Polaris PMC 0513ADG Инструкция по эксплуатации онлайн [68/78] 91725

68
«Буда пісіру» бағдарламасы
Мультипісіргіш 0513ADG Сіздің ас үйіңіздегі дәстүрлі булап пісіргіштерді алмастыра алады.
“Буда пісіру” бағдарламасы өнімдердің дәрумендері мен пайдалы қасиеттерін сақтай отырып,
тағамды буда әзірлеуге мүмкіндік береді. Арнайы контейнері, тұғырық табақ-буда пісіргіш
құрылғының жинағымен бірге жеткізіледі.
- Құралды іске қосыңыз. Дисплейде мына - - - - символдар пайда болады.
- Тағамды бұда пісіру үшін тостақты неғұрлым көп дегенде 1/3 мөлшерде сумен
толтырыңыз. Тостағанды мультипісіргішке орнатыңыз.
- Тағамды әзірлеу үшін қажетті қоспалардың барлығын дайындаңыз және тағамды буда
пісіру үшін арнайы контейнерге салыңыз. Контейнерді тостағанға орнатыңыз.
- Бұл режимде әзірлеу кезінде қақпақты жабық күйінде қалдыруға кеңес беріледі.
Қақпақ дұрыс жабылмағанда нәтижесі талабыңыздан шықпауы мүмкін.
- «МӘЗІР» батырмаға кезектеп басыңыз “БУДА ПІСІРУ бағдарламаны таңдап алыңыз,
сонымен, панелде бағдарламаның атауына сәйкес индикаторы жанады.
- Жыпылықтап тұрған таймерде уақыттың мәні көрсетіледі, осы режимге бекітілген уақыт
режимі бойынша тағамды әзірлеу уақыты - 5 минут (су қайнағаннан кейін әзірлеу
уақытының кері есебі басталады). Сонымен әзірлеудің уақыт диапазоны, тағам әзірлеудің
рецептіне қарай 5 минуттан бастап 1 сағаттың аралығында өзгеруі мүмкін.
- Тағамды әзірлеуге қажетті уақытты орнату үшін “САҒАТ” және “МИНУТТАР
батырмаларын қолданыңыз. Сонымен «САҒАТ» және «МИНУТТАР» батырманы
қолданып, тағамды әзірлеуге қажетті уақытты орнатыңыз. Сағатты 1 сағаттық қадамымен
орнатыңыз, ал минуттарды 1 минуттық қадамымен орнату қажет.
- Бағдарламаны іске қосу үшін «СТАРТ» батырмасына басыңыз. Содан кейін бір реттік
дыбыстық сигнал естіліп «Старт» жарық индикаторы жанады.
- Сондай-ақ, «Жылыту» индикаторы жанады, бұл бағдарламаның жұмыс уақыты
аяқталғаннан кейін, құрылғы автоматты түрде «ЖЫЛЫТУ» режиміне өткенің білдіреді.
Бағдарламаның ЖЫЛЫТУ режиміне автоөтуін болдырдытпау үшін «СТАРТ»
батырмасына қайтадан басыңыз, сонымен «Жылыту» индикаторы сөнеді.
- Дисплейде әзірлеу уақытының кері есебі көрінеді.
Егер бағдарламаны уақытының кері есебі аяқталғанша өшіру қажет болса,
«ЖЫЛЫТУ/БОЛДЫРМАУ» батырмасына басыңыз.
Мультипісіргіш жұмыс уақыты аяқталғысымен дыбыстық сигнал шығарады. Құрылғы
автоматты түрде жылыту режиміне өтеді, егер бұл режим бұрыннан жойылмаған болса.
- Температураны қолдау режимін өшіру үшін «ЖЫЛЫТУ/БОЛДЫРМАУ» батырмасына
басыңыз, құралды өшіріңіз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения