Brayer BR1303 Инструкция по эксплуатации онлайн [21/28] 625114

Brayer BR1303 Инструкция по эксплуатации онлайн [21/28] 625114
21
KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ
БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Миксерді пайдалану алдында қолдану жөніндегі
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, оқыған соң,
болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай, оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Миксерді дұрыс қолданбау оның бұзылуына,
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы
болып саналмайды.
Заттаңбада көрсетілген құрылғының жұмыс
кернеуі электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне
көз жеткізіңіз.
Желіге қосылған құрылғыны, қараусыз қалдыр-
маңыз.
Құрылғыны жылу көздерінің, жылыту аспаптарының
немесе ашық оттың тікелей жанында пайдалан-
баңыз.
Құрылғыны аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға тыйым
салынады.
Миксер корпусын, қуаттандыру бауын немесе қуат-
тандыру бауының ашасын суға немесе кез-келген
басқа сұйықтықтарға салмаңыз.
Құрылғыны асүй раковинасына жақын, жуынатын
бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су толты-
рылған сыйымдылықтарға жақын жерде пайдалан-
баңыз.
Егер құрылғы суға құлап кетсе, дереу қуаттандыру
бауының ашасын электр розеткасынан сурыңыз,
содан кейін ғана құрылғыны судан алып шығуға
болады. Құрылғыны тексерту немесе жөндету үшін
сервис орталығына жүгініңіз.
Қуаттандыру бауы ыстық беттерге және жиһаздың
өткір жиектеріне тиюін болдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін немесе
тазалау алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратқан кезде тек
қуаттандыру бауының ашасынан ұстаңыз және оны
электр розеткасынан абайлап шығарыңыз, қуаттан-
дыру бауынан тартпаңыз – бұл оның зақымдануына
әкелуі және қысқа тұйықталуын тудыруы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үздіксіз жұмыс істеу
уақыты 5 минуттан аспауы керек. Жұмыс цикл-
дерінің арасында 20 минуттан кем емес үзіліс
жасаңыз.
Құрылғыны үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
Найзағай кезінде құрылғыны пайдалану ұсыныл-
майды.
Құрылғыны соққыдан, құлаудан, дірілден және
басқа да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
Миксердің жұмыс істеуі барысында құрылғы
корпусындағы желдету саңылауларын бүркемеңіз,
бұл электромотордың қызып кетуіне әкеп соғуы
мүмкін.
Скачать