Lenovo Tab M7 TB-7305I 16Gb [34/42] Қызмет және қолдау ақпараты

Lenovo Tab M7 TB-7305I 16Gb [34/42] Қызмет және қолдау ақпараты
32
Қызмет және қолдау ақпараты
Төменде өнімнің кепілдік мерзімі немесе жарамдылық мерзімі ішінде өніміңізге
ұсынылатын техникалық қолдау туралы мәлімет берілген. Lenovo кепілдік
шарттары бойынша толық анықтама алу үшін Lenovo шектеулі кепілдігін (Lenovo
ШК) қараңыз. Толық кепілдікке қол жеткізуге қатысты мәлімет алу үшін төменірек
осы құжатта берілген «Lenovo шектеулі кепілдігі туралы ескертуді» қараңыз.
Онлайн техникалық қолдау көрсету
Өнімнің толық қызмет ету мерзімінде онлайн техникалық қолдауды мына сайттан
алуға болады: https://support.lenovo.com.
Телефонмен техникалық қолдау көрсету
Тұтынушыға қолдау көрсету орталығынан телефон арқылы көмек және ақпарат
алуға болады. Lenovo техникалық қолдау көрсету өкіліне хабарласудан бұрын,
келесі ақпаратты дайындап қойыңыз: құрылғы үлгісі мен сериялық нөмірі, қате
туралы хабарламаның дәл мәтіні және ақаудың сипаттамасы.
Қоңырау шалып, сөйлесіп отырған кезде, құрылғыңыз жаныңызда болса,
техникалық қызмет көрсету бөлімінің өкілі ақауды шешуге қатысты әрекеттерді
айтып беруі мүмкін.
Lenovo компаниясының Дүниежүзілік қолдау көрсету
телефондарының тізімі
Маңызды: телефон нөмірлері алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы телефондарының ең соңғы тізімін
әрдайым келесі мекенжайдан алуға болады: http://www.lenovo.com/support/phone.
Егер сіздің еліңіз бен аймағыңызға арналған телефон нөмірі тізімде көрсетілмесе,
Lenovo сауда өкіліне немесе маркетинг жүргізу өкіліне хабарласыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать