Brayer BR1108 Инструкция по эксплуатации онлайн [62/80] 625010

Brayer BR1108 Инструкция по эксплуатации онлайн [62/80] 625010
62
KZ
Құрылғы суға құлап кеткен жағдайда, дереу желі ба-
уының ашасын электр розеткасынан сурыңыз, содан
кейін ғана құрылғыны судан алып шығыңыз.
Кофеқайнатқышты жылу көздерінің, жылыту ас-
паптарының немесе ашық оттың тікелей жанында
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға тыйым
салынады.
Кофеқайнатқышты тегіс және тұрақты бетке
орнатыңыз, оны үстелдің шетіне қоймаңыз. Желі
бауының үстелден салбырап тұруына жол бермеңіз,
сонымен бірге оның ыстық беттермен және жиһаз-
дың өткір жиектерімен жанаспауын қадағалаңыз.
Кофеқайнатқышты ыстық беттерге қоймаңыз.
Қуаттандыру бауы мен қуаттандыру бауының аша-
сына сулы қолмен тиісуге тыйым салынады.
Жеткізілім жиынтығына кіретін кофеқайнатқыш бөл-
шектері мен жабдықтарын ғана пайдаланыңыз.
Кофеқайнатқышты қосар алдында барлық шешіл-
мелі бөлшектерінің дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Кофеқайнатқыштағы судың деңгейі минималдық
белгіден төмен болмауын қадағалаңыз.
Суы жоқ кофеқайнатқышты қоспаңыз.
Ыстық бумен күюді болдырмау үшін сүт көбігін дай-
ындау кезінде немесе дайын сусындарды қыздыру
кезінде абайлық сақтаңыз.
Сүзгі ұстағышының, капучинатор түтігінің және капу-
чинатор қондырмасының беті өте жоғары темпера-
турада болуы мүмкін. Ыстық беттерге тиіскен кезде
ұқыптылық пен абайлық сақтаңыз.
Сүзгі ұстағышын кофеқайнатқыш жұмыс істеп тұрған
кезде шешуге тыйым салынады.
Тазалау және жабдықтарын шешу алдында құрылғы-
ны толығымен суытыңыз.
Кофеқайнатқышты тазалау алдында немесе пайда-
ланбайтын болған жағдайда, оны электр желісінен
ажыратыңыз. Кофеқайнатқышты желіден ажыратқан
кезде тек қуаттандыру бауының ашасынан ұстаңыз
және оны электр розеткасынан абайлап шығарыңыз,
қуаттандыру бауынан тартпаңыз — бұл қуаттандыру
бауының, электр розетканың зақымдануына әкелуі
немесе қысқа тұйықталуын тудыруы мүмкін.
Балалардың қауіпсіздігі мақсатында қаптама ретінде
қолданылатын полиэтилен пакеттерді қараусыз
қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Балаларға полиэтилен
пакеттерімен немесе қаптама үлдірімен ойнауға
рұқсат етпеңіз. Тұншығу қаупі бар!
Кофеқайнатқыш балалардың пайдалануына арнал-
маған.
Аспапты ойыншық ретінде пайдаланбаулары үшін
балаларды қадағалап отырыңыз.
Кофеқайнатқыш жұмыс істеп тұрғанда балаларға
қуаттандыру бауына және құрылғыға тиісуіне жол
бермеңіз.
Жұмыс кезінде және суу кезінде құрылғыны балалар-
дың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения