Polaris PMC 0526 [96/147] Құрылғының техникалық сипаттамалары 144 15 сертификаттау жөніндегі ақпарат 144 16 кепілдік міндеттемелер 145

Polaris PMC 0526 [96/147] Құрылғының техникалық сипаттамалары 144 15 сертификаттау жөніндегі ақпарат 144 16 кепілдік міндеттемелер 145
96
14. Құрылғының техникалық сипаттамалары ……………………………………………………………………………………………….………………………………………………
144
15. Сертификаттау жөніндегі ақпарат ………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
144
16. Кепілдік міндеттемелер ………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
145
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, үлгісі PMC 0526 IQ Home POLARIS сауда таңбасымен шығарылатын, тағамдық өнімдерді пісіріп немесе қуырып әзірлеу үшін арнайы арналған
тұрмыстық электрлі әмбебап ас әзірлегіш құрылғы (бұдан әрі мәтін бойынша –әмбебап ас әзірлегіш құрылғы, құрылғы), жөніндегі техникалық деректері мен сипаттамаларымен,
оның құрылғысымен, сонымен қатар құрылғыны сақтау және пайдалану бойынша ережелермен танысуға арналған.
2. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ
Бұл тұрмыстық электрлі әмбебап ас әзірлегіш құрылғы тек қана үйде, тұрмыстық мақсатта осы пайдалану жөніндегі Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес, тұрғын ғимаратында,
қалыпты болып саналатын ылғалдық пен температурада, тек тұрмыста және соған ұқсас жағдайларда ғана пайдалануға арналған:
дүкен қызметкерлерінің тамақтанатын орындарында, кеңселерде, фермерлік шаруашылықта және басқа да жұмыс орындарында;
тұрақты тұруға арналған тұрғылықты мекенжайларда, сонымен қатар тұруға арналған қонақ үйлерде, сондай-ақ, тұтынушылардың уақытша тоқтайтын, тамақтанатын
және бос уақыттарын өткізетін қонақжай мен мейманхана сияқты және басқа да тұруға арналған жанұялық демалыс орындарында;
түнеуге және таңғы асты ішуге арналған орындарда пайдалануға арналған.
Бұл тұрмыстық электрлі әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны өнеркәсіптік және коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады, сондай-ақ, бұл құрылғы тамақ емес
өнімдерді өңдеуге арналмаған.
Өндіруші осы пайдалану жөніндегі Нұсқаулықта қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде туындаған залал үшін жауапты емес.
3. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
PMC 0526 IQ Home мультиваркасы - бұл тағам дайындауға арналған жаңа буынның қазірі заманғы көп функционалды құралы. бір өзіне плита, тұмшапеш, буқазаны қызметін
үйлестіре отырып, мультиварка сізге асүйдегі орынды үнемдеуге көмектеседі. Мультиваркамен сіз өзіңіздің сүйікті асыңызды жеңіл және жылдам пісіре аласыз. Мультиварканың
20 автоматтық бағдарламасы және "Менің рецептім PLUS" күйге келтірілетін тоғыз сатылы режимі бар.
"Менің рецептім Plus" қызметі арнайы шығармашылық адамдар үшін жасалған. Температураны және пісіру уақытын өздігінен орнату мүмкіндігінің арқасында бұл функция сізге
шынымен де қарапайымнан бастап аспаздық шедеврлерге дейін әртүрлі тағамдарды дайындаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.
Сіз қашықтан басқару пультінің, кешіктіріп бастау және автоматты қыздыру функцияларының артықшылығын жылдам бағалайсыз, ол сізге тағамды белгілі бір уақытта дайындауға
және оны пісіргеннен кейін жылы ұстауға мүмкіндік береді.
PMC 0526 IQ Home мультиваркасында құрылғыны қашықтан басқарудың ерекше мүмкіндігі қарастырылған, ол үй аспаздығын жаңа деңгейге көтереді.
WiFi-мен жұмыс істеу үшін сізге "POLARIS: IQ home» мобильді қосымшасын жүктеу қажет.

Содержание

Скачать