізіп жалғастырған кезде немесе блендердің
жалғағыш істікшелі ағытпасынан (зарядтау ұяшығынан) ажыратқан кезде, тек қана
адаптердің істікшесінен ұстаңыз. Адаптердің істікшесін құрылғыдан ажыратқан кезде,
адаптердің электр желілік баусымнан ұстап тартқылауға тыйым салынады.
Әрдайым алдымен адаптердің ашасын электр розеткасынан суырып ажыратыңыз,
содан кейін ғана – адаптердің электр желілік баусымның істікшесін блендердің
жалғағыш істікшелі ағытпасынан (зарядтау ұяшығынан) ажыратыңыз. Адаптердің
істікшесі блендердің жалғағыш істікшелі ағытпасынан (зарядтау ұяшығынан)
ажыратылған болса, адаптерді электр желіге қосулы күйінде қалдырмаңыз.
Адаптерді электр желілік баусымнан ұстап, тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ,
адаптерді оның электр желілік баусымнан ұстап, электрлік желісінен ажыратуға тыйым
салынады. Адаптерді электр желіден ажырату барысында адаптердің корпусынан
ұстаңыз, тоқ жүретін істіктерге қолыңызды тигізбеңіз.
Әр жолы құрылғының адаптерін әр пайдаланғаннан кейін, ешқашан оның электр
қоректендіргіш баусымын адаптерге айналдыра орауға болмайды, себебі, уақыт өте
келе бұл баусымның үзілуіне әкелуі мүмкін. Қашанда адаптердің электр
қоректендіргіш баусымын дұрыс сақтау үшін, оны жақсылап тарқатыңыз.
Кепілдік қызмет көрсету әрекетін сақтау мақсатында және техникалық мәселелерінің
алдын алу үшін бұл электрлік құрылғыны және оның зарядтау құрылғысын – адаптерін
өз бетіңізбен бөлшектеуге және жөндеуге тырыспаңыз. Жөндеу жұмыстары
техникалық біліктілігі жоқ немесе біліктілілігі төмен деңгейдегі маман тарапынан,
сондай-ақ, жоғарыда аталған техникалық білікті мамандарының санатына жатпайтын
тұлға тарапынан жасалған болса, бұл қолданушыны қауiп-қатерге ұшыратуы мүмкін.
Құрылғыны және оның адаптерін жөндеу және қарап-тексеру, сондай-ақ, қалыпты
күйге келтіру жұмыстарын тек техникалық білікті мамандарының санатына жататын
тұлға тарапынан ғана жүзеге асырылуы керек, яғни аталған жұмыстарды тек қана
білікті мамандар – қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері ғана жүзеге асыруы
керек.
Блендр құрылғыны және адаптерді жөндеу үшін тек түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді
ғана пайдалануға қажет.
Құрылғының пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін бұл электр құрылғыны әдеттегі
тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмай, оны одан әрі кәдеге жарату мақсатында,
қалдықтарды қабылдаумен, қайта өндеумен және кәдеге жаратумен айналысатын
ресми пунктке өткізіңіз. Осылайша, Сіз қоршаған ортаны сақтауға өз септігіңізді
тигізесіз.
Блендердің пайдалануға жарамсыз аккумуляторлық батареясын құрылғыдан суырып
шығарып алыңыз да, кәдеге жаратыңыз. Блендердің аккумуляторлық батареясын
кәдеге жарату үшін осы түрдегі қалдықтарды кәдеге жаратудың жергілікті заңдары мен
ережелерін біліп алыңыз. Құрылғының аккумуляторлық батареясы тұрмыстық
қалдықтардан бөлек, кәдеге жаратудың жергілікті заңнаманың ережелері мен
қағидаттарына сәйкес, кәдеге жаратылуы тиіс. Құрылғының аккумуляторлық
батареяларын отқа тастамаңыз, оларды әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге жағып
өртеуге тыйым салынады, себебі бұл аккумуляторлық батареялары жарылуы мүмкін.
Бұйым қатты зақымдалған болса да, оны өртеуге болмайды, себебі бұл аккумуляторлық
батареяларының жарылуына әкелуі мүмкін.
Содержание
Похожие устройства
- Polaris PHB 1385 Инструкция по эксплуатации
- Daikin FWT02CT Спецификация
- Daikin FWT02CT Руководство по эксплуатации
- Daikin FWT02CT Технические данные
- Daikin FWT02CT Инструкция по монтажу
- Daikin FWT02CATNMV1 Технические данные
- Daikin FWT02CATNMV1 Спецификация
- Daikin FWT02CATNMV1 Руководство по эксплуатации
- Daikin FWT02CATNMV1 Инструкция по монтажу
- Daikin FWT03CT Технические данные
- Daikin FWT03CT Спецификация
- Daikin FWT03CT Руководство по эксплуатации
- Daikin FWT03CT Инструкция по монтажу
- Daikin FWT03CATNMV1 Технические данные
- Daikin FWT03CATNMV1 Спецификация
- Daikin FWT03CATNMV1 Руководство по эксплуатации
- Daikin FWT03CATNMV1 Инструкция по монтажу
- Daikin FWT04CT Технические данные
- Daikin FWT04CT Спецификация
- Daikin FWT04CT Руководство по эксплуатации