Polaris PHB 1589AL Руководство по эксплуатации онлайн [22/47] 772282

Polaris PHB 1589AL Руководство по эксплуатации онлайн [22/47] 772282
22
Алынбалы пышақтары бар блендерлік қондырмасын (Е) блендер ұстағышының (D)
сыртқы корпусына кигізіп, оны бекітіңіз.
Блендерлік қондырмасының пышақтары тағамдық өнімге түсірілмейінше құралды
қоспаңыз.
Құрылғының электр желілік баусымның штепсельдік айыртетігін ашалы розеткаға
жалғастырып қосыңыз. Блендерді мықтап ұстап тұрыңыз, оны іске қосу алдында,
блендердің жұмыс бөлігін азық өнімдер салынған ыдысқа салыңыз, яғни
араластырылатын тағам өнімдеріне батырыңыз (азық-түлік салынған ыдыс-аяқтың
ернеуінің биік болғаны дұрыс).
Блендер құрылғының жұмыс жылдамдығын реттейтін арнайы реттегіштің (А)
көмегімен қажетті жылдамдықты, яғни қондырманың айналу жылдамдығын
таңдаңыз, таңдап алған жылдамдықта жұмыс жасау үшін (B) батырмасын басыңыз.
Блендер құрылғының жұмыс жылдамдығын реттейтін арнайы реттегіші (А) тек қана
жылдамдық режимнің (В) батырмасы үшін белсенді. Сондай-ақ, блендер
құрылғының жұмыс жылдамдығын, яғни қондырманың айналу жылдамдығын,
жұмыс үдерісі кезінде (B) жылдамдық режимінің батырмасын басу арқылы да,
реттеуге болады.
Ең жоғары қуаттылықпен жұмыс жасау үшін Turbo (С) максималды жылдамдық
режимін қосуға арналған батырмасын пайдаланыңыз. Құрылғының жұмыс
жылдамдығын реттейтін арнайы реттегіші (А) Turbo (С) батырмасы үшін белсенді
емес.
Жұмыс аяқталғаннан кейін блендерді сөндіріңіз де, оны ыдыс-аяқтан шығарып
алыңыз.
Құрылғының электр желілік баусымның штепсельдік айыртетігін электр желісінен
ажыратып алыңыз да, пышақтары бар алынбалы блендерлік қондырмасын тазалау
үшін бөлшектеңіз.
Ұсақтағышының сипаттамасы.
Ұсақтағышының көмегімен Сіз шикі және пісірілген көкөністерді, ірімшікті және пісірілген
етті ұсақтап немесе майдалап турай аласыз.
Назар аударыңыздар! Кофе дәндерін, дәмдеуіштердің қатты дәндерін, мұз және т.б. осы
секілді қатты өнімдерді үгітпеңіз, өйткені олар пышақтардың сынуына әкеп соғуы мүмкін.
Құрылғының ұсақтағыш бөлігін пайдалану
Пісірілген етті сүйегінен ажыратып алыңыз, етті кесектеп 1-2 см етіп тураңыз.
Комбайнның (ұсақтағышының) пышағын (O) комбайндағы тостағанның
қадауына/істігіне (N) орнатыңыз.

Содержание

Скачать