Centek CT-5040 Black Инструкция по эксплуатации онлайн [5/6] 631532

Centek CT-5040 Black Инструкция по эксплуатации онлайн [5/6] 631532
Құралдың қозғалмалы бөліктеріне жанасудан сақ бо-
лыңыз. Жұмыс жасап тұрған желдеткіштің қорғаныш торы
арқылы қарындаштар немесе басқа заттарды тықпаңыз.
Қорғаныш торы орнатылмаған желдеткішті қоспаңыз.
Құралды немесе оның қандай болмасын тетіктерін өз
бетіңізбен жөндеуге тырыспаңыз. Ақаулар анықталған
жағдайда ең жақын орналасқан Сервис орталығына ха-
барласыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC төмен температурада
тұрған болса, қосар алдында оны бөлмеде кемінде 2 сағат
ұстау керек.
Өндіруші алдын-ала хабарламастан бұйым конструкция-
сына оның қауіпсіздігіне, жұмысқа жарамдылығына және
қызметіне түбегейлі әсер етпейтін азғантай өзгертулер
енгізу құқығын өзіне қалдырады.
2. ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҚ
- Желдеткіш - 1 дана.
- Пайдалану жөніндегі нұсқаулық - 1 дана.
ҚҰРАЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
1. Алдыңғы қорғау шілтері
2. Қалақтар
3. Электр қозғалтқышы
4. Жұмыс тәртіптерінің ауыстырып қосқышы
5. Iпгетак
6. USB жалғағышы бар қоректендіру бауы
3. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Желдеткіш бөлек-бөлек күйде жеткізіледі.
Берік тегіс бетке аспапты орнатыңыз.
USB жалғағышына қоректендіру бауы арқылы желдеткішті
қосыңыз.
Желдеткішті қосу үшін аспаптың артқы жағында
орналасқан ауыстырғышты <I> қалпына келтіріңіз.
Желдеткішті өшіру үшін, «0» тәртіптердің ауыстырып
қосқышын.
Желдеткіш 220V адаптер (жинаққа кірмейді) немесе
автомобильде автотұтандырғышқа (жинаққа кірмейді)
бастап қуат болады.
4. ҚҰРАЛДЫҢ КҮТІМІ
Тазалар алдында және қорғаныш торын алып тастау қа-
жеттігі туындағанда, құралды алдымен электр желісінен
ажыратыңыз.
Желдеткіш пен қалақтарын сабынды суға батырылған
шүберекпен тазалаңыз.
Абразивті тазартқыш құралдарды, бензинді, еріткіштер
мен басқа да жебір химиялық заттарды пайдалануға
болмайды.
Бұйымды салқын және құрғақ жерде сақтау қажет.
Желдеткішті келесі маусымға дейін сақтау үшін қатырма
қағаздан жасалған қорабына салып қою қажет.
5. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
1. Ең жоғары қуаттылығы: 2,5 Вт;
2. Тор диаметрі: 14 см.
6. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ҚҰРАЛДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Құралдың өзі, қаптамасы қайта пайдалануға болатын мате-
риалдардан жасалған.
Мүмкіндігінше, кәдеге жарату кезінде оларды қайта пайда-
ланылатын материалдарға арналған контейнерге салыңыз.
ҚҰРАЛДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін құрал кәдімгі тұр-
мыстық қоқыстардан бөлек кәдеге жаратылуы тиіс. Оны
қайта өңдеу үшін электронды құралдар мен электр құрал-
дарын қабылдайтын арнайы орындарға тапсыруға болады.
Материалдар жіктемесіне сәйкес қайта өңделеді. Бұл құрал-
дың қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін қайта өңдеуге
тапсырсаңыз, қоршаған ортаны қорғау ісіне үлкен үлес қо-
сасыз. Электронды құралдар мен электр құралдарын қайта
өңдеуге қабылдау орындарының тізімін мемлекеттік билік-
тің муниципалдық органдарынан алуыңызға болады.
7. СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ, КЕПІЛДІК МІН-
ДЕТТЕМЕЛЕР
Тауар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»
заңға сәйкес сертификатталған. Бұл құрылғы Ресей Феде-
рациясында электр құралдарына қатысты қолданылатын
барлық ұлттық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді.
Өндірушінің «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау ту-
ралы» РФ Федералдық заңының 5-бабының 2-тармағы
тәртібімен осы бұйым үшін белгілеген қызмет ету мерзімі
бұйым осы пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа және қолда-
нылатын стандарттарға қатаң сәйкестікте пайдаланыла-
тын жағдайда соңғы тұтынушыға сатылған күннен бастап
5 жылды құрайды. Бұйымның өндірілген күні сериялық
нөмірінде көрсетілген (2 және 3 белгілер - өндірілген
жылы, 4 және 5 белгілер - айы). Кепілді және кепілдіктен
кейінгі қызмет көрсетуді «Ларина-Сервис» ЖШҚ Красно-
дар қаласындағы бас сервис орталығы жүзеге асырады.
Тел.: +7 (861) 991-05-42.
Сіздің қалаңызда сервис орталығының бар-жоқтығын көр-
сетілген телефон немесе www.centek-air.ru сайты бойынша
білуіңізге болады.
Өнімнің келесідей сәйкестік сертификаты бар: № ТС RU
C-CN.ВЕ02.В.02815, 17.08.2018 ж.
Тауар сертификатталған және еуропалық
пен ресейлік стандарттардың барлық та-
лаптарына сәйкес келеді .

Содержание

Скачать