Атлант 8038-101 Руководство по эксплуатации онлайн [20/24] 771816
![Атлант 8038-101 Руководство по эксплуатации онлайн [20/24] 771816](/views2/2003531/page20/bg14.png)
20
KAZ
5.4 ИНДИКАТОРЛАР
5.4.1 Мұздатқыштың 5-суретіне сәйкес индикаторлары бар:
– температура индикаторы (көк түсті). «MIN» бастап
«MAX» дейінгі мұздатқышта таңдалған температураны көрсете
отырып жанады. «Супер мұздату» режимін қосу кезінде, сондай-
ақ, мұздатқышты өшіру кезінде сөнеді;
– «Супер мұздату» режимінің индикаторы («SUPER») (көк
түсті). «Супер мұздату» режимі қосылғанда жанады. Режимді
сөндіргенде, сондай-ақ, мұздатқышты сөндіргенде өшеді;
– компрессор жұмысының индикаторы (жасыл түсті).
Компрессор жұмысы кезінде жанады, циклдік жұмыс істейтін
компрессор ажыратылған кезде сөнеді.
5.4.2 Мұздатқыштың жұмыс істеу барысында (батырмаларды
соңғы басқаннан кейін 30 минуттан кейін) индикаторларды
жарықтандыру біршама әлсіз болады – энергия үнемдеу режимі
қосылады. Кез келген батырманы басқан кезде жарық қайтадан
ашық болады.
5.5 МҰЗДАТҚЫШТЫ ҚОСУ
5.5.1 Мұздатқышты қосу үшін 3 секунд ішінде «OFF 3s»
батырмасын басып, ұстап тұру керек – басқару блогындағы
жарық индикаторлары жыпылықтайды және таңдалған
температураны, компрессордың жұмысын көрсететін болады.
5.5.2 Мұздатқыш «Сақтау» режимінде жұмыс істейді,
ол мұздатылған өнімдердің сапалы сақталуын және шағын
массадағы жаңа өнімдерді мұздатуды қамтамасыз етеді.
5.5.3 5.6 сәйкес температураны реттеуді жүргізу және қажет
болған жағдайда «Супер мұздату» режимін таңдау.
5.6 ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ
5.6.1 Мұздатқышта температураны реттеу «SET» батыр-
масын басу арқылы жүргізіледі. Батырманы әрбір басқанда
температура индикаторы индикация аймағында «MIN»–ден
«МАХ»-ге дейін жылжиды, одан әрі басқанда – «SUPER»
индикаторы жанады.
«MIN» бөлу мұздатқыштағы ең жоғары температураға (ең
аз салқындату), «NORMAL» бөлу – мұздатылған өнімдерді
сақтаудың орташа температурасына, «МАХ» бөлу – ең төмен
(ең көп салқындату) температураға сәйкес келеді.
5.6.2 Температураның таңдалған мәніне жету үшін, әсіресе,
бірінші қосқаннан кейін, сондай-ақ, мұздатқышты жинағаннан
кейін белгілі бір уақыт (2 сағаттан кем емес) қажет.
5.6.3 Мұздатқыштағы температура сақталатын және
жаңадан салынатын өнімдердің санына, есіктің ашылу жиілігіне,
үй-жайда мұздатқышты орнату орнына және т. б. тәуелді келеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр желісінде кернеу
беруді тоқтату мұздатқыштың келесі жұмысына әсер
етпейді. Электрмен қоректендіру жаңғыртылғаннан кейін
мұздатқыш бұрын белгіленген температурамен жұмыс
істеуін жалғастырады.
5.7 «СУПЕР МҰЗДАТУ» РЕЖИМІН ҚОСУ/ӨШІРУ
5.7.1 «Супер мұздату» («SUPER») режимі жаңа піскен
өнімдерді тез мұздатуға арналған. Мұздатқышты жаңа өнімдермен
толтырғанға дейін 24 сағат бұрын алдын ала қосу керек.
5.7.2 «Супер мұздату» режимін қосу «SUPER» индикаторы
жанғанша (температура индикаторы сөнгенше) «SET» батырма-
сын бірнеше рет басу арқылы жүргізіледі.
5.7.3 «Супер мұздату» («SUPER») режимін өшіру автоматты
түрде 52 сағаттан кейін немесе «SET» – индикаторын басумен
жүргізіледі – «SUPER» индикаторы өшеді және «MIN»
температурасы жанады. Температураны реттеуді 5.6 сәйкес
жүргізу керек.
5.8 МҰЗДАТҚЫШТЫ СӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨШІРУ
5.8.1 Мұздатқышты өшіру үшін «OFF 3s» батырмасын
3 секунд ішінде ұстап тұру керек – индикаторлар өшіріледі.
5.8.2 Мұздатқышты электр желісінен ажырату үшін
розеткадан қорек сымның ашасын алу керек.
6 МҰЗДАТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
6.1 ЖАҢА ПІСКЕН ӨНІМДЕРДІ МҰЗДАТУ
6.1.1 Мұздатқыш бөліміне мұздату үшін жаңа өнімдерді
орналастыру.
6-сурет
еріген суды ағызу реттегіші
тесік
а)
b)
Төселген өнімдер мұздатқыштың ішкі бөлімінің артқы
қабырғасына тимеуі тиіс.
6.1.2 Бір тәулік ішінде мұздатылатын жаңа піскен
өнімдердің салмағы өнімнің сапасын жоғалтуды және оларды
сақтау мерзімдерін қысқартуды болдырмау үшін мұздатқыштың
мұздатудың номиналдық қуатынан аспауы тиіс.
Мұздатқышта ауаның айналымын қамтамасыз ету үшін
өнімдер арасында бос орын болуы тиіс.
6.1.3 Жаңа піскен өнімдерді мұздату процесі 24 сағатқа
созылады: осы кезеңде мұздату үшін басқа өнімдерді қосу
ұсынылмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұздату үшін салынатын жаңа өні-
мдердің және мұздатылған өнімдердің температурасының
жоғарылауын және оларды сақтау мерзімдерінің қысқаруын
болдырмау үшін бұрын мұздатылған өнімдердің жанасуына
жол бермеңіз.
6.2 МҰЗДАТЫЛҒАН ӨНІМДЕРДІ ОРНАЛАСТЫРУ
6.2.1 Мұздатқыштағы төмен температура электр энергиясын
беру бұзылған жағдайда, мұздатқыш пен т. б. істен шыққан
кезде ұзағырақ сақталуы үшін мұздатылған өнімдерді бір-біріне
мүмкіндігінше жақын салу керек.
6.2.2 Азық-түліктерді сақтауға және мұздатуға арналған
себеттер мұздатқыштың ішіне ілінген.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұздатқыштан себеттерді алу ке-
зінде қолдың үсуін болдырмау үшін қорғаныш қолғаптарын,
қолғаптарды және т. б. қолдану керек.
6.2.3 Өнімдерді салу кезінде өнімдер аспалы себеттерден
тыс шықпауы тиіс.
6.3 МҰЗДАТҚЫШТЫ ЖІБІТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
6.3.1 Мұздатқышты еріту және тазалау мұздатқыштың
ішінде қалыңдығы 5-тен 7 мм-ге дейінгі тығыз қар жамылғысы
пайда болған кезде жүргізу ұсынылады. Қар жамылғысы азық-
түлікке суық беруге кедергі келтіреді.
Мұздату кезінде мұздатқыштың ішкі беттерінен қардың
қақпағын алу үшін 1-суретке сәйкес пластикалық шпатель
қолданылады.
Тоңазытқыш агрегаттың зақымдануын болдырмау үшін
қар жамылғысын жоюға арналған металл заттарды қолдануға
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Мұздатқышты әрбір жібітуден кейін үнемі тазалап отыру
керек.
6.3.2 Мұздатқышты еріту және тазалау үшін не істеу қажет:
– электр желісінен мұздатқышты ажыратып, розеткадан
қуат сымын шығару;
– өнімдер мен жиынтықтауыштарды алып шығару;
– мұздатқыштың есігін ашық қалдыру;
– еріген суды ағызу реттегішін өзіңе қарай тарту және 180°-қа
бұру, төмен бұрау (6-сурет);
– еріген суды жинау үшін реттегіштің астына ыдыс қою;
– мұздатқыштың ішіндегі еріген суды ағызу үшін тығынды алу;
– 4.3 сәйкес мұздатқышты жуу, кептіріп құрғату.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұздатқыштың есігін жабу
кезінде жарақат алуды болдырмау үшін есікті ұстаңыз.
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является
Содержание
Похожие устройства
- Атлант 7606-580 N Руководство по эксплуатации
- Атлант 7606-142 N Руководство по эксплуатации
- Атлант 7606-180 N Руководство по эксплуатации
- Атлант 7606-102 N Руководство по эксплуатации
- AC Electric ACEG-12HN1 Руководство по эксплуатации
- AC Electric ACEG-09HN1 Руководство по эксплуатации
- AC Electric ACEG-07HN1 Руководство по эксплуатации
- Атлант 6025-080 Руководство по эксплуатации
- Атлант 1602-100 Руководство по эксплуатации
- Asko CM8477S Руководство по эксплуатации
- Ariete 980 GRAN GUSTO 10 LT Руководство по эксплуатации
- Tefal TW3999 Руководство по эксплуатации
- Tefal TW3981EA Руководство по эксплуатации
- Tefal IT2460E0 Руководство по эксплуатации
- Solis Teppanyaki Home Руководство по эксплуатации
- AC Electric ACMM 2-150-1.5 Руководство по эксплуатации
- AC Electric ACMC 2-18-850 Руководство по эксплуатации
- AC Electric ACMC 2-18-500 Руководство по эксплуатации
- AC Electric ACMC 2-18-700 Руководство по эксплуатации
- AC Electric ACMC 2-18-250 Руководство по эксплуатации