Polaris PUH 7040Di Руководство по эксплуатации онлайн [32/35] 707190

Polaris PUH 7040Di Руководство по эксплуатации онлайн [32/35] 707190
32
Сондай-ақ, Сіздің ылғалдандырғышыңызды қақтан және ластанудан тазарту үшін
сіркесудың әлсіз ерітіндісін қолдануға болады.
Бұл үшін судың 2/3 бөлігін және сіркесудың 1/3 бөлігін араластырыңыз.
Осы қоспаны ылғалдандырғыштың ішіне құйыңыз да, осылайша 15 минутқа қалдырыңыз.
Ылғалдандырғышты таза сумен шайып шығыңыз, және құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Сәуле шығарғышқа қақ және тұнба түскен жағдайда, оған жоғарыда аталған қоспалардың біреуін
алып, одан бірнеше тамшы тамызып, құралдың түбінде орналасқан алмалы қылшақпен барлық
ластанған жерлерін тазартыңыз.
Қоспамен тазартқаннан кейін таза сумен шайып тастаңыз.
Құралды тазарту барысында керосин, бензин, химиялық еріткіштерді, сонымен қатар абразивті
жуғыш құралдарын ешқашан пайдаланбаңыз.
Еріткіштерді немесе абразивтерді қолданбаңыз.
Құралды тазарту барысында, оның ішіне судың тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз.
Құралды сақтауға жинамас бұрын, оны әрдайым тазартып тұрыңыз. Құралдың барлық
бөлшектерін құрғата сүртілгеніне көз жеткізіңіз.
Сүзгіні тазарту:
Керамикалық сүзгінің жұмыс ресурсы – 1000 л тең, осы сбепте бұл сүзгідегі керамикалық
шарларды осы судың көрсетілген мөлшерін тұтынып болған соң, тазартып тұру қажет, бұл
сүзгінің жұмысын белсендіруге мүмкіншілік береді. Сүзгіні тазарту үшін келесі әрекеттерді
орындау қажет:
1. Суға арналған сауыттың қақпағын ашыңыз, керамикалық шарлары бар пластик контейнерді
ажыратып алу үшін жоғарғы бөлігін бұрап алыңыз.
2. Керамикалық шарлары бар пластик контейнерді таза 6% спиртті сірке су бар бір ыдысқа 10
минутқа салыңыз.
3. Сүзгішті сірке су бар ыдыстан шығарыңыз, бірнеше рет сілкіп жіберіңіз, содан кейін таза
судың астында жуыңыз.
4. Сүзгімен әрі қарай пайдалануға болады.
Сүзгілерді тазартып, жуған соң, кептіруге үмытпаңыз, оларды тек қана құрғақ күйінде құрылғыға
орнатып, сақтауға болады.
Сақтау жөніндегі шарт
Электрлі құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын, салыстырмалы
ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар материалдарына теріс әсер
ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда сақталуы
тиіс.
Тасымалдау жөніндегі шарт
Электрлі құралдарды нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес
жабық көлік құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды. Құралды тасымалдау барысында
түпнұсқалық зауыттық ораманы пайдаланыңыз.
Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен, агрессивті
ортадан сақтау қажет.
Ескертпе: Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құралын әдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге лақтырмай, жоятын ресми орынға өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған ортаны
сақтауға көмектесесіз.
Скачать