Polaris PUH 1025 DV Инструкция по эксплуатации онлайн [18/21] 537167

Polaris PUH 1025 DV Инструкция по эксплуатации онлайн [18/21] 537167
18
Құралды пайдалану
Алғаш рет қосар алдында құралды 30 минуттай бойы бөлмежайда қалдырыңыз, яғни бөлме
температурасында ұстаңыз.
Су резервуарын ылғалдағыштың негізінен алыңыз.
Су резервуарын түбін жоғары қаратып ұстап, Су резервуарының қақпағын бұрап ашыңыз.
Тек қана таза суық суды қолданып толтырыңыз (ең дұрысы дистилденген).
Су резервуарының қақпағын бұрап жабыңыз. Резервуарды ылғалдағыштың негізіне
орнатыңыз.
Бөшкеден судың тамып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Құралды электр желісіне қосыңыз. СУҒА АРНАЛҒАН САУЫТ БОС БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА
ОНЫ ҚОСУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Құрылғыны іске қосу үшін буды жіберудің жылдамдығын реттейтін тетігін сағат тілінің
бағытымен бұраңыз. Жасыл түсті индикаторлық шамы жанады, бұл құрылғы іске қосылып
тұрғандығын білдіреді.
Будың жіберу деңгейін реттеу үшін пайдаланатын реттеуіш тетігін сағат тілінің бағытымен
бұраңыз, сонымен бу түзілудің қарқындылығын көбейтуге, ал сағат тіліне қарсы бағытына
бұраған кезде бу түзілудің қарқындылығын азайтуға болады.
Суға арналған сауытта су бітіп немесе таусылып қалатын болса индикаторлық шамы қызыл
түсті болып жанады. Суға арналған сауытты сумен толтырыңыз.
Құрылғыны сөндіру үшін, оның будың жіберу деңгейін реттеп алатын реттеуіш тетігін тіліне
қарсы бағытта, ол тірелгенше бұраңыз. Индекаторлық шамы сөнеді. Құрылғыны сөндіріп, ток
көзінен ажыратып алыңыз.
Назар аударыңыздар:
Құралдың негізгі бөлігіне (базасына) су тигізуге тыйым салынады.
Сауыттың іші суға толы болса, оны бір жерден екінші жерге тасымалдамаңыз.
Құралдың ақаулықтары және оларды жою әдістері
Ақаулықтар
Мүмкін себебі
Ақаулықтарды жою әдістері
Индикаторлары жанбайды,
бу түзілмейді.
Құрал желіге қосылмаған.
Тоқтың кернеуі жоқ.
Құралды тоқ желісіне
қосыңыз.
Желідегі тоқтың кернеуін
тексеріңіз.
Индикатор жанады, бірақ,
бу түзілмейді.
Бөшкеде су жоқ.
Су резервуарында су тым
көп.
Бөшкеге су құйыңыз.
Бөшкенің қақпағын мықтап
жабыңыз.
Судың бір бөлігін төгіңіз.
Скачать