Scarlett SC-SI30P16 Руководство по эксплуатации онлайн [11/24] 772245
![Scarlett SC-SI30P16 Руководство по эксплуатации онлайн [11/24] 772245](/views2/2003960/page11/bgb.png)
IM020
www.scarlett.ru SC-SI30P16
11
НАЗАР: Қоректену жүйесінің шамадан артық жүктелуіне тап болмау үшін, үтікті басқа қуатты электр
аспаптармен бірге бір электр жүйесінің желісіне іске қоспаңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» –
жасап шығарылған жылы.
ТАБАН
«Simple Pro» табаны – бұл үтіктеу барысында жұмыстың оңай болуына жетіп, сондай-ақ матаны аялай
қорғау үшін Scarlett компаниясының мамандарының алдыңғы қатарлы әзірленімі.
Үтіктің жеңіл сырғанауы бу шығатын тесіктердің оңтайлы түрде орналасуы есебінен қалыптасатын «бу
жастығының» көмегімен қамтамасыз етіледі
Қорғау – күюден қорғалған полимер жабынның арқасында сіздің заттарыңыз бүлінуден сақтандырылған.
ДАЙЫНДАУ
Аспап киімді және матадан тігілген басқа бұйымдарды үтіктеуге арналған.
Үтіктің кейбір бөлшектеріне жасалу кезінде май жағылады, сондықтан алғашқы қосу барысында үтік аздап
түтіндейді. Біраз уақыттан кейін түтін жоғалады.
ЖҰМЫС
ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ ТӘРТІПТЕР
Жұмысты бастар алдында, сіз үтіктемекші болған бұйымда осы нақты бұйымды өңдеу нұсқауларының
ярлыгінің барына көз жеткізіңіз; оларды бұлжытпай ұстаныңыз.
Термо реттегішті Сіз үтіктемекші болған мата үлгісіне лайықты күйге орнатыңыз:
БЕЛГІШЕ
МАТА ҮЛГІСІ
Бұйым үтіктеуге ұсынылмайды.
•
Синтетика, Нейлон, Акрил, Полиэстер, Вискоза
••
Жүн, Жібек
•••
Мақта, Зығыр
Барынша көп температура (булау)
ҮтіктіэЭлектр жүйесіне қосыңыз. Қызудың жарықты индикаторы жанады.
Индикатор өшкенде, үтіктеуді бастауға болады.
СУҒА АРНАЛҒАН РЕЗЕРВУАР ТОЛТЫРУ
Су құяр алдында үтікті электр жүйесінен ажыратып тастаңыз.
Үтікті горизонтальды қойыңыз (ұлтанға).
Резервуарға ұқыппен су құйыңыз.
Ереуінен асып кетпуі үшін резервуардағы белгіден жоғары су құймаңыз.
Су құюға арналған саңылау үтікті пайдаланған кезде ашық тұрмауға тиіс.
Сауытқа суды қайтадан құйған кезде үтікті әрқашан да электр желісінен ағытыңыз.
НАЗАР: үтік құбырдағы суды қолдануға есептелген. Бірақ тазаланған суды құю жақсырақ, әсіресе, егер
құбырдың суы өте қатты болса.
Су құятын ыдысқа химиялық түрде жұмсартылған су құймаңыз және хош иістендіретін үстемелер
пайдаланбаңыз.
Егер су құбырындағы су тым кермек болса, тек тазартылған немесе минералсыздандырылған су құйыңыз.
Жұмыс соңында резервуардан суды әрқашан толық кетіру қажет.
ШАШЫРАТУ
Шашыратуды, егер резервуарда су жеткілікті болса, жұмыстың кез келген тәртібінде қолдануға болады.
Бұл үшін шашырату ноқатын бірнеше рет басыңыз.
БУЛАУ
Үтікті электр жүйесінен сөндіріңіз де резервуарға су құйыңыз.
Үтікті үітітеуіш тақтайға тік қойыңыз және электр жүйесіне қосыңыз.
Термо реттегішті “••” немесе “•••” орнатыңыз.
Булау дәрежесін реттегішті таңдап алынған күйге орнатыңыз.
Жұмыс біткеннен кейін термо реттегішті ең аз күйге аударыңыз және үтікті электр жүйесінен ажыратып
тастаңыз.
НАЗАР: Күйіктерден абай болу үшін үтік ұлтанындағы тесіктерден шығатын бу тиуіне жол бермеңіз.
ҚҰРҒАҚ ҮТІКТЕУ
Сіз құрғақ тәртіпте үтіктей алаcыз, тіпті егер резервуар сумен толтырылған болса да. Бірақ ұзаққа
созылған жұмыс барысында бұл тәртіпте резервуарға өте көп су құю ұсынылмайды.
Булау дәрежесін реттегішін ең аз күйге орнатыңыз 0.
НАЗАР: Егер жұмыс уақытына сізге булауды қолдану қажет болса, ал резервуарда су жоқ болса, үтікті
электр жүйесінен сөндіріңіз де ол суығанша күтіңіз, тек содан соң су құйыңыз.
Содержание
Похожие устройства
- Samsung WW80R62LVEWDLP Руководство по эксплуатации
- Samsung WW80R42LHFWDLP Руководство по эксплуатации
- Samsung WW70J42G0LWDLP Руководство по эксплуатации
- iBoto Smart Х615GW Aqua Руководство по эксплуатации
- Schaub Lorenz SLW MW6131 Руководство по эксплуатации
- Timberk THU UL 32M (W) Руководство по эксплуатации
- Timberk TEC PF1 M1000IN Руководство по эксплуатации
- Thomas Super 30 (788 079) Руководство по эксплуатации
- Thomas Power Pack 1620 C (786203) Руководство по эксплуатации
- Thomas PRESTIGE 20 S Aqufilter Руководство по эксплуатации
- Thomas Multiclean X 10 Parquet Руководство по эксплуатации
- Thomas PerfectAir Allergy Pure 786526 Руководство по эксплуатации
- Samsung RT43K6000EF Руководство по эксплуатации
- Thomas TWIN XT (788565) Руководство по эксплуатации
- Thomas MISTRAL XS 786520 Руководство по эксплуатации
- Thomas crooSer One LE (784026) Руководство по эксплуатации
- Tefal KI240D Express control Руководство по эксплуатации
- Redmond RJ-910S-E Руководство по эксплуатации
- Redmond SkyCooker CBD-100S Руководство по эксплуатации
- Redmond SkyHeat 7003S CIS GB2 Руководство по эксплуатации