Polaris PMC 0526 Руководство по эксплуатации онлайн [131/147] 771888

Polaris PMC 0526 Руководство по эксплуатации онлайн [131/147] 771888
131
1. Батырмаға басып, құралдың қақпағын ашыңыз.
Құралдың ішкі және сыртқы бөліктерінің орамадан толық алынғандығына және ешқандай
кірленбегендігіне көз жеткізіңіз.
Ішкі тостақ пен қызыдыру қабатының арасында сүйықтық төгіліп қалмағанына немесе ешқандай
бөгде заттардың жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
2. Тағамды қуыруға арналған майды тостаққа құйыңыз.
Майдың мөлшері 0,5 литрден артық болмауы керек.
3. Тостақты мультипісіргішке орнатыңыз.
Әрдайым тостақтың өз орнына қисаймай орнықты тұрғандығына көз жеткізіңіз.
4. Құралды іске қосыңыз.
Дисплейдің көмескі жарығы жанады да, “СТАРТ” сенсорлық батырмасының индикаторы
жыпылықтай бастайды.
5. “МӘЗІР” сенсорлық батырмасына басу арқылы «Майға
қуыру» бағдарламасын таңдаңыз.
Дисплейдің бетінде «Майға қуыру» жазбасы мен таймер жыпылықтай бастайды.
Жыпылықтап тұрған таймерде аталмыш әзірлеу бағдарламасы үшін белгіленген уақыт режимі
бойынша уақыт көрініс табады – ол 5 минутты құрайды.
Белгіленген температуралық режимі бойынша әзірлеу температурасы жанады -160ºС.
6. Тағамның рецептісіне сәйкес әзірлеу уақытысын орнатыңыз.
Әзірлеудің уақыт диапазоны 3 минуттан бастап 25 минутқа дейін өзгеруі мүмкін, сонымен уақыт 1
минут қадамымен орнатылады.
Мына“
және сенсорлық батырмаларына басу арқылы әзірлеу уақытысын орнатыңыз.
Әзірлеу уақытын орнатқан кезде дисплейдің бетінде таймер және бағдарламаның атауы
жыпылықтай бастайды.
7. Тағамның рецептісіне сәйкес әзірлеу
температурасын
орнатыңыз.
Әзірлеу температураның диапазоны тағам әзірлеудің рецептіне қарай 150°С градустан бастап 170°С
градусқа дейін өзгеруі мүмкін, 10°С градус қадамымен.
“ТЕМПЕРАТУРА” сенсорлық батырмасына басыңыз, дисплейдің бетінде температураның мәні
жыпылықтай бастайды.
Мына“
” және сенсорлық батырмаларына басу арқылы әзірлеу температурасын
орнатыңыз.
Әзірлеу температурасын орнатқан кезде дисплейдің бетінде температураның мәні және
бағдарламаның атауы жыпылықтай бастайды.
8. Әзірлеу бағдарламасын іске қосыңыз.
Бағдарламаны жаңадан енгізілген параметрлермен іске қосу үшін “СТАРТ” сенсорлық батырмасына
басыңыз.
Құрал дыбыстық сигнал шығарады.
Әзірлеу үдерісі бойы дисплейдің бетінде бекітілген температуралық мәні, “СТАРТ” сенсорлық
батырмасының индикаторы мен бағдарламаның атауы жанады да, әзірлеу уақыт бойы әрдайым
жанып тұрады.
Сондай-ақ “ЖЫЛЫТУ/БОЛДЫРМАУ” сенсорлық батырмасының индикаторы жанады, бұл
бағдарламаның жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, құрылғы автоматты түрде ЖЫЛЫТУ режиміне
өтетіндігін білдіреді.
Мультипісіргіш жұмыс уақыты аяқталғысымен дыбыстық сигнал шығарады.
9. Құралдың тостағына, ол қызғаннан кейін қажетті
қоспалардың барлығын салыңыз.
Мультипісіргіш жұмыс температурасына жеткен соң дыбыстық сигнал шығарады.
Дисплейдің бетінде әзірлеу уақытының кері есебі көрініс табады.
Қуыру барысында тағамның күйіп қалмауын алдын алу үшін және оның дайындығын қадағалау
үшін өнімдерді араластыру қажет.

Содержание

Скачать