Makita GB801 — құралдарды қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқаулық [24/36]
Превью страниц
Страница 24 /
36
![Makita GB801 Инструкция онлайн [24/36] 690844](/views2/1919841/page24/bg18.png)
24
■ ҰЗАРТҚЫШ СЫМДАРДЫ ЖИІ ТЕКСЕРІП
ТҰРЫҢЫЗ. Егер зақымдалғанын байқасаңыз,
ауыстырыңыз.
■ ТИІСТІ КИІМ КИІҢІЗ. Киіміңіз бос болмасын,
құралдың қозғалмалы бөлшектеріне тұрып қалып,
жарақаттануға себеп болатын шарф немесе әшекей
алқа сияқты нәрселерді тақпаңыз. Сыртта жұмыс
істегенде, ыңғайлы аяқ киім киіңіз. Ұзын
шашыңызды жауып тұратын бас киім киіңіз.
■ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҚАУІПСІЗДІК КӨЗІЛДІРІГІН
ТАҒЫҢЫЗ. Кәдімгі көзілдірік ҚАУІПСІЗ емес.
■ ӨКПЕҢІЗДІ ДЕ ҚОРҒАҢЫЗ. Кесу барысында шаң
шығатын болса, бетке және шаңға арналған маска
киіңіз.
■ ҚҰЛАҒЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ. Ұзақ уақыт жұмыс
істейтін болсаңыз, есту мүшелерін қорғайтын
аксессуарлар тағыңыз.
■ КАБЕЛЬГЕ КҮШ ТҮСІРМЕҢІЗ. Құралды розеткадан
ажырату үшін сымынан тартпаңыз немесе сымын
ұстамаңыз. Электр сымын ыстықтан, майдан және
өткір жиектерден алшақ ұстаңыз.
■ ШАМАДАН ТЫС КӨП ЖҰМЫС ІСТЕМЕҢІЗ.
Аяғыңызда нық тұрыңыз, үнемі баланс сақтаңыз.
■ ҚҰРАЛДАРДЫ КҮТІП ҰСТАҢЫЗ. Құралдар өткір әрі
таза болуы керек, сонда ол жақсы әрі қауіпсіз
жұмыс істейді. Керек-жарақтарды майлауға және
ауыстыруға қатысты нұсқауларды орындаңыз.
■ ҚҰРАЛ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАНДА, ОНЫ ҚАРАУСЫЗ
ҚАЛДЫРМАҢЫЗ. ОНЫ ӨШІРІП ҚОЙЫҢЫЗ.
Құралды пайдаланбайтын уақытта, жөндеу
жұмыстарын жүргізер алдында немесе
қондырмаларын, дөңгелектерін т.б. ауыстырмас
бұрын, құралдарды қуат көзінен ажыратыңыз.
■ КЕНЕТ ҚОСЫЛЫП КЕТУДІҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ.
■ ҰСЫНЫЛҒАН КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ
ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ. Сәйкес келмейтін керек-
жарақты қолдансаңыз, жарақаттану қаупі
туындайды.
■ Өлшемі сәйкес келмейтін дөңгелектерді
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Ақаулығы бар немесе дұрыс
емес дөңгелек шайбаларын немесе дөңгелекті
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ және қайрағыш дискіге немесе
басқа қозғалмалы бөлшектерге ҚОЛЫҢЫЗДЫ
ТИГІЗБЕҢІЗ.
■ ҚҰРАЛДЫҢ ҮСТІНЕ ШЫҚПАҢЫЗ. Құралға немесе
дөңгелекке абайсызда тиіп кетсеңіз, ауыр
жарақаттауы мүмкін.
■ ДИСКІНІҢ АЙНАЛУ БАҒЫТЫ. Дискінің қай бағытта
айналатынын анықтап алыңыз; тіреуіш пышақ
дұрыс орнатылмайынша, қайрау жұмысын
жүргізбеңіз. Бір уақытта бірнеше затты қайрауға
БОЛМАЙДЫ.
ЕСКЕРТУ
Құралды өшірген соң, диск инерциямен айнала береді.
■ ЗАҚЫМДАЛҒАН БӨЛШЕКТЕРІН ТЕКСЕРІҢІЗ.
Құралды әрі қарай пайдаланбас бұрын, қорғаныс
жабдығын немесе басқа да зақымдалған бөлшекті
мұқият тексеріп, дұрыс жұмыс істейтініне және өз
мақсатында қолдануға болатынына көз жеткізіңіз.
Қозғалмалы бөлшектердің туралығын, қозғалмалы
бөлшектердің дұрыс жалғанғанын, олардың
сынбағанын, дұрыс орнатылғанын және құралдың
дұрыс жұмыс істеуіне әсер ететін басқа да
жағдайларды тексеріңіз. Жарақат алып қалмау үшін
зақымдалған қорғаныс қалқанын немесе басқа
бөлшекті тиісті түрде жөндеу немесе рұқсаты бар
қызмет көрсету орталығына ауыстырту керек.
■ ҚҰРАЛ ҚҰРҒАҚ, ТАЗА ӘРІ МАЙ МЕН МАЙЛАҒЫШ
ЗАТТАРДАН ТАЗА БОЛУЫ КЕРЕК. Тазалағанда,
міндетті түрде таза шүберек пайдаланыңыз.
Құралды тазалау үшін тежеуіш сұйықтықтарын,
бензин, мұнай негізді өнімдерді немесе қандай да
бір ерітіндіні пайдаланбаңыз.
