Polaris PKM 1403 Инструкция по эксплуатации онлайн [31/40] 537105

Polaris PKM 1403 Инструкция по эксплуатации онлайн [31/40] 537105
31
Назар аударыңыз! Тағам өнімдерінің жан-жаққа шашырамауы үшін, алдымен құрылғыны ең төменгі
жылдамдықта іске қосыңыз, содан кейін құрылғыда қондырмаларының айналу шапшаңдығын
(жылдамдығын) реттейтін сатылы жылдамдық реттегіштің (2) көмегімен қондырмаларының айналу
шапшаңдығын (жылдамдығын) жайлап біртіндеп ұлғайтыңыз.
Назар аударыңыз! Құрылғының қамыр илеуге арналған ілмегін қолдана отырып, қамыр илеу үшін немесе
тағам ингредиенттерін араластыруға арналған қондырмасын пайдаланған кезде, құрылғыны ең төменгі
(минималды) жылдамдықта қолданыңыз (яғни жылдамдықтың ең төменгі мәнін пайдаланыңыз), ал тағам
өнімдерін көпіршітуге арналған бұлғауыш қондырмасын (венчигін) қолданған кезде, құрылғыны ең
жоғарғы (максималды) жылдамдықта қолдану керек (яғни жылдамдықтың ең жоғарғы мәнін пайдалануға
ұсынылады).
Назар аударыңыз! Қамыр илеу кезінде өнімнің жалпы массасы (салмағы) 1кг-нан аспау керек.
Назар аударыңыз! Құрылғыға қандай да бір механикалық зақым келтірмеу үшін, яғни бұл құрылғының
бұзылуын болдырмау үшін асүйлік машинада оның қондырмаларының айналу шапшаңдығын
(жылдамдығын) реттейтін 6-сатылы жылдамдық реттегіштің тұтқасын белгіленген шеткі белгілерден тыс
бұрамаңыз.
5. Құрылғының импульстік жұмыс режимін іске қосу үшін құрылғыда қондырмаларының айналу
шапшаңдығын (жылдамдығын) реттейтін сатылы жылдамдық реттегішін (2) PULSE қалпына бұрап
орнатыңыз да, оны PULSE күйінде 3-5 секунд ұстап тұрып, бұл белгіленген уақыт аралығында 1-2
секундқа дейін үзіліс жасап тұрыңыз. Сонымен қатар, бұл ретте құрылғының құрылғыдағы
электрқозғалтқышы ең жоғарғы (максималды) жылдамдықта жұмыс істей бастайды. Бұл жұмыс
режимі құрылғыда тағам өнімін өндеу процесін жақсы бақылауға мүмкіндік береді. Нан қамырын
илеу барысында (қатты етіп иленген қамырды илеу үшін) құрылғыны импульстік жұмыс
режимінде қолдануға болмайды!!!
Назар аударыңыз! Жұмыс барысында құрылғының жұмыс бөлігіндегі корпусында (4) ауа алмасатын
желдеткіш саңылауларын жаппаңыз, бұл мотордың қызуына әкелуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғының үздіксіз жұмыс істеу уақыты 10 минуттан аспауы керек. Құрылғы
қызып кетпес үшін, оның үздіксіз жұмыстың әрбір 10 минуттан кейін, оны келесі қолданар алдында 30
минутқа үзіліс жасап тұруға кеңес беріледі.
Асүйлік машинаның қондырмаларын ауыстыру және құрылғының тостағанына
тағам ингредиенттерін салу.
1. Құрылғыда қондырмаларының айналу шапшаңдығын (жылдамдығын) реттейтін жылдамдық
реттегіштің тұтқасын «0» нөлдік қалпына бұрап орнатыңыз. Құрылғының электр желілік баусымның
айырын ашалы розеткасынан суырып алыңыз да, асүйлік машинаны электр желісінен ажыратыңыз.
2. Құрылғыдағы жетек толықтай тоқтағанша күте тұрыңыз.
3. Асүйлік машинада жұмыс бөлігінің бұру топсасын бекітуге арналған (3) бекіткіш батырмасын
басыңыз да, құрылғының жұмыс бөлігін аздап жоғары қарай, оның шертпек секілді сарт еткен дыбыс
естілмейінше, яғни ол толығымен жоғары қалпында бекітілгенше, көтеріңіз.
4. Құрылғыда (8/9/10) қондырмасын ауыстырыңыз.
5. Егер қажет болса құрылғының тостағанына (7) тағам ингредиенттерін салыңыз.
6. Асүйлік машинаның бұру топсасын бекітуге арналған (3) бекіткіш батырмасын басып, құрылғының
жұмыс бөлігін көлденең орнатып қойыңыз (5-сурет), сонымен қатар бұл ретте оның шертпек секілді
сарт еткен сипаттық дыбыс естіледі.
7. Құрылғының электр желілік баусымның айырын электр желісіне жалғастырыңыз, содан кейін
асүйлік машинада оның қондырмаларының айналу шапшаңдығын (жылдамдығын) реттейтін сатылы
жылдамдық реттегіштің көмегімен құрылғының қажетті жұмыс жылдамдығын орнатыңыз да,
құрылғыны іске қосыңыз.
8. Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде оның тостағанына тағам ингредиенттерін ыдыс қақпағындағы
арнайы саңылауы (6)арқылы ғана салуға болады.

Содержание

Скачать