Polaris PMC 0519D Инструкция по эксплуатации онлайн [80/106] 90495

Polaris PMC 0519D Инструкция по эксплуатации онлайн [80/106] 90495
80
Бұл бағдарламада соңғы орнатылған бағдарламаның реттеулері сақталады. «Старт»
сенсорына басқан кезінде құралдың жадысында әр әзірлеу кезеңінде орнатылған
температураның және уақыттың мәні сақталып, құралды қайтадан қосқан сайын шығып,
көрінеді.
- “МУЛЬТИАСПАЗ және «МУЛЬТИАСПАЗ PLUS» бағдарламаларында, тағамды әзірлеу
процесін қадағалау мүмкіндігі бар, сондай-ақ, кез-келген уақытта құралдың қақпағын ашып,
дайын болу кезеңін тексеріп, тағамның толығымен дайын болғанына көз жеткізіп, құралды
сөндіруге болады.
«Старт» сенсорына басқан соң, «ЖЫЛЫТУ БОЛДЫРМАУ» сенсордың индикаторы жанады,
іске қосылады, бұл бағдарламаның жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, құрылғы автоматты
түрде «ЖЫЛЫТУ» режиміне өткенің білдіреді. Сонымен бағдарлама аяқталып,
«ЖЫЛЫТУ» режиміне ауысқан кезде автожылыту режимін болдырдытпау үшін «СТАРТ»
сенсорына тағы бір рет басыңыз, «ЖЫЛЫТУ / БОЛДЫРМАУ» батырмасының индикаторы
сөнеді.
- Бағдарламаны іске қосқаннан кейін, дисплейде тағам әзірлеу уақытының кері санауы
және іске қосылып тұрған кезеңінің нөмірі көрінеді.
- Қажетіне қарай әзірлеу барысындағы бағдарламаның жылыту режиміне өтуін
«ЖЫЛЫТУ/БОЛДЫРМАУ» сенсоры арқылы үзіп тастауға болады, сонымен құрал күту
режиміне ауысады.
Мультипісіргіш жұмыс уақыты аяқталғысымен дыбыстық сигнал шығарады. Сонымен,
құрылғы автоматты түрде жылыту режиміне өтеді, егер бұл режим бұрыннан жойылмаған
болса. Автоматтық жылыту режимде дисплейдегі уақыттың тікелей есебі басталады, бұл
тағам жылыту режимінде қанша уақыт тұрғанын көрсетеді.
Жылыту режимін өшіру үшін «ЖЫЛЫТУ/БОЛДЫРМАУ» сенсорына басыңыз, сонымен
құрылғы күту режиміне ауысады. Құралды өшіріңіз.
Ескертпе:
1) Қақпақтың әзірленетін тағамның түрлеріне сәйкестікте орналасуын қадағалауды
өтінеміз. Сонымен, мысалы, макарон өнімдерін әзірлеу кезінде мультипісіргіштің
қақпағын ашық қалдыруға кеңес беріледі, өйткені, әзірлеу барысында көп көпіршік
түзіледі.
2) Егер қуыру режимінде МУЛЬТИАСПАЗ бағдарламасы пайдаланатын болса,
ингредиенттерді құралды жылытқаннан кейін салыңыз. Құралдың қақпағы ашық
күйінде болуы тиіс.
3) «Мультиаспаз» көп сатылы режимінде орнатылатын максимальді жұмыс уақыты-12
сағат. Әзірлеу жалпы уақытты көзделген уақыттан асыра орнатсаңыз, бұл уақыттың
мәні шектеліп, орнатылмайды.
4) «МУЛЬТИАСПАЗ» и «МУЛЬТИАСПАЗ PLUS» бағдарламалардағы кезеңінің максималды
жұмыс уақыты 3 сағат болады, егер температура 150 -ден бастап 160 -тың
аралығында болса, бұл шектеу тостағанның керамикалық жабының қызмет мерзімін
ұзартады.

Содержание