Centek CT-1771 [19/28] Құралды орнату

Centek CT-1771 [19/28] Құралды орнату
18
4. ҚҰРАЛДЫ ОРНАТУ
1. Тасымалдау кезінде құралдың тегіс жерге қойылуы қамтамасыз етілуі тиіс.
Құралды аудармаңыз. Құрал 450 бұрышынан артық еңкейтілмеуі тиіс.
2. Бұл құралды қуыстарға кіргізуге немесе орнатуға болмайды.
3. Құралды температурасы мен ылғалдылығы тым жоғары бөлмелерге
орнатпаңыз.
4. Мұздатқыш камераның артқы және бүйірлік жақтарының аралығына кем
дегенде 10 см саңылау қалдырыңыз, бұл ауаның циркуляциясына мүмкіндік
береді.
5. Құралды тіке түсетін күн көзінен және жылу көздерінен қорғалған орынға
орнатыңыз. Тіке түсетін күн көздері оның акрил қабығын бұзады, ал жылу
салдарынан электр энергиясын көп тұтына бастайды. Қоршаған орта
температурасының өте төмен болуы да құралдың дұрыс жұмыс жасамауына
алып келеді.
6. Құралды розеткаға қосқаннан кейін азық-түлікті орналастырмас бұрын, ол
2-3 сағаттай салқындап тұруы тиіс.
5. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
ТЕМПЕРАТУРАНЫ ОРНАТУ
1. Аспаптағы температура оң жақтағы төменгі бұрышта орналасқан басқару
панелінің (5) көмегімен реттеледі.
2. Басқару панелі жасыл және қызыл түсті екі индикатор түрінде жасалған.
POWER индикаторы аспаптың желіге қосулы екенін білдіреді. Белгіленген
температура термостаттың тұтқасымен реттеледі.
3. COOLING салқындатуды білдіреді (температура 0 °С - 10 °С). Аспап
тоңазытқыш секілді жұмыс жасайды.
4. FREEZING мұздатуды білдіреді (температура -12 °С - (- 24 °C)). Аспап
мұздатқыш ларь секілді жұмыс жасайды.
5. SUPER қалпына бұру кезінде аспап тез мұздату режиміне көшеді және сіз
тұтқаны басқа қалыпқа бұрғанға дейін компрессор тоқтамайды.
НАЗАР АУДАРЫңЫЗ!
Егер құрал айырулы болса, қайта қоспастан бұрын 3-5 минуттай күту қажет.
Егер құралды аталған интервалды сақтамай қосатын болсаңыз, қуаттандыру
элементтері мен компрессоры бұзылуы мүмкін.
Мұздатқышқа шамадан тыс көп тамақ салынғанда, дұрыс салқындатпауы мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать