Великие Реки Орешек-1 Инструкция по эксплуатации онлайн [10/14] 562094

1
0
5.7. Құрылғыны балаларға қол жетімсіз орындарда қолданыңыз және сақтаңыз.
5.8. Құрылғыны тазалауды желі баусымының резеткеден ажыратулы қалпында ғана
дымқыл ысқыш көмегімен орындаңыз. Құрылғыны тазартуда абразивті материалдар
қолданбаңыз.
5.9. Желі баусымы немесе құрылғы тұрқысының зақымдануында оны қолдануға
болмайды.
5.10. Зақымдалған желі баусымын алмастыруды, құрылғыны бөлшектеу, жөндеу
және реттеуді мамандандырылған шеберханада ғана орындаңыз.
5.11. Желі баусымының ыстық беткеймен жанасуын болдырмаңыз.
6.
Жұмысқа дайындау және жұмыс тәртібі
Назар аударыңыз! Вафель қалыбын алғашқы қолдану алдында оны жұмсақ
ысқышпен сүртіңіз. Пластиналарды маймен майлаңыз, құрылғыны желіге
қосыңыз және 5 минут бойы қыздырыңыз, кейін май қалдықтарын сүртіп
тастаңыз. Құрылғы қолдануға дайын.
6.1. Құрылғыны жабыңыз да желіге қосыңыз. Сізге қажетті панельді аспапқа қою
арқылы орнатыңыз. Таймерді қажетті уақытқа белгілеңіз. Қызыл түс
индикациясы асхана құралының жылытылу үрдісін білдіреді. Жасыл түсті
индикатор жанғаннан кейін құрылғы пісіруге дайын.
6.2. Жұмыс беткейін маймен майлаңыз. Пісірілінетін өнімге арналған қамырды
әртүрлі рецептілер бойынша дайындауға болады, олардың бірі пайдалану
бойынша осы Нұсқауға қосымшада берілген.
6.3. Қамырды ұқыптылап төменгі жартылайпішіннің шұңқыршаларына құйыңыз
және электрқұрылғыны жабыңыз.
6.4. Қалыпты толтыруға арналған қамыр мөлшері оның консистенциясына және
дайын аспаздық өнімдердің қажетті қалыңдықтарына байланысты. Пісірілу
уақыты 1,5-3 минутты құрайды. Жартылай қалыптарды қажеттілік туындаған
сайын майлап отырыңыз.
6.5. Жұмыс аяқталғаннан кейін құрылғыны желіден ажыратыңыз. Құрылғыны ашық
қалдырып, салқындауға мүмкіндік беріңіз. Май қалдықтарын дымқыл ысқышпен
сұйық немесе гель тәрізді жуу құралдарын қолданып тазартыңыз. Толық
құрғағанша сүртіңіз.
6.6. Сыртқы беткейлерді, сабтарын және басқа бөлшектерін тазалау үшін тек
ылғалды мата қолданыңыз.
7.
Сақтау және жою ережелері
7.1. Құрылғыны құрғақ ғимаратта +5°С төмен емес температурада және 80% артық
емес салыстырмалы ылғалдылықта сақтау қажет. Сақтау орнынан құрылғы құлау
мүмкіндігі болмауы тиіс. Қаптамалық қорабында сақтау мақсатты.
7.2. Құрылғы істен шыққан жағдайда, оны барынша экологиялық қауіпсіз тәсілмен
жойыңыз.

Содержание

Скачать