WINIA RSM580BSW Руководство по эксплуатации онлайн [21/28] 598053

WINIA RSM580BSW Руководство по эксплуатации онлайн [21/28] 598053
4. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ
Дұрыс орнату тоңазытқыштың сенімді және тиімді жұмысын қамтамасыз
ету үшін қажет. Тоңазытқышты түбінен ұстап көтеру керек. Есігінен немесе
тұтқасынан тартпаңыз.
ЖЕЛДЕТУ
Жұмыс барысында тоңазытқыштың компрессоры мен конденсаторы
қызады, сондықтан аспапты жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету қажет.
1. 1. Тоңазытқыш ылғалдылығы қалыпты жақсы желдетілетін үй-жайда
орнатылуы тиіс. Тоңазытқышты ылғалдылығы жоғары үй-жайларда,
мысалы, жуынатын бөлмелерде, жертөлелерде орнатуға тыйым
салынады.
2. 2. Орнату кезінде аспаптың жақтары бойынша ең аз саңылауларды
(3-5 см) және ауаның еркін айналымы үшін жоғарыдан 10 см
қамтамасыз етіңіз. Аспаптың артынан ауа қозғалысын жаппаңыз.
3. 3. Жылу көздеріне жақын орналастырмаңыз.
4. 4. Тоңазытқышты күн сәулесінің тікелей әсеріне ұшырайтындай
немесе жылу көздерінің жанында (ас үй плиталары, пештер, каминдер)
болатындай етіп орнатуға болмайды.
ТЕҢЕСТІРУ
Тоңазытқыштың тиімді жұмыс істеуі үшін оның тегіс бетте болуы маңызды.
Тоңазытқышты орнына орнатқаннан кейін оны реттеу тіректерін
айналдыру жолымен реттеңіз. Тоңазытқыштың артқа еңісі -тан аспауы
тиіс.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ
Тоңазытқыш 1 класс электр тогының зақымдануынан қорғау дәрежесі
бойынша дайындалған және жерге тұйықтау түйіспесі бар екі өрісті
розетканың көмегімен электр желісіне қосылады.
Электр желісіне қосар алдында көз жеткізіңіз:
- желі кернеуі тоңазытқыштың артқы жағындағы арнайы тақтайшада
көрсетілген деректерге сәйкес келеді;
- электр розеткасының жерге тұйықтау түйіспесі электр желісінің
қоректендіруші кабелінің жерге тұйықтау сымымен жалғанады
(жалғаушы сым 10 А кем емес токқа есептелуі тиіс);
- розетка мен бір типтегі аша; егер ашасы розеткаға сәйкес келмесе,
розетканы қоректендіретін баусымның тиісті ашасына ауыстыру керек
(жұмыстарды білікті электрик орындауы тиіс).

Содержание

Скачать