Sony PlayStation PS Move (CECH-ZCM2E) [22/32] Пайдаланбастан бұрын

Sony PlayStation PS Move (CECH-ZCM2E) [22/32] Пайдаланбастан бұрын
22
KZ
Пайдаланбастан бұрын
ˎ Осы нұсқаулықты және үйлесімді жабдық нұсқаулықтарын
мұқият оқыңыз. Нұсқауларды алда пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
ˎ Жүйені әрқашан жүйелік бағдарламаның соңғы нұсқасына
жаңартыңыз.
Сақтық шаралары
Қауіпсіздік
ˎ Бұл өнімді ұзақ пайдаланбаңыз. Әрбір бір сағат ойын
барысында 15 минут үзіліс жасаңыз.
ˎ Шаршай бастасаңыз, қолыңыз ауырып жайсыздықты сезсеңіз,
дереу жүйені пайдалануды тоқтатыңыз. Денсаулығыңыз
қалпына келмесе, дәрігерге қаралыңыз.
ˎ Егер сізде төменде көрсетілген денсаулық мәселелерінің бірі
болса, дереу жүйені пайдалануды тоқтатыңыз. Егер де
белгілер сақталса, дәрігерге қаралыңыз.
ˋ Бас айналу, жүрек айну, қалжырағандық немесе тербелуге
ұқсас белгілер
ˋ Дене мүшелерінің мысалы, көз, құлақ, алақан немесе қол
ауруы
ˎ Өнім тек қолмен пайдалануға арналған.
ˎ Осы өнімнің діріл функциясы жарақаттарға себеп болуы
мүмкін. Егер қандай да бір сырқатыңыз болса немесе
сүйектердің, буындардың немесе қолдың бұлшық еті
зақымдалған болса, діріл функциясын пайдаланбаңыз. Діріл
функциясын функциялар экранындағы
(Settings)
(Параметрлер) мәзірінде қосуға немесе өшіруге болады.
ˎ Өнімді бетіңізден немесе көзіңізден 20 см-ден астам
қашықтықта ұстаңыз.
ˎ Өнімді кішкене балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
Жас балалар құрылғыны бұзуы, кішкентай бөлшектерді жұтып
қоюлары немесе кабельдерге оралып қалулары, не болмаса
абайсызда өздерін немесе басқаларды жарақаттаулары
мүмкін.
Қолдану және қызмет көрсету
ˎ Басқару құралын пайдаланғанда төмендегі жағдайларды
ескеріңіз.
ˋ Пайдаланудың алдында
айналаңызда жеткілікті орын
бар екенін тексеріңіз.
ˋ USB кабелі қосулы болғанда
пайдаланбаңыз.
ˋ Жеткізілген таспаны
басқару құралына жалғап,
басқару құралы әрқашан
қол астында болуы үшін
бауды білегіңізге тағыңыз.
ˋ Басқару құралының қолдан сырғып кетіп, затты немесе
адамды зақымдауын немесе жарақаттауын болдырмау
үшін, оны қатты ұстаңыз. Сондай-ақ басқару құралын тым
қатты бұлғамаңыз.
ˎ Шарды қыспаңыз, қатты ұстамаңыз немесе үстіне заттар
қоймаңыз, олай істеген жағдайда шардың пішіні өзгереді.
ˎ Сұйықтықтың немесе кішкентай бөлшектердің өнімге кіруіне
жол бермеңіз.
ˎ Өнімді ылғал қолмен ұстамаңыз.
ˎ Өнімді лақтырмаңыз немесе тастамаңыз, не болмаса оған
қатты соққы тигізбеңіз.
ˎ Өнімнің үстіне ауыр заттар қоймаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать