Panasonic TX-58GXR700 Руководство по эксплуатации онлайн [47/52] 700919

Panasonic TX-58GXR700 Руководство по эксплуатации онлайн [47/52] 700919
Қазақша
21
FAQs
Қызмет немесе көмекке жүгінуден бұрын, ақаулықты шешу
үшін мына қарапайым нұсқауларды орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін [eHELP] бөлімін қараңыз
(Қолдау көрсету > Жиі қойылатын сұрақтар).
Теледидар қосылмайды
Электр сымының теледидарға жəне электр розеткасына
қосылғанына көз жеткізіңіз.
Теледидар күту режиміне өтеді
Автоматты қуат сақтау функциясы іске қосылған.
Қашықтан басқару пульті істемейді
Батареялар дұрыс салынған ба? (17-бет)
Теледидар қосылды ма?
Батареялар жай жұмыс істеп тұрған болуы мүмкін. Оларды
жаңаларымен ауыстырыңыз.
Қашықтан басқару пультін теледидардың қашықтан басқару
пультінің сигналын қабылдағышына тікелей бағыттаңыз
(сигнал қабылдағышына 30 градус бұрышпен 7 м
қашықтықтан асырмай).
Теледидардың қашықтан басқару пульті сигналынын
қабылдағышына кедерге етпеуі үшін теледидарды күн
сəулесі немесе өзге да қатты жарық көздерінен алшақ
орнатыңыз.
Кескін көрсетілмейді
Теледидардың қосылғанын тексеріңіз.
Электр сымының теледидарға жəне электр розеткасына
қосылғанына көз жеткізіңіз.
Дұрыс кіріс режимінің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
[Выбор входа] ішіндегі таңдалған [Қиыстырылған] /
[Құрамдас] режимінің сыртқы жабдықтың шығаратын
сигналына сəйкес келетінін тексеріңіз.
“Бейне мəзірі” ішіндегі [Подсветка], [Контраст], [Яркость]
немесе [Цвет] ең төмен деңгейге орнатылған ба?
Барлық қажетті кабельдері мен қосылымдарының орнында
екеніне көз жеткізіңіз.
Əдеттегіден тыс кескін шығады
Теледидарды қорек көзін қосу / ажырату қосқышы арқылы
өшіріңіз, сосын оны қайтадан қосыңыз.
Егер мəселе шешілмесе, барлық параметрлерді қайта
орнатыңыз.
[Орнату мəзірі] ішіндегі [Начальные установки]
Жабдық HDMI арқылы жалғанғанда, сыртқы жабдықтан
берілетін кескін немесе дыбыс əдеттегідей болмайды
[HDMI 2.0 параметрін] (Орнату мəзірі) [4K@60Гц 4:2:0]
мəніне орнатыңыз (13-бет)
Қосылған HDMI жабдығынан ешқандай дыбыс шықпайды
Қосылған HDMI жабдығының дыбыс шығару пішімін PCM-ге
орнатыңыз.
Теледидар бөлшектері қызып кеткен
Теледидар бөлшектері қызып кетуі мүмкін. Олардың
температурасы өнімділік пен сапасына зақым келтірмей
жоғарылауы мүмкін.
Саусақпен басылғанда дисплей панелі сəл жылжып, шу
шығарады
Панельге зақым келтірмеу үшін панельдің айналасында
кішкентай бос аралық бар. Бұл ақауға жатпайды.
Кескіннің қозғалысы бірқалыпты емес
Интеллектуалды жақтау жасау функциясы кескін кадрының
жылдамдығын компенсациялап, дірілдерді кетіру арқылы
кескіндерді бірқалыпты етіп көрсетеді.
Алайда, кейбір кіріс арнасының пішімдерінде қозғалатын
кескіннің бірқалыпты болуына кепілдік берілмейді.
Жарық диод индикаторы қызыл түспен жыпылықтайды
Қызыл жарық диоды жыпылықтайтын болса, теледидарды
қуат розеткасынан ажыратып, қайта қосыңыз.
Бір минуттан кейін теледидарды розеткаға қайта жалғаңыз.
Шам əлі де жыпылықтап тұрған болса, теледидар
сатушысына немесе Panasonic қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Анықтама алу туралы
Көмек алу үшін жергілікті Panasonic дилеріне
хабарласыңыз.
Егер осы теледидар жоқ жерден анықтама сұрайтын
болсаңыз, біз осы теледидардың қосылымы, құбылысы
жəне т.б. үшін визуалды растауды қажет ететін мазмұн
туралы жауап бере алмаймыз.
TX-58_65GXR700_KK.indb 21TX-58_65GXR700_KK.indb 21 30/5/2019 10:51:47 AM30/5/2019 10:51:47 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать