Polaris PRE A 0920 Инструкция по эксплуатации онлайн [20/23] 706776

Polaris PRE A 1125 Инструкция по эксплуатации онлайн [20/23] 377276
20
Жинақталуы
Құрал 1 дана.
Шығыршық дөңгелектер 4 дана.
Шығыршық дөңгелектерді бекіту үшін U- бейнелі бұрандамалар
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық 1 дана.
Кепілдік талоны 1 дана.
Қызмет көрсету орталықтарының тізімі 1 дана.
Құралды жұмысқа дайындау
Құралды қорабынан шығарыңыз, оны төңкеріп қойыңыз, содан кейін оны пенопластқа орнықтырыңыз.
Қоректендіру кабелінде ақаулықтар барма тексеріңіз, сондай-ақ, тасымалдау кезінде құралдың
бұзылмағанына көз жеткізіңіз.
Егер құралдың бір ақаулығы бар болса, оны іске қоспаңыз.
Назар аударыңыз!
Радиаторды тек тік күйінде пайдаланыңыз (дөңгелектері астында, басқару жоғарғы жағында). Құралды
басқа күйде қолдансаңыз, қауіпті жағдай тууы мүмкін.
Шығыршық дөңгелектерді орнатып, бекіту.
1. Құралда пайдаланар алдында оның шығыршық дөңгелектерін орнатып, бекіту керек.
2. Құралды абайлап, төменгі жағын жоғары қаратып төңкеріңіз
(құралдың астына жұмсақ мата қойыңыз, қатты бетке қоюға
болмайды).
3. U- бейнелі қапсырмадан ( бекітетін темір) елтірі сомындарды (гайка)
бұрап шығарыңыз. U- бейнелі қапсырманы радиатордың қабырға
арасына орнатыңыз.
Радиаторлар шығыршық дөңгелектерімен бірге арнайы плотформада
жеткізіледі. Шығыршық дөңгелектер радиатордың екі жағынан
бірінші және екінші қабырға арасына орнатылады.
4. U- бейнелі қапсырманың иір ойық жағын шығыршық дөңгелектердің тілімінің саңылауына
орнатыңыз.
5. U- бейнелі қапсырманы елтірі сомындармен (гайка) бұрап орнатыңыз.
6. Қалған қарама-қарсы шығыршық дөңгелектерді 2,3,4,5 бөлімдердегі әрекеттерді қайталап
орнатыңыз.
Құралды пайдалану
Құралды қолданар алдында оның жазықтық, тегіс және берік еденде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құралды электр желіге қоспас бұрын құралдың қуаттылығын ауысытырып қосатын тетігі «
(OFF) күйінде, ал термостаттың реттеуіші ең төменгі қуаттылықта тұрғанын қадағалаңыз. Содан
кейін ашаны розеткаға жалғаңыз.
Қуаттылықты ауыстырып-қосатын тетігін келесі қалыптардың біріне орнатып, қойыңыз:
І қалыбы – қыздырудың ең төменгі деңгейі.
ІІ қалыбы қыздырудың орташа деңгейі.
III қалыбы қыздырудың ең жоғары деңгейі
Скачать