Philips HD7762 Руководство по эксплуатации онлайн [9/36] 726991

Philips HD7762 Руководство по эксплуатации онлайн [9/36] 726991
- Осы пайдаланушы нұсқаулығын қолданып шешуге келмейтін мәселе
пайда болса, өз еліңіздегі Тұтынушыларға қолдау көрсету
орталығына хабарласыңыз. Егер мәселе шешілмесе, құралды тексеру
және жөндеу үшін Philips компаниясының рұқсаты бар қызмет
көрсету орталығына апарыңыз. Құралды өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз,
әйтпесе кепілдік жарамсыз болады.

- Құралды ыстық бетке қоймаңыз және ток сымының ыстық бетіне
тиюін болдырмаңыз.
- Үгіту немесе демдеу кезінде ақаулық пайда болса және тазалауды
бастамас бұрын, құралды қуаттан ажыратыңыз.
- Жұмыс істеп жатқан кезде құралды жылжытпаңыз.
- Құрал пайдалану барысында ыстық болады. Сақтамас бұрын құралды
суытып алыңыз.
- Кофені демдеп жатқанда, құралдың төменгі бөлігі мен құманының
асты ысып кетеді.
- Құралды орауынан шығарған соң, оның бүтін және зақымдалмағанын
тексеріңіз. Егер күмәніңіз болса, құралды пайдаланба, өз еліңіздегі
Тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Бұл құрал тек үйде пайдалануға арналған. Дүкен, кеңсе, ферма сияқты
жұмыс орындарының асханасы сияқты орталарда қолдануға
жарамайды. Қонақ үй, мотель, жатақ пен таңғы ас берілетін орындар,
басқа да тұрғылықты орталарда қолдануға да болмайды.

Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сай.
Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми дәлелдерге
сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.

Қосалқы құралдар немесе қосалқы бөлшектер сатып алу үшін,
 сайтына кіріңіз немесе Philips дилеріне барыңыз.
Сондай-ақ,еліңіздегі Philips Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз (байланыс
мәліметтерін дүниежүзілік кепілдік парақшасынан қараңыз).

- Қызмет мерзімі аяқталғанда, құралды әдеттегі қоқыспен бірге тастамай, ресми жинау
орнына тапсырыңыз. Осылайша, сіз қоршаған ортаны сақтауға көмектесесіз (Cурет 1).

Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса,  сайтына кіріңіз
немесе бөлек дүниежүзілік кепілдік парақшасын оқыңыз.
 9
4222_200_0053_1_DFU_Booklet_PR_A5_v4.indd 9 7/17/13 3:30 PM

Похожие устройства

Скачать