Polaris PMC 0526 Руководство по эксплуатации онлайн [138/147] 771888

Polaris PMC 0526 Руководство по эксплуатации онлайн [138/147] 771888
138
Су-Вид
Бекітілген уақыт: 2 сағат, температура 75 ° C
Уақытты реттеу: 3 минуттан бастап 12 сағатқа дейін, 5 минут қадамымен.
Температуралық мәні: 48-85°С, қадамы 1 ° C
Ия
Жабық
Сұлы жарма
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 15 минут.
Уақытты реттеу: 5 минуттан бастап 1 сағатқа дейін, 5 минут қадамымен.
Температуралық мәні: 95-99°С.
Ия
Жабық
6.
Құралды тазарту және күту
Тағам әзірлеп болғаннан кейін әрдайым мультипісіргішті тағамның қалдықтарын алып, тастаңыз да ластанудан тазартыңыз.
Мультипісіргіштің ластанған жерін, кір бөліктерін тазарту үшін метал сымы бар қылшақтарды және еріткіштерді қолданбаңыз.
Егер де тағамның қалдықтары ішкі тостаққа жабысқан болса, оны жуудың алдында сумен толтырыңыз. Ішкі
тостақты жуып болғаннан кейін оны құрғата сүртіңіз.
Құралдың сыртқы бөлігін суға батырмаңыз. Құралдың сыртқы корпусын тазарту үшін ыдыс жууға арналған
дымқыл, жұмсақ сыққышты немесе матаны пайдаланыңыз.
Мультипісіргіштің ішкі қақпағы алынбалы құрылымға ие. Оны шешіп алу үшін қақпақты бекіту тетіктеріне саусақпен
басып, бекіткіштерді ұстай, қақпақтың жоғарғы саңылауынан шығара өзіне қарай тарту қажет (суретті қараңыз).
Әрбір тағам әзірлеп болғаннан кейін алынбалы қақпақты ыдыс жууға арналған сыққышты пайдалана отырып,
бейтарап, сабынды ерітіндіде жууға кеңес беріледі.
Ішкі тостақ пен буда пісіру-контейнерін ыдыс жуғыш машинасында жууға рұқсат етіледі. Ыдыс жуғыш машинаны
пайдалану барысында тостақтың машинаның құрамдас бөліктеріне зақымдалмауын қадағалаңыз. Алюминий
жабындысынан жасалған тостақтың бүлінуін алдын алу үшін ыдыс жуғыш құралына берілген нұсқаулықты, қолданылатын тазарту құралдарының сипаттамасын басшылыққа
алыңыз.
Тостаққа сірке қышқылын құймаңыз, бұл тостақтың бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін.
Бірнеше уақыттан кейін тостақтың түсі өзгеруі мүмкін, бұл су мен тазарту құралдарына тікелей
байланысты. Бұл қалыпты нәрсе болып табылады, мультипісіргішті еш қауіпсіз одан әрі пайдалануға
болады.
Құралды тазарту үшін абразивті құралдарды ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
Бу шығаратын клапаны да алынбалы құрылымға ие, оның бітелуін болдырмау үшін тұрақты түрде
сумен тазарту қажет (суретті қараңыз).
Әрбір әзірлеу үдерісінен кейін құралдың артқы бөлігінде орналасқан конденсатты қабылдау
құралын шешіп, босату қажет. Оны жуып, құрғатыңыз да, орнына орнатыңыз.

Содержание

Скачать