Maxwell MW-3016 W [18/42] Қазақ

Maxwell MW-3016 PK [18/42] Қазақ
ҚазаҚ
18
Ескерту
Бірінші қосқан кезде үтіктің қыздыратын
элементі күйеді, сондықтан аз көлемдегі
түтіннің немесе бөтен иістің пайда болуы
бұл қалыпты құбылыс.
Суды таңдау
Сауытты толтыру үшін құбырдағы суды пайдалануға
болады.
Егер құбырдағы су қатты болса, оны 1:1 қатынасында
дистильденген сумен араластыру ұсынылады, өте
қатты су болған жағдайда оны 1:2 қатынасында
дистильденген сумен араластырыңыз немесе тек
дистильденген суды пайдалаңыз.
Суға арналған сауытты толтыру
Суды үтікке құю алдында, оның желіден
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
•
Температура реттегішін (10) «MIN» күйіне, ал
тұрақты бу беру реттегішін (3) « » күйіне
орнатыңыз (сур.1).
•
Құю саңылауының қақпағын (2) ашыңыз.
•
Өлшейтін стаканшаны (15) пайдаланып, суды
құйыңыз, қақпақты (2) тығыз жабыңыз (сур.2).
Ескерту:
- Суды MAX белгісінен (13) жоғары толтырмаңыз.
- Суға арналған сауытқа (12) хош иісті
сұйықтықтарды, сірке суды, крахмал ерітіндісін,
қақты жоюға арналған реагенттерді, химиялық
заттарды және т.с.с.-ларды құюға тыйым
салынады.
- Егер үтіктеу кезінде суды толтыру қажет
болса, онда үтікті сөндіріңіз және желілік айыр
тетікті ашалықтан ажыратыңыз және суды
құйыңыз.
- Үтіктеп болғаннан кейін үтікті сөндіріңіз, оның
толық салқындауын күтіңіз, одан кейін құятын
саңылаудың қақпағын (2) ашыңыз, үтікті
төңкеріңіз және қалған суды төгіңіз.
Үтіктеу температурасы
Қолдану алдында, үтіктің табаны (14) және суға
арналған сауыт (12) таза екеніне көз жеткізу үшін
қызған үтікті матаның кішкентай бөлігінде тексеріңіз.
•
Әрқашан үтіктеу алдында үтіктеудің ұсынылған
температурасы көрсетілген бұйымның
жапсырмасын қараңыз.
•
Егер үтіктеу бойынша нұсқаулары бар жапсырма
болмаса, бірақ сіз матаның түрін білсеңіз, онда
үтіктеу температурасын таңдау үшін кестеге
қараңыз.
Белгілеулер Матаның түрі (температура)
Синтетика, нейлон, акрил, полиэстер
(төмен температура)
••
Жібек/жүн (орташа температура)
•••
Мақта/зығыр (жоғары температура)
MAX
Максималды температура
•
Кесте тек біртегіс маталарға қолданылады. Егер
мата басқа түрлі болса (бүктелген, бедерлі және
т.с.с.), онда оны төмен температурада үтіктеген
дұрыс болады.
•
Әуелі заттарды үтіктеу темперетурасы бойынша
сұрыптаңыз: синтетиканы синтетикаға, жүнді -
жүнге, мақтаны – мақтаға және т.с.с.
•
Үтік салқындауға қарағанда тезірек қызады.
Сондықтан әуелі төмен температура кезінде
үтіктеу ұсынылады (мысалы, синтетикалық
маталар).
•
Содан кейін анағұрлым жоғары температура
кезіндегі үтіктеуге көшіңіз (жібек, жүн). Мақтадан
немесе зығырдан жасалған заттарды соңында
үтіктеңіз.
•
Егер матаның құрамына аралас талшықтар
енсе, онда ең төмен температураны белгілеу
қажет (мысалы, егер бұйым полиэстерден және
мақтадан құралса, онда оны полиэстерге сәйкес
температурада үтіктеу қажет «•»).
•
Егер сіз матаның құрамын анықтай алмасаңыз,
онда бұйымды киген кезде көрінбейтін
жерді табыңыз, және тәжірибелік жолмен
температураны таңдаңыз (әрқашан ең төменгі
температурадан бастаңыз және оны қажетті
нәтижеге жеткенге дейін біртіндеп көтеріңіз.).
•
Тез сетінейтін шибарқыт және басқа да
маталарды тек бір бағытта сәл ғана басып (түктің
бағытымен) үтіктеу керек.
•
Синтетикалық және жібек маталардағы
сетінейтін дақтардың пайда болуын болдырмау
үшін, оларды ішкі жағынан үтіктеңіз.
Үтіктеу температурасын белгілеу
•
Үтікті тік күйде орнатыңыз.
•
Желілік баудың айыр тетігін ашалыққа қосыңыз.
•
Реттегішті (10) бұрап, қажетті үтіктеу
температурасын матаның түріне байланысты
белгілеңіз: «•», «••», «•••» немесе «MAX», сол
кезде көрсеткіш (7) жанады (сур.7.).
•
Үтік табанының (14) температурасы белгіленген
температураға жеткенде, көрсеткіш (7) сөнеді,
үтіктеуге кірісуге болады.
MW-3016.indd 18 26.11.2012 17:12:26

Содержание

Скачать