Polaris PMC 0519D Инструкция по эксплуатации онлайн [88/106] 90495

Polaris PMC 0519D Инструкция по эксплуатации онлайн [88/106] 90495
88
«Йогурт»
Мультипісіргіш 0519D йогурт әзірлеуге арналған құрылғының тамаша алмастырғышы болып
табылады. Әзірлеудің арнайы бағдарламалық режиміне қоса, жинаққа тағам әзірлеу мен сақтауға
арналған, тағамдық пластиктен жасалған ыңғайлы 6 сыйымдылық қосылған.
“Йогурт” режимі бифидобактериялардың өсуіне қажетті және ашытқы мен сүттен тамаша
йогурт алуға қажетті тұрақты температураны (+38 - +40°С) қолдайды.
- Құралды іске қосыңыз, құрал іске қосылған кезде экранның көмескі жарығы жанып,
қызғылт сары түсті болады.
- Қажетті қоспалардың барлығын рецептураға сәйкесе, тостаққа салыңыз. «Құралды
пайдалану» тарауын басшылыққа алыңыз.
- Бұл режимде әзірлеу кезінде қақпақты жабуға кеңес береміз. Қақпақ дұрыс
жабылмағанда нәтижесі талабыңыздан шықпауы мүмкін.
- «МӘЗІР» сенсорына басыңыз, қайталап басумен ЙОГУРТ режимін таңдап алыңыз,
сонымен, дисплейде таймер мен ЙОГУРТ жазбасы жыпылықтай бастайды.
- Жыпылықтап тұрған таймерде уақыттың мәні көрсетіледі, осы режимге бекітілген уақыт
режимі бойынша тағамды әзірлеу уақыты 8 сағат. Әзірлеудің уақыт диапазоны, тағам
әзірлеудің рецептіне қарай 6 сағаттан бастап 12 сағаттың аралығында өзгеруі мүмкін
сонымен, «Көрсеткіш оғы жоғары және көрсеткіш оғы төмен » белгілері бар
сенсорларын қолданып, сағат мәнін 30 минуттық қадамымен орнатыңыз. Әзірлеу
уақытты орнату барысында дисплейдегі таймер жыпылықтай бастайды.
- Бағдарламаны іске қосу үшін СТАРТ сенсорына басыңыз, дыбысты сигнал естіледі,
мультипісіргіш тағамды белгіленген режимінде әзірлей бастайды. Бұл бағдарлама
аяқталғаннан кейін құрылғы «ЖЫЛЫТУ» режиміне өтпейді.
- Бағдарламаны іске қосқаннан кейін, дисплейдегі тағам әзірлеу уақытының кері санауы
көрінеді.
- Қажетіне қарай әзірлеу барысындағы бағдарламаның жылыту режиміне өтуін
«ЖЫЛЫТУ/БОЛДЫРМАУ» сенсоры арқылы үзіп тастауға болады, сонымен құрал күту
режиміне ауысады. Мультипісіргіш жұмыс уақыты аяқталғысымен дыбыстық сигнал
шығарады

Содержание