Polaris PMC 0521 [54/71] Құрылғыны wifi зауыттық баптауларына қайтару

Polaris PMC 0521 [54/71] Құрылғыны wifi зауыттық баптауларына қайтару
53
Құрылғыны wifi зауыттық баптауларына қайтару
«САҒАТ» және «МИНУТ» батырмаларын үш дыбыстық дабыл шыққанға дейін басып, ұстап тұрыңыз - құрылғы зауыттық WiFi баптауларына оралады.
5. БАТЫРМАЛАРМЕН БАСҚАРУ КЕЗІНДЕ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Құралды пайдалануды бастар алдында Нұсқаулықты мұқият оқыңыз және оның нұсқауларына жүгініңіз.
құралды бірінші рет қосқан кезде өндіріс кезінде пайдаланылған майдың қалдықтарының жануымен байланысты түтін пайда болуы мүмкін.
Назар аударыңыз! Ағымдағы уақытты күйге келтіру және көрсету қарастырылмаған.
5.1. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Бөгде иістерді жою үшін бірінші қолдану алдында мультиваркадағы суды үштен бірге толтырып 30 минут бойы қайнату арқылы ("Буда пісіру") температуралық режимде
қайнату ұсынылады. Өңдеу аяқталғаннан кейін құралды желіден өшіріңіз, қақпағын ашып, суытыңыз, ыдыстағы суды төгіп, құралды құрғатып сүртіңіз де, оны қақпағын
ашық күйде кебуге қалдырыңыз. Қақпақтың екі жағынан нығыздағыш сақинасын өсімдік майына малынған сүлгімен, содан кейін лимон шырынымен суланған сүлгімен
сүртіңіз. Назар аударыңыз: нығыздағыш сақина шешілмейді.
1.Батырмасын басып, қақпақты ашыңыз
Құралдың ішкі және сыртқы бөліктері қаптамадан ашылғанына және ластанудың жоғына көз жеткізіңіз.
Мультиваркадан ыдысын алыңыз.
Назар аударыңыз: осы үлгінің майыспаған және ақаулығы жоқ тек түпнұсқалық ыдысын қолданыңыз, оны басқа
мультиварканың ыдысымен немесе басқа сыйымдылықпен алмастырмаңыз. Бұл құралдың ақаулығының себебі
болуы мүмкін.
Ыдыс пен қыздыру беті арасында бөтен заттар немесе сұйықтықтар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
2.Қажетті тағамды ыдысқа салыңыз
(«Қуыру», «Омлет» бағдарламаларынан
басқа).
Пісіру бағдарламаларының сипаттамасындағы тағам пісіру рецепті мен нұсқауларын орындаңыз.
"Қуыру" және "Омлет" бағдарламаларында тағамды жұмыс температурасына дейін алдын ала қыздырғаннан кейін
ғана ыдысқа салыңыз. «Қуыру» бағдарламасында қыздыру құрылғының ішінде бос ыдыс орнатылған, ыдыстың
түбінде аз мөлшердегі маймен іске асырылады. "Омлет" бағдарламасында ыдысқа қалауыңыз бойынша май
құйыңыз. Қыздыру кезінде құралдың қақпағы жабық болуы керек.
Бұл бағдарламаларда жұмыс температурасына жеткен кезде мультиварка дыбыстық дабыл береді. Бұл жағдайда
пісіру уақытының кері санағы дыбыстық дабылдан кейін басталады. Белгіленген температураға дейін жылыту ұзақ
уақытты алады (20 минутқа дейін). Жылытқан кезде қақпақ жабылуы керек.
3.Ыдысты мультиваркаға орнатыңыз.
Ыдыстың қыздыру элементіне дұрыс қойылғанына көз жеткізіңіз.
Мультиваркадағы ішкі тостағанын қыздыру бетіне қажетті күйде нық орнатылғанша екі жаққа сәл бұрыңыз.
4.Мультиварканың қақпағы пісіру
бағдарламасы мен рецепт ұсынысына
байланысты ашық немесе жабық күйінде
қалуы мүмкін
Әр бағдарламаның сипаттамасында көрсетілгендей қақпақты орналастыру бойынша ұсыныстарды орындаңыз.
Назар аударыңыз! Егер қақпақ дұрыс орналаспаған болса, нәтиже талаптарға сәйкес келмеуі мүмкін.
5.Мультиварканы желіге қосыңыз.
Жоғарыда көрсетілген ұсыныстар орындалмаса, құрылғыны розеткаға қоспаңыз.
Дисплейде индикация (- - - -) жанады.
Құрал күту режимінде болады.

Содержание

Скачать