Scarlett SC-BS33ED48 Инструкция по эксплуатации онлайн [9/20] 562151
![Scarlett SC-BS33ED48 Инструкция по эксплуатации онлайн [9/20] 562151](/views2/1728977/page9/bg9.png)
IM022
www.scarlett.ru SC-BS33ED48
9
ҚОРЕК ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ
Қорек элементтерінің құрамында ағзаның ішіне түскен кезде зиян келтіретін элементтер бар. Кішкентай
балалардың қорек элементтеріне жете алмауын қадағалаңыз. Егер әлдекім қорек элементін жұтып қойса,
дереу дәрігерге көріну керек.
Қорек элементтерін жүйелі түрде ауыстырып отырыңыз. Қорек элементтерінің барлығын бір мезгілде
ауыстырыңыз. Бұл орайда бір тұрпатты элементтерді пайдаланыңыз.
Қорек элементерін қайтадан зарядтауға немесе түрлі құралдардың көмегімен қайта белсендіруге
болмайды, оларды бөлшектемеңіз, отқа тастамаңыз және қысқа тұйықтамаңыз.
Қуаты таусылған элементтер аспаптың бұзылуына себеп болуы мүмкін. Аспапты пайдалануда ұзақ уақыт
үзіліс болған кезде, қорек элементтерін батарея ұяшығынан шығарып қойыңыз.
Егер қорек элементтерінің біреуінің қуаты таусылған болса, қорғағыш биялай киіңіз де, батарея ұяшығын
құрғақ сулықпен тазалаңыз.
Қорек элементтерінің құрамында денсаулыққа және қоршаған ортаға зиянды уытты заттектер болуы мүмкін.
Осыған байланысты қорек элементтерінен қолданыстағы заңнамалық нормаларға қатаң сәйкес түрде
арылу керек. Пайдаланып біткен элементтерді ешқандай жағдайда да лақтырып тастауға болмайды.
Қорек элементтерін отқа тастамаңыз. Жарылыс қатері бар!
ЖҰМЫСЫ
Бұл таразы Bluetooth құрылғысымен жұмыс істейді, IOSи Android платформаларындағы телефондармен
сыйысымды. Өлшенген парамерлерді қадағалау мен сақтауға ыңғайлы болуы үшін арнайы «OKOK-
International» қолданбасы пайдаланылады.
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Таразының жайпақ тегіс жазық жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Таразыны кілемнің немесе жұмсақ заттардың
үстіне қоймаңыз.
Салмақты дәл айқындау үшін таразының үнемі бір жерде тұрғаны дұрыс. Таразының орнын ауыстырған
кезде оны тегіс емес жерге қоюыңыз ықтимал, ал бұл салмақтың дәл көрсетілуіне әсер етуі мүмкін.
Салмақты дәл айқындау үшін үнемі бір уақытта, киіміңіз бен аяқ киіміңізді шешіп, тамақтанардан бұрын
өлшену керек.
Салмақты барынша дәл айқындау үшін ұйқыдан тұрғаннан кейін 2 сағат өтпей тұрып салмақты өлшемеген
жөн.
Таразының үстіне шығыңыз. Ештеңеге сүйенбей, тік тұрыңыз.
ТАРАЗЫНЫ ДАЙЫНДАУ
Полярлығын дәл келтіре отырып, таразының артқы панеліндегі арнайы ұяшыққа AAA тұрпатты
батареяларды салыңыз. Ұяшықты жабыңыз. Таразы жұмысқа дайын.
ӨЛШЕУ
Таразы 8 жады ұясымен жарақталған, оларда сіз және, мысалы, сіздің отбасы мүшелеріңіз жеке
деректеріңізді сақтай аласыз.
Өзіңіздің смартфоныңызды пайдаланып, интернетке қосылыңыз (WI-FI, 3G немесе 4G ұсынылады).
Смартфонның параметрлерінде Bluetooth функциясын белсендіріңіз.
Смартфоныңыздағы «Google Play» немесе «App Store» дүкендерінен «OKOK- International» қолданбасын
жүктеп алыңыз.
Қолданбаны смартфоныңызға орнатыңыз, қолданбаны іске қосыңыз да, нұсқауларды орындаңыз.
Қолданбада тіркеуден өтіңіз. Бұл үшін «пошта» жолағында өзіңіздің электрондық мекенжайыңызды енгізіңіз,
ал «құпиясөз» жолағында өз тірелгіңізге арналған құпиясөзді ойлап табыңыз.
Содан кейін смартфондағы нұсқауларды орындай отырып, қалаған параметрлерді орнатыңыз:
1. Өлшем жүйесін таңдаңыз (метрлік).
2. Аты-жөніңізді,жынысыңызды, туған күніңізді, бойыңызды енгізіңіз.
3. Қалыпты салмағыңыздың ауқымын растаңыз.
«Өлшеу» түймесін басыңыз.
Смартфон таразыны анықтағаннан кейін «Жалғау» түймесін басыңыз.
Табылған таразыға атау беріңіз.
Таразының үстіне шығыңыз.
Таразы дисплейде сіздің салмағыңызды көрсетеді.
Қолданбада өлшеу нәтижелері беріледі және олардың мәні ашып көрсетіледі.
Аталған өлшемдер сіздің салмағыңыз бен денсаулығыңызды әлдеқайда жақсырақ қадағалауға мүмкіндік
береді.
ҚОЛДАНБАҒА ЖАҢА ПАЙДАЛАНУШЫНЫ ҚОСУ
Жаңа пайдаланушыны қосу үшін қолданбадағы «Профиль» түймесін, содан кейін «Қосу» түймесін басыңыз.
Жеке деректерді қайтадан енгізіңіз: аты-жөніңіз, жынысыңыз, туған күніңіз, бойыңыз.
ДЕРЕКТЕРДІ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ НӨЛГЕ КЕЛТІРУ ФУНКЦИЯСЫ
Сіздің таразыңызда деректерді автоматты түрде нөлге келтіру функциясы бар. Деректер бейнебетте
бейнеленгеннен кейін бірнеше секунд өткенде, бейнебетте қайтадан 0.0 жарықтанып көрінеді. Сіз қайтадан
өлшене аласыз немесе жаңа пайдаланушының параметрлерімен өлшенуді бастауға болады.
Содержание
- Instruction manual руководство по эксплуатации інструкція з експлуатації пайдалану жөніндегі нұсқаулық 1
- Sc bs33ed48 1
- Max 150 kg 0 1 kg 2
- Mm 3x1 5v aaa 2
- Www scarlett ru sc bs33ed48 2 2
- Gb instruction manual 3
- Rus руководство по эксплуатации 4
- Ua інструкція з експлуатації 6
- Kz пайдалану жөніндегі нұсқаулық 8
- Est kasutusjuhend 10
- Lv lietošanas instrukcija 12
- Lt vartotojo instrukcija 13
- H használati útmutató 15
- Ro instrucțiuni de utilizare 17
- Pl instrukcja obsługi 18
Похожие устройства
- Novex WM6N10CM1W Инструкция по эксплуатации
- Kitfort КТ-2106-1 Инструкция по эксплуатации
- Kitfort КТ-2106-2 Инструкция по эксплуатации
- Kitfort КТ-2106-3 Инструкция по эксплуатации
- Kitfort КТ-2106-4 Инструкция по эксплуатации
- Kitfort КТ-2106-5 Инструкция по эксплуатации
- Beko FSGT52125GX Инструкция по эксплуатации
- Beko FSM62320TXD Инструкция по эксплуатации
- Deerma Humidifier DEM-F325 Инструкция по эксплуатации
- MSI Creator 17 A10SF-839RU Краткое Руководство
- MSI Creator 17 A10SF-839RU Руководство пользователя
- Deerma Humidifier DEM-F628S Инструкция по эксплуатации
- Xiaomi Smart Space Heater S (BHR4037GL ) Инструкция по эксплуатации
- Kitfort КТ-574 Инструкция по эксплуатации
- Irobot Braava jet m613440 Инструкция по эксплуатации
- Hotpoint-Ariston HS5G1PMW/RU Инструкция по эксплуатации
- Indesit IS5G4KHW/E Инструкция по эксплуатации
- Whirlpool WS5V8CCX/E Инструкция по эксплуатации
- Indesit DFO 3T133 A F Инструкция по эксплуатации
- Whirlpool WFC 3C26N F Инструкция по эксплуатации
Скачать
Случайные обсуждения