Polaris PSS 6501K Руководство по эксплуатации онлайн [19/28] 762174

Polaris PSS 6501K Руководство по эксплуатации онлайн [19/28] 762174
19
Электрлік бу станциясы
POLARIS
PSS 6501K
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
POLARIS сауда таңбасымен шығарылатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғысымызды
білдіреміз. Біздің бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары
талаптарға сәйкес жасалған. Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға
сенімдіміз.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты міндетті түрде
толықтай, мұқият оқып шығыңыз, осы нұсқаулықтың барлық пайдалану ережелерімен мұқият
танысыңыз, онда Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ,
құрылғыны дұрыс пайдалану және оған күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар мен кеңестер
берілген.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге,
мүмкіндігінше, картон қорапта және орама материалымен бірге сақтаңыз.
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, үлгісі PSS 6501K POLARIS сауда таңбасымен
шығарылатын, киім үтіктеуге арналған тұрмыстық электрлік бумен жібітіп үтіктейтін
құрылғы (бұдан әрі мәтін бойынша бумен жібітіп үтіктейтін электрлік құрылғы, бумен
жібітіп үтіктейтін электрлік бу станциясы, электрлік бу генераторы, құрылғы) жөніндегі
техникалық деректері мен сипаттамаларымен, оның құрылғысымен, сонымен қатар
құрылғыны сақтау және пайдалану бойынша ережелерімен танысуға арналған.
2. ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Бұл киім үтіктеуге арналған тұрмыстық электрлік бумен жібітіп үтіктейтін құрылғы электр
энергетикасы саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуы тиіс,
яғни құрылғының пайдалануы «Тұтынушылардың электрлі қондырғыларын техникалық
пайдалану қағидалары» бойынша тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық
пайдалану тәртібін айқындайтын ережелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл киім үтіктеуге арналған бумен жібітіп үтіктейтін электрлік бу генераторы тек қана үйде,
тұрмыстық мақсатта пайдаланылуы тиіс. Бұл электрлік бумен жібітіп үтіктейтін
құрылығыны комерциялық аумақта жоғары жұмыс қарқындылығында ұзақ уақыт бойы
пайдалану, құрылғының шамадан тыс жүктелуiне алып келуі мүмкін, сонымен бірге бұл
құрылғыны шамадан артық ауыр жүктемеде қолданылуы, оның жұмыс істеу мерзімін
азайтып, істен шығуына немесе зақымдалуына әкеледі, сондай-ақ, пайдаланушының өміріне
төнетін қауіп-қатерге ұшыратуы мүмкін немесе оның айналасындағы адамдардың
денсаулығына нұқсан келтіруіне әкеп соғуы мүмкін.
Бұл бумен жібітіп үтіктейтін электрлік бу генераторы осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Егер Сіз құрылғының жұмыс жасау мүмкіндігіне және оның жұмыс қабілеттілігі жөнінде
күмән келтірсеңіз, құрылғыны пайдаланбаңыз.
Әр жолы құрылғыны іске қоспас бұрын, оны қарап шығыңыз. Құрылғының және оның
электр желілік баусымның қандай да бір ақаулығы анықталған жағдайда, құрылғыны ешбір
жағдайда электр желіге, ашалы розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Бумен жібітіп үтіктейтін электрлік бу генераторы еденге не жерге құлаған жағдайда, оның
көзге анық көрінетін қандай да бір ақаулығы (зақымдауы) байқалған кезде, құрылғыны
қолданбаңыз. Құрылғы еденге не жерге құлап кетсе, оны қолданар алдында, білікті маман
тексеріп шығуы керек.
Аталған құрылғыны қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда,
кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, сондай-ақ, құрылғыны қолдану үшін білімі
мен тәжірибесі жоқ не оны қолдана білмейтін немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық,
физикалық ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған.
Олар бұл құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы
бойынша пайдалануға тиіс. Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеу үшін оларды
қадағалап отырыңыз.
Іске қосылып, жұмыс істеп тұрған құрылғыны қадағалаусыз қалдырмаңыз. Құрылғыны
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Содержание

Скачать