■ ҚУАТ КӨЗІ МЕН ҰЗАРТҚЫШ КАБЕЛЬДІ үнемі
тексеріп тұрыңыз. Зақымдалған болса, білікті
қызмет көрсету маманына жөндетіп алыңыз.
Кабельдің өтіп жатқан жерін біліңіз және оны
айналмалы дисктен алшақ ұстаңыз.
■ ЖАРЫЛҒЫШ ОРТАДА ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙДЫ.
Мотордан шығатын кәдімгі ұшқыннан немесе
қайралып жатқан металдан шыққан ұшқыннан от
шығуы мүмкін.
■ СЫРТТА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН
ҰЗАРТҚЫШТАРДЫ ҚОЛДАНЫҢЫЗ. Расталған
жерге тұйықтау кабелі бар және сыртта қолдануға
арналғандығы белгіленген ұзартқышты
пайдаланыңыз.
■ Қайрағыш дискінің айналатын жеріндегі немесе
соған жақын жердегі материалды, металл кесіндісін
немесе басқа да затты алуға ТЫРЫСПАҢЫЗ.
■ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПОЗИЦИЯСЫ НЕМЕСЕ ҚОЛ
ПОЗИЦИЯСЫ ЫҢҒАЙСЫЗ БОЛМАУЫ КЕРЕК,
әйтпесе қолыңыз тайып кетіп, абайсызда дискіге
түсіп қалуы мүмкін. Тепе-теңдікті сақтап тұруыңыз
КЕРЕК.
■ Қайрағыш дискінің жолына тұрмаңыз немесе
денеңіздің қандай да бір бөлігі тиіп тұрмасын.
■ ҚОСҚЫШ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН БОЛСА, ҚҰРАЛДЫ
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Ақаулығы бар қосқыштарды
қызмет көрсету орталығына ауыстыртыңыз.
■ МОТОРДЫҢ ҚОСҚЫШЫН ЖЫЛДАМ ҚОСЫП,
ӨШІРУГЕ БОЛМАЙДЫ. Ол дискінің босап кетуіне
себеп болып, қауіп туғызуы мүмкін. Ондай жағдай
орын алса, алшақ тұрып, дискінің толығымен
тоқтағанын күтіңіз. Қайрақты қуат көзінен ажыратып,
дисктің гайкасын мықтап қатайтыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Жөндеу жұмыстарын жасап жатқанда, түпнұсқа
бөлшектер салыңыз. Қандай да бір басқа бөлшек
пайдалансаңыз, қауіп төндіруі немесе өнім
зақымдалуы мүмкін.
■ Осы қайрағыш үстел станогымен бірге берілген
ФЛАНЕЦТІ ҒАНА ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ.
ЕГЕР ОСЫ ҚАЙРАҒЫШ ҮСТЕЛ СТАНОГЫНЫҢ
ҚАНДАЙ ДА БІР БӨЛІГІ ЖОҚ БОЛСА немесе сынып,
майысып немесе басқаша зақымдалған болса
Содержание
- Gb602 gb602w gb801 p.1
- English p.2
- Product specifications p.2
- Rules for safe operation p.2
- Features p.5
- Unpacking p.5
- Standard equipment p.5
- Assembly p.6
- Operation p.7
- 5 6 7 8 p.8
- Maintenance p.10
- Troubleshooting p.11
- Русский p.12
- Правила безопасной работы p.12
- Технические характеристики изделия p.12
- Стандартное оборудование p.16
- Распаковка p.16
- Особенности p.16
- Сборка p.17
- Эксплуатация p.18
- 5 6 7 8 p.19
- Обслуживание p.21
- Поиск и устранение неисправностей p.22
- В этом разделе рассматриваются наиболее распространенные проблемы возникающие во время работы и способы их устранения выполняйте любые регулировки только после отсоединения станка от сети и полной остановки подвижных частей p.22
- Өнім сипаттамасы p.23
- Қауіпсіз жұмыс істеуге арналған ережелер p.23
- Қазақша p.23
- Қаптамадан шығару p.27
- Функциялары p.27
- Стандартты жабдық p.27
- Жинақ p.28
- Пайдалану p.29
- 5 6 7 8 p.30
- Техникалық қызмет көрсету p.32
- Ақаулықтарды түзету p.33
- Бұл бөлімде жұмыс істеу барысында кездесетін қиындықтар мен ондай жағдайда не істеу керектігі айтылады машинаны қуат көзінен ажыратып қозғалмалы бөлшектер толығымен тоқтағанға дейін ешқандай реттеу жұмыстарын жасамаңыз p.33
- Makita corporation p.36
Похожие устройства
-
Makita GB801Руководство по эксплуатации -
Makita GB801Деталировка -
Калибр ЭЗС-65МФИнструкция пользователя -
Kolner KBG 200/370MРуководство по эксплуатации -
Kolner kbg 150 f кн150фРуководство по эксплуатации -
Ставр СЗЭ-125/150МРуководство по эксплуатации -
Kolner KBG 125/150MРуководство по эксплуатации -
Ставр СЗЭ-175/350МРуководство по эксплуатации -
Ставр СЗЭ-150/250МРуководство по эксплуатации -
TDM Electric ЗС-350 Рубин SQ1088-0102Руководство пользователя -
TDM Electric ЗС-150 Рубин SQ1088-0101Руководство пользователя -
BRAIT BECS-180Инструкция по эксплуатации
Құралдарды қауіпсіз пайдалану үшін қажетті кеңестер мен ережелер. Жарақаттануды болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.