Polaris PSS 6501K Руководство по эксплуатации онлайн [21/28] 762174

Polaris PSS 6501K Руководство по эксплуатации онлайн [21/28] 762174
21
және кәдеге жаратумен айналысатын ресми пунктке өткізіңіз. Осылайша, Сіз
қоршаған ортаны сақтауға өз септігіңізді тигізесіз.
3. БУМЕН ЖІБІТІП ҮТІКТЕЙТІН ҚҰРЫЛҒЫМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ
БАРЫСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ НҰСҚАУЛАР
Үтіктің ыстық табанын алақаныңызбен ұстамаңыз. Құрылғының тұтқасын және оның
батырмалары мен тетіктерін қолданыңыз.
Үік еденге не жерге түсіп құлап кетсе, оның көзге анық көрінетін қандай да бір ақаулығы
(зақымдауы) байқалған кезде немесе құрылғыдағы тұмшаланғандығының бұзылуы
байқалса, құрылғыны қолданбаңыз.
Үтіктеу барысында және үтіктеу арасында тым қысқа уақытқа үзіліс жасайтын болсаңыз
да үтікті әрдайым құрылғыдағы таяныш түпқоймасына орнатып қойыңыз.
Электр желіге қосылып тұрған бумен жібітіп үтіктейтін электрлік құрылғыны, яғни үтікті
қадағалаусыз қалдыруға болмайды. Үтіктеп жатқан бөлмеден шығар алдында бумен
жібітетін үтіктегіш құрылғыны жалғасып тұрған электр желісінен ажыратыңыз, Сіз
бөлмеден тым қысқа уақытқа шығатын болсаңыз да, бұл ережені жоққа шығаруға
болмайды, қашанда бөлмеден шығар кезде үтікті электр ток көзінен ажыратыңыз.
Ешқашан да үтікті үтіктейтін тақтайдың үстінде қалдырмаңыз. Үтіктеу барысында және
үтіктеу арасында тым қысқа уақытқа үзіліс жасайтын болсаңыз да үтікті әрдайым
құрылғыдағы таяныш түпқоймасына орнатып қойыңыз.
Балаларды үтіктен алшақ ұстаңыз, әсіресе, буды шығару функциясын қолданған кезде.
Жұмыс барысында бумен жібітіп үтіктейтін электрлік бу генераторы қатты қызады және
үтіктің табанын ұстау немесе үтіктен шығатын ыстық будың теріге тиюі теріні қатты
күйдіруі мүмкін.
Үтіктен шығатын ыстық бу өте қауіпті. Құрылғыдан шығатын будың ағынын
адамдарға, жануарларға бағыттауға тыйым салынады.
Адамның үстіндегі киімді бумен жібітіп үтіктеуге тыйым салынады және адамның
үстінде киімдегі қыртысын жазуға болмайды.
Бумен жібітіп үтіктейтін электрлік құрылғыны жұмыс істеп тұрған пештің, газ немесе
электрлік плитаның қасында немесе басқа да жылу шығаратын көздерінің немесе жұмыс
істеп тұрған электрқыздырғыш аспаптардың және электр құрылғылардың жанында
пайдаланбаңыз.
Желілік баусымның және бу жіберуге арналған жалғастырғыш құбыршегінің қандай да
бір ыстық заттарға немесе үтіктің табанына тиюіне жол бермеңіз.
Әр жолы құрылғымен пайдаланып болғаннан кейін, сонымен қатар, құрылғыны сақтауға
алып қоймас бұрын, немесе құрылғыны және оның суға арналған резервуарын тазартпас
бұрын құрылғының іске қосу/сөндіру батырмасын басып, оның желілік баусымның
айыртетігін электр желісінен ажырату қажет.
Құрылғының суға арналған резервуарына сірке қышқылын немесе қақ тазартуға
арналған арнайы заттарды құюға болмайды.
Үтіктің табанын өткір металл беттерге тигізбеңіз және үтік табанының өзге де өткір
заттармен жанасуына жол бермеңіз, бұл үтік табанындағы сызаттарды болдырмауға
және оның қызмет ету жарамдылық мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.
Назар аударыңыздар!
Құрылғыны қаптама қорабына салмас бұрын, оны тігінен қойып, ол толық суығанша
күте тұрыңыз.
4. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ
Бұл киім үтіктеуге арналған бумен жібітіп үтіктейтін электрлік бу генераторы тек қана үйде,
тұрмыстық мақсатта пайдаланылуы тиіс.
Құрылғыны өнеркәсіптік және коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады,
сондай-ақ, бұл электрлік құрылғыны бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз.
Өндіруші осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта қарастырылмаған немесе дұрыс
пайдаланбаудың нәтижесінде туындаған залал үшін жауапты емес.
5. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Бұл тұрмыстық электрлік бу генераторы тек қана үйде, тұрмыстық мақсатта осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес, тұрмыстық ортада және соған ұқсас үй жағдайларда
ғана, бөлменің қалыпты болып саналатын температурасы мен ылғалдылығында, түрлі киім-кешек
пен төсек-орын жаймаларын булап жібіту үшін сонымен қатар, бумен жібітіп үтіктеу үшін
пайдаланылады.

Содержание

Скачать