Атлант 8038-101 [16/24] Мұздатқыш ларды

Атлант 8038-101 [16/24] Мұздатқыш ларды
16
KAZ
Құрметті сатып алушы!
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқи отырып, Сіз мұздатқышты (бұдан әрі мұздатқыш) одан әрі дұрыс
пайдалана аласыз. Мұздатқыштың қызмет ету мерзімі бойы пайдалану нұсқаулығын сақтаңыз.
Мұздатқышты сатып алған кезде кепілдік картасының дұрыс толтырылуын, оны сатқан ұйым мөртабанының болуын
және жыртылмалы талондардағы сату күнін тексеріңіз.
МҰЗДАТҚЫШ ЛАРДЫ
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
1.1 Мұздатқыш лар 1-суретке сәйкес жаңа піскен тағамды
мұздатуға, мұздатылған тағамды ұзақ уақыт сақтауға арналған.
1.2 Мұздатқыш моделіндегі соңғы сандар (шартты түрде
«-ХХХ») кепілдік картада және мұздатқыштың бүйірінде
орналасқан мұздатқыштың тақтайшасында көрсетілген орындау
нөмірін білдіреді. Мұздатқыштың нұсқалары энерготиімділік
класымен және құлпының болуымен ерекшеленеді.
Тақтайшада және кепілдік картада мұздатқыштың зауыттық
нөмірі жазылған. Бұйымның шығарылған аптасын және жылын
анықтау туралы ақпарат кепілдік картасында берілген.
1.3 Мұздатқыш үй және ұқсас жағдайларда пайдалануға
арналған, нақты айтатын болсақ:
дүкендер, кеңселер қызметкерлерінің тамақ ішуге
арналған үй-жайларда және басқа да қызметтік үй-жайларда;
шаруа (фермер) қожалықтарында; қонақ үйлерде,
мотельдерде және басқа да тұрғындарға пайдалану үшін тұрғын
үй түрлерінде;
– таңғы аспен нөмір ұсынатын қонақ үйлерде;
қоғамдық тамақтану орындарында және басқа да осыған
ұқсас бөлшек сауда орындарында.
Ұйықтайтын бөлмелерде мұздатқышты пайдалануға бол-
майды. Мұздатқыштың жұмысы функционалдық шуылдармен
және дыбыстармен сүйемелденетінін ескеру керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұздатқышты пайдалануға бол-
атын үй-жайдың бұйымдағы R600а суытқыш агентінің 8 г-на
1 м
3
кем емес есебінен көлемі болуы тиіс. Суытқыш агенттің
салмағы мұздатқыштың тақтайшасында көрсетілген. Үй-
жайдағы желдету жүйесі жарамды болуы керек.
1.4 Мұздатқышта 1-суретке сәйкес басқару блогы қарасты-
рылған, ол температураны орнатуға, мұздатқышты қосуға/
өшіруге, «Супер мұздату» («SUPER») режимін қосуға мүмкіндік
береді, дисплейде жарық индикациясын қамтамасыз етеді.
1.5 Мұздатқыштың кейбір нұсқаларында құлып қарасты-
рылған. Құлыпты ашу кілтті сағат тіліне қарсы бұрумен, жабу –
сағат бойынша бұрумен жүргізіледі.
1.6 Мұздатқышты:
оның тақтайшасында көрсетілген климаттық класына
сәйкес келетін қоршаған орта температурасының диапазонында
пайдалану қажет;
температура диапазондарының климаттық кластарға
сәйкестігі 1-кестеде келтірілген;
– 75 % артық емес салыстырмалы ылғалдылық кезінде;
220-230 В номиналды кернеу диапазонында айнымалы
токтың электр желісінде номиналдыдан ±10 % кернеудің және
жиілігі (50±1) Гц ауытқуы кезінде.
Пайдаланудың өзге жағдайларында мұздатқыштың
жылу-энергетикалық сипаттамалары дайындаушы көрсеткен
талаптарға сәйкес келмеуі мүмкін.
Мұздатқышты үй-жайдан тыс немесе ылғалдылығы жоғары
үй-жайларда, сондай-ақ, су шашырайтын аймаққа орнатуға
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
1.7 Мұздатқыштың сипаттамалары бар техникалық парақ
2-кестеде келтірілген.
1-кесте – Климаттық кластар
Класс Нышаны
Қоршаған орта
температурасының
диапазоны,
0
С
Орташа кеңейтілген SN 10-нан 32-ге дейін
Орташа N 16-дан 32-ге дейін
Субтропиктік ST 16-дан 38-ге дейін
Тропиктік T 16-дан 43-ке дейін
1-сурет – Мұздатқыш және жиынтықтаушы бұйымдар
* Мұздатқыштардың кейбір моделдері жеткізу жиынтығына кіреді.
себет
есік
тұтқасы накладной*
құлып*
тұтқа
еріген суды ағызу реттегіші басқару
блогы
дөңгелек
тірек
тірек
реттелетін*
құлпы топсалы
таяқша
себет
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является

Похожие устройства

Скачать