Polaris PSS 6501K Руководство по эксплуатации онлайн [23/28] 762174

Polaris PSS 6501K Руководство по эксплуатации онлайн [23/28] 762174
23
6. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҒЫ
1. Бу станциясы құрастырылып жиналған 1 дана.
2. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық 1 дана.
3. Қызмет көрсету орталықтарының тізімі 1 дана.
4. Кепілдік талоны 1 дана.
5. Құрылғының орамасы (полиэтилен пакеті + қаптама қорабы) 1 дана.
7. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСПАС БҰРЫН ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ДАЙЫНДАУ
1. Құрылғының қаптама қорабын ашып, құрылғыны абайлап алып шығарыңыз.
2. Бу генератордың сыртқы жұмыс бетінен барлық жапсырмаларды алып тастаңыз және оның жұмыстық
қабатынан, яғни оның үтік табанынан полиэтиленді қорғаныс үлдірін шешіп алыңыз.
3. Құрылғыны әр қолданар алдында оның суға арналған резервуарын суық сумен толтырыңыз, сондай-
ақ, құрылғының суға арналған резервуарында судың деңгейі, оның минималды мөлшерінен, яғни ең
төменгі белгісі бар меже сызығынан төмен түсіп кеткен жағдайда, оны сумен толтырыңыз. Құрылғыны
пайдалану барысында, оның суға арналған резервуарын кез келген уақытта сумен толтыруға болады.
4. Құрылғының суға арналған резервуарын MAX белгісі бар меже сызығына дейін таза суық сумен
толтырыңыз.
5. Бу генераторды жасау барысында, оның саңылауларына түсіп кетуі мүмкін шаң-тозаң матаны
бүлдірмес үшін, бу генератордың жұмыстық қабатын, яғни үтіктің жұмыстық қабатындағы бу
жіберілетін саңылауларын тазартыңыз.
6. Үтіктеуді бастамас бұрын, бу генератордың жұмыстық қабатын, яғни оның үтік табанын сәл ғана
дымқыл, жұмсақ шүберекпен сүртіп шығыңыз.
7. Бу станция ретіндегі генераторды алғаш рет пайдаланар алдында, оның жұмыстық қабаты (үтік табаны)
жеткілікті түрде таза екендігіне көз жеткізу үшін, алдымен керексіз шүберекті үтіктеңіз.
Назар аударыңыздар!
Бу генераторының кейбір бөлшектерін оларды өндіру барысында маймен жағып майлайды, сондықтан
құрылғыны алғашқы рет қосу барысында үтіктен аздап түтін шығуы мүмкін, бұл тез аяқталатын
қалыпты құбылыс және мұндай әсердің болуы құралдың қалыпты жұмыс істеуі болып саналады да,
оның ақаулы екендігін және істен шыққандығын білдірмейді. Құрылғыны біраз уақыт пайдаланғаннан
кейін түтін шықпайтын болады.
Назар аударыңыздар!
Жаңа үтіктің суға арналған резервуарында аз ғана мөлшерде су болуы мүмкін. Бұл өндіруші үтікті
қосымша тексергендігін көрсетеді.
8. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
1. Бумен жібітіп үтіктейтін электрлік құрылғыны (электрлік бу станциясы ретінде қолданылатын бу
генераторды) тегіс, берік қабатта орналастырып қойыңыз.
Назар аударыңыздар!
Қауіпсіздік мақсатында үтіктеу барысында құрылғының таяныш түпқоймасын (базасын)
тұрақты үтіктеу тақтасына орналастыруға кеңес беріледі.
2. Құрылғының суға арналған резервуарында су мөлшерін үнемі тексеріп отырыңыз, оның ішінде
жеткілікті мөлшерде су бар екенін тексеріңіз.
3. Құрылғыны іске қосу үшін, оның электр желілік баусымның айыртетігін жерге тұйықталған электр
желісіне (электр жүйесінің розеткасына) жалғастырып қосыңыз, содан кейін құрылғының электрлік
қоректендіру батырмасын басыңыз, сол сәтте құрылғыдағы электрлік қоректендіру, яғни іске қосу
батырмасының индикаторы жанып, тұрақты түрде үнемі жанып тұрады немесе жыпылықтай
бастайды, бұл құрылғының қуат көзін қосып ажырататын индикаторының (6) үнемі жыпылықтауы
мен жарықтануы құрылғының қосулы күйде екенін білдіреді.
4. Үтікті оның таяныш түпқоймасынан алу үшін, үтікті бұғаттан босату (4) батырмасын басыңыз.
Құрылғыдағы бусыз функциясын қолданып, бұйымдарды құрғақ үтіктеу режимінде үтіктеу
Барлық маталардың түрлерін үтіктеуге мүмкіндік беретін SmartTemp оңтайлы температураны
таңдау технологиясын қолдана отырып, бұл бу генераторы жасалып шығарылған, бұл
технологиясының арқасында барлық маталардың түрлерін үтіктеуге рұқсат етіледі (үтіктеу
барысында температуралық режимін баптауға немесе бу жіберудің режимін реттеуге ешқандай
қажеті жоқ (төмендегі кестеде көрсетілген ақпаратты қараңыз)).

Содержание

Скачать