Polaris PUH 1025 DV Инструкция по эксплуатации онлайн [16/21] 537167

Polaris PUH 1025 DV Инструкция по эксплуатации онлайн [16/21] 537167
16
Құралдың қауіпсіздігі жөніндегі жалпы нұсқаулар
Құралды пайдалану «Тұтынушылардың электрлі орнатуларды техникалық пайдалану
ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл құрал тек үйде тұрмыстық мақсатта қолдануға арналған.
Бұл құрал мақсатына сай қолданылуы тиіс.
Әр жолы құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның
зақымдануы анықталса, құралды тоқ көзіне қоспаңыз.
Назар аударыңыздар! Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе су толтырылған
өзге де ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
Құралды суға, өзге сұйықтықтарға батырып, салуға болмайды.
Қосымша қорғаныс үшін қорғанысты сөндіру құрылғысын (ҚСҚ) орнату қажет. Кеңесті білікті
маманнан алыңыз.
Құралды тек ауыспалы тоқ (~) көзіне қосыңыз. Желіге қосу алдында, электр желісіндегі кернеу
құрылғының жұмыс кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Кез-келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кіпілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.
Қалыпты емес қоректендіру көздерін және қосу құрылғыларын пайдалануға болмайды.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның өшіріліп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстық көзінен, күн сәулесінің
тікелей түсуінен және ылғалға ұшырамайтындай етіп, сонымен қатар, сүйір бұрыштарға
соғылудан (құралды суға батырып, салуға тыйым салынады) сақталуы керек. Құралды ылғал
қолмен ұстамаңыз. Құрал дымқылданып қалса, оны бірден желіден ажыратыңыз.
Құралды пайдаланып болғаннан кейін, оны тазарту кезінде немесе ақау анықталған жағдайда
құралды әрқашан желіден ажыратыңыз.
Аталмыш құрал құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі
мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар
тұлғалардың (балаларды қоса алмағанда) қолдануына арналмаған.
Балалардың құралмен ойнуына жол бермеу үшін оларды қадағалаңыз.
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, құралды желілік сымнан
ұстап оны тоқтан ажыратуға рұқсат етілмейді. Құралды желіден ажыратқанда оның штепсельді
ашасынан ұстап ажыратыңыз.
Құралмен пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра
орауға болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Қашанда
сақтау үшін сымды жақсылап тарқатыңыз.
Желілік сымды тек білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана
ауыстыра алады. Біліктілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу жұмыстары қолданушыға
қауіп-қатер төндіруі мүмкін.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеу жұмыстарын қызмет көрсету
орталығының білікті қызметкерлері ғана іске асыра алады.
Құралды жөндеу үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер ғана пайдаланылады.
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
Бұл құрал тек үйде тұрмыстық мақсатта қолдануға арналған.
Құралды алғашқы рет іске қосу алдында оны 30 минут бойы бөлме температурасында
қалдырыңыз.
Ылғалдағыш жұмысының жағымды шарттары: ылғалдатқышты бөлменің 5-4
температурасында, және 80%-дан төмен ылғалдықта пайдаланыңыз.
Құралды тұрақсыз, тегіс емес бұдыр қабатқа қойып, қолдануға тиым салынады.
Скачать