Galaxy GL2624 [17/20] Егер электр құралы істен шықса оны өздігіңізден жөндеуге тырыспаңыз

Galaxy GL2624 [17/20] Егер электр құралы істен шықса оны өздігіңізден жөндеуге тырыспаңыз
САҚТАУ, ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
- Құралды құрғақ, салқын, балаларға және жануарларға қолжетімді емес
жерлерде, 0-нан +40 °С-қа дейінгі температурада және 80%-дан аспайтын
ауаның салыстырмалы ылғалдылығында сақтау ұсынылады.
- Тазалау алдында электр құралын желіден ажыратыңыз және оны әбден
суытыңыз.
- Электр құралының корпусын дымқыл матамен сүртіңіз және құрғатыңыз.
- Тұмпапештің ішкі қабырғалары мен есікшесін дымқыл ысқышпен немесе
матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз. Тұмпапештің ішкі қабы-
рғалары мен есікшелері тым қатты ластанған жағдайда аздаған мөлшер-
дегі жуғыш құралды қолданыңыз, содан кейін оны ластанғандармен бірге
дымқыл матаның немесе ысқыштың көмегімен әбден сүртіп кетіріңіз және
құрғатып сүртіңіз.
- Керек-жарақтарды (ұстағышты, қаңылтыр табаны және торды) ыстық
суда жуғыш құралды қолданумен жуыңыз. Керек-жарақтар ыдыс-аяқ жу-
атын машинада жууға жарамды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралын тазалау үшін қажағыш тазатқыш
құралды, металл шөткені немесе электр құралының және керек-жарақтар-
дың жабындарын бүлдіруі мұмкін басқа да заттарды қолданбаңыз
Егер электр құралы істен шықса, оны өздігіңізден жөндеуге тырыспаңыз.
Міндетті түрде авторландырылған сервистік орталыққа баруды ұсынамыз.
Бүлінулерге жол бермеу үшін құрылғыны тек зауыттық қаптамада ғана та-
сымалдау керек болады. Тасымалдаудан немесе құрылғыны төмендетілген
температурада сақтаудан кейін оны бөлме температурсында кем дегенде
екі сағаттай ұстау қажет.
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Құралдарды қате кәдеге жарату қоршаған ортаға түзелмейтін зиян
келтіреді. Ақаулы құралдарды, сонымен бірге қуат берудің пайда-
ланылған элементтерін тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Осы мақсаттар үшін мамандандырылған құралдарды кәдеге жарату
бекетіне жүгініңіз. Тұрмыстық құралдар мен пайдаланылған қуат беру эле-
менттерін қайта өңдеу үшін қабылдау бекеттерінің мекен-жайларын Сіз өз
қалаңыздың муниципалдық қызметтерінен ала аласыз.
KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Содержание

Похожие устройства

Скачать