Timberk T-WSS100-N72-V-WF — су жылытқышты орнату және пайдалану бойынша нұсқаулық [47/68]

Превью страниц Страница 47 / 68
Timberk T-WSS100-N72-V-WF Инструкция по эксплуатации онлайн [47/68] 684063
IM2022
47
19. Су жылытқыштың конструкциясына өзгерістер енгізуге немесе оны
модификациялауға тыйым салынады.
20. Кез келген сервистік жұмыстарды мамандандырылған ұйым, білікті
мамандар жүргізуі тиіс. Аспапты қате орнату кепілді қызмет көрсетуден
бас тартуға әкелуі мүмкін.
21. Су жылытқышты орнатуға дұрыс орын таңдағаннан кейін, өзіңіз таңдаған
бекіткіштің астына тесіктер жасалатын нүктелерді анықтаңыз (Сіз
таңдаған аспаптың ерекшелігіне сәйкес анықталады). Бекітпенің өлшеміне
сәйкес келетін бұрғыны пайдалана отырып, қабырғадан тиісті тереңдікте
екі тесік бұрғылаңыз, тесіктерге бекітпені орнатыңыз да оған электр су
жылытқышты іліп қойыңыз.
22. Физикалық, сенсорлық қабілеті немесе ақыл-ой қабілеті төмен
адамдардың (балаларды қоса алғанда) аспапты пайдалануына немесе
олардың өмірлік тәжірибесі немесе білімі болмаған жағдайда, егер
оларды біреу бақылап отырмаса, немесе олардың қауіпсіздігіне жауапты
адам оларға аспапты пайдалану туралы нұсқау бермесе, олардың
аспапты пайдалануына жол бермеу керек.
23. Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар, сондай-ақ физикалық, сенсорлық
немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибе мен білімі жоқ
адамдар, егер олар құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау алса
және онымен байланысты қауіптерді түсінсе, қолдана алады.Балалар
құрылғыны тазалау мен қызмет көрсетуді қараусыз жүргізбеуі тиіс.
24. Пайдалану жөніндегі осы нұсқаулыққа сәйкес тұрмыстық мақсатта ғана
пайдаланыңыз. Аспап өнеркәсіптік қолдануға арналмаған.
25. Балаларды олардың аспаппен ойнауына жол бермеу үшін бақылауда
ұстау керек.
26. Қуат сымы қиып кетуі мүмкін өткір жиектерге жанаспауын және күйдіретін
ыстық беттерге тимеуін қадағалаңыз.
27. Егер бұйым біраз уақыт 0°С төмен температурада болса, қосар алдында
оны бөлме жағдайында кемінде 2 сағат ұстау керек.
28. Аспапты өз бетіңізше жөндеуге немесе оның қандай да бір бөлшектерін
ауыстыруға тырыспаңыз. Ақаулықтар анықталған жағдайда жақын жердегі
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
29. Жеткізу жиынтығына кірмейтін құралдарды пайдаланбаңыз.
30. Аспапты электр желісінен ажыратқан кезде қуат сымынан тартпаңыз,
айырғыштан ұстап тартыңыз. Сымды қатты айналдырып бұрамаңыз және
еш нәрсеге бұрап орамаңыз.
31. Су жылытқышқа су шашыратуға немесе оны суаруға тыйым салынады.
32. Су жылытқышта судың қату ықтималы бар болса, оны қоспаңыз.
3. АСПАПТЫҢ АРНАЛУЫ
Электрлі жинақтаушы су жылытқыш тұрмыстық жағдайда су құбырының суын
қыздыруға арналған және көп мөлшерде ыстық су дайындауға және берілген
температураны автоматты түрде ұстап тұруға қабілетті. Қала сыртындағы
үйлерді, коттедждерді, моншаларды және орталық ыстық сумен қамтамасыз
етілмеген басқа да тұрмыстық үй-жайларды ыстық сумен қамтамасыз ету үшін,
сондай-ақ қалалық пәтерлерде ыстық суды профилактикалық өшіру кезеңінде
резерв ретінде пайдаланылады.

Содержание

24

Су жылытқышты қауіпсіз орнату және пайдалану үшін қажетті нұсқаулықтар. Құрылғыны дұрыс пайдалану, балалардың қауіпсіздігі мен сервистік қызмет көрсету туралы ақпарат